ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДАҒЫ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ
Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалды бағалау– бұл оқушылардың білім мазмұнымен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптас- тыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын ала оқушылардың барлығына белгілі, білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым- қатынаста болу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған.
Критериалды бағалау сабақтың өнбойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады. Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады.
Қазіргі таңда білім саласының басты мақсаты құзіретті, жан- жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып, дамыту. Жас жеткеншектердің өз оқу үдерісін жоспарлап, іс-әрекеттеріне баға беріп, қиындық тудырған мәселелерді шешу жолдарын табу басты орынға ие. Көп жағдайда көптеген мұғалімдер өз тәжірибелерінде 5-балдық жүйені қолданып келеді. Оқушылардың іс-әрекеті мен білімін тексеретін бұл әдіс объективті түрде оқушының дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндікбермейді. Сондықтан оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда жаңаша әдістіқолдану талпынысы жасалынып жатыр. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесінінің орны ерекше. Критериалды бағалау жүйесі оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты орнатып, оқу үдерісі барысында қателіктерді дұрыстауға мүмкіндік береді, оқушының оқуға деген ішкі уәжіноятып, дамытатын құралболып табылады. Критериалды бағалау– нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және оқушылар, ата-аналар мен педагогтар үшін түсінікті, білім мазмұнына және мақсатына сәйкес процесс. Бағалау критерийлері – оқытудың мақсатын және арақатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама). Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы.
Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылар әрбір пәннің бағалау критерилерімен танысып, хабардар болады. Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
- әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
- білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
- оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы.
- бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
- оқушы білімінің жүйеленуі, тереңдеуі, есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
- білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
- оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
- оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б);
- оқушының білімін ағымдықжәне қорытыныды бағалау;
- баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Тәжірибелік маңыздылығы:
  • жеке тұлға емес, оқушының жұмысыбағаланады;
  • оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
  • бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады;
  • өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі болады;
  • оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауғаынтасы артады.
Сабақ үдерісінде пайдалануға болатын критериалды бағалау үлгісі төмендегідей:
Осы критерийлер мен дескрипторлар негізінде ұпай санын мектеп бағасына айналдыру шәкілі төмендегідей:
Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушының тұлғалық бағыты белсенді позицияға бағытталады, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткізуге болады, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасы кез келген кезеңде анықталады, әр түрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткізуге мүмкіндік туады.

Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Критерий және критериалды бағалауұғымы нені білдіреді?
2. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі қандай?
3. Критериалды бағалаужүйесінің тиімділігі қандай?
4. Критериалды бағалаужүйесінің міндеттері қандай?
5. Критериалды бағалаужүйесінің тәжірибелік маңыздылығы неде?
6. Дескриптор деген не? Оның критериалды бағалау жүйесімен өзара байланысы қандай?
7. Критериалды бағалаудың «мұғалім» – «оқушы» – «ата-ана» үштігі үшін тиімді жақтары қандай?
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
«Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды. Сондықтан оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеру қажет. Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-өзімен, сондай-ақ, қоғамдық міндеттер мен қиндылықтармен де еш байланыссыз тәртіпсіз шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды», – дейді А.Найн.
Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеяларының жаңаруы білім мен тірбиенің қоғамдағы орны мен рөлінің дамуына да ықпал етеді. ХХІ ғасырда оқу-тәрбие үдерісінде білім құндылығының негізін құрайтын төрт факторға ерекше көңілбөлінеді. Олар: бірліктеөмір сүруге үйрену,білімді меңгеру, еңбек етуге үйрену, өмір сүруге үйрену. Әлемде болып жатқан жаңару үдерісі негізінде өркениетке ұмтылған әр мемлекет заманауи құндылықтарды ескере отырып, оқу-тәрбие үдерісін түбегейлі өзгертуге ұмтылады.

Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттары қандай?
2. Инновациялық педагогиканың алғышарттарын атаңыз.
3. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану қандай кезеңдерарқылы іске асады? Талдаңыз.
4. Жаңа педагогикалық технологияны қолданудың, басты ұстанымдары қандай?
5. Дәстүрлі білім беру мен инновациялық білім беру жүйесін кесте арқылы салыстырып, талдау жасаңыз.
6. Инновациялық оқыту кезіндегі мбілім беруші мен білім алушының арасындағы қарым-қатынасты сипаттап жазыңыз.
7. «Инновация – жаңашылдық, жаңа идея» ұғымы туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
Made on
Tilda