ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНДАҒЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Қазіргі білім беру парадигмасының өзгеруі мұғалімнің балаға дайын білім беруінен алшақтап,оқушыдан өз бетіменбілім алуға үйрену талапетіледі. Шәкірт өз бетімен білім алып қана қоймай, оны өмірде іске асыра білуі қажет.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Тұлғаға бағытталған оқытуда (қалыптастырушы) формативті бағалау басқаша көрінеді: ол оқу қызметінің нәтижесі ғана емес, оқушылардың оқыту үрдісін жақсарту болады. Әр оқушының жекешеленген нәтижелері бағаланады. Бағалаудың жаңа әдістері оқушының танымдық және мұғалімнің білім беру қызметіне оңтайлы өзгерістер әкелуде.
Қалыптастырушы (формативті) бағалау – оқыту үрдісіне алғашқы кезеңдердегі өзгерісеңгізетін мақсаттағы бағалау.Одан басқа формативті бағалау мұғаліммен бірге оқушыларға өздік дамуын қадағалауға және келешек қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді. Яғни, формативті бағалау дегеніміз –оқушыны жетістікке жетелеу.Ол бағалаудың әр түрі өз мақсатын көздейді. Сол себептен ол бағалаушыға түсінікті, тиімді, маңызды болғанын талап етіледі.
Қалыптастырушы (формативті) бағалау оқыту үшін бағалау, сезім, символ арқылы беріледі, ынталандырушы, жетелеуші, қалыптастырушы, критерий айқындау арқылы және баға қойылмайды, сөзбен беріледі. Суммативті бағалау: оқуды бағалау, жиынтық бағалау, санмен қойылады және мониторинг жүргізіледі. Ұқсастығы бағалау мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады. Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жақсарту барысында қолдануға болады. Формативті бағалаудың келесі бір әдістері бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты – оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түсу.
Мысалы: педагог оқушыларға «Үш минуттық эссе» жазуларын ұсынады. Педагог төмендегі берілген тақырып бойынша сұрақтардың бірін жазып немесе оқып береді.
1) Сіздіңше бүгінгі оқып білгеніңіздің ішіндегі сіз үшін ең маңыздысы не болды?
2) Қай сұрақ есіңіздеқалды?
3) Сіз үшін қиындықтудырған сұрақ қандай?
Оқушылар жазбаларын жазып болған соң, мұғалім олардың қаншалықтытақырыпты меңгергенін білу мақсатында тексереді. Ал түсінбеген жерлерін қосымша есеп, әдіс, мысал арқылы қайталап түсіндіреді.
Сабақ соңында мұғалім қатысушыларға сұрақтарға жауап жазуын ұсынады:
1) Сіз үшін ең қиыны және ең түсініксізі не болды?
2) Қай жаттығуды орындау барысында сіз қиналдыңыз? Бұл неліктен деп ойлайсыз?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын жинап алып олармен танысып, келесі сабаққа содан шыққан мәселелерді шешуге қарай ыңғайланады. Мұғалімаралық тексеру жүргізуүшін қысқа тесттер дайындайды. Бұл бақылауды бағалаууақыты сабақтың 3- 5 минутын ғана тексере алады. Келесі формативті бағалаудың әдістері педагог оқушының өз жұмысын жақсарту мақсатында қолданылады.
Формативті бағалауәр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әзірлеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін. Әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.
Қазіргі таңда әрбір мұғалімнің жеке жетістіктерін серіктесімен салыстырмай, оқудың нәтижесін әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, мектеп тәжірибесіне формативті бағалаутәсілдерін енгізу міндетімаңызды мәселенің бірі болып тұр. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы – бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Формативті бағалаудың мақсаты – оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім- оқушы арасында кері байланысты орнату.
Ресей ғалымдары И.С. Фишман, Г.Б. Голуб та мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы алгоритмін былайша ұсынады: жоспарланған оқу нәтижелерін анықтау; оқушының маңыздыоқу нәтижелерін жоспарлау және оған жету әрекетін ұйымдастыру; оқушылардың жоспарланған оқу нәтижелеріне кері байланыс механизмі көмегімен жетуін жүргізу. Осылайша, мұғалімнің оқушылардың белгілі бір оқу нәтижелеріне жетуін қамтамасыз ететін дәстүрлі құралдары әдістемелік нұсқаулардан бөлек бұл тәсіл мынадай дәстүрліемес ресурстармен де ерекшеленеді. Оқу нәтижелерін жоспарлау ресурстары: біріншіден, оқушының оқу нәтижелерін ой операцияларының күрделілігіне қарай тізбектеп қоюға мүмкіндік беретін талаптар болса; екіншіден, оқушының түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыруға берілетін еркін мазмұнды жүзеге асыруға қойылатын талаптар.
Формативті бағалаудың ерекшеліктері – оқушының күнделіктібілім сапасы; білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу; «5» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау; оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою; оқушының бағалаудан алған эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы; бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзібағалау дағдылары. Формативті бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Сондықтан қадамдап жоспарлау кезінде оқу материалының аралық деңгейін анықтау мақсатында, бағдарламалық материалды қайталауда әрі қорытындылауда формативті бағалау техникасын орынды жоспарлап, қолданған жөн. Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап, қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуынжетілдіруге мүмкіндік көп. Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек. Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз-өзін бағалауды үйрену керек. Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалауоқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, әрі қарайдамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.
Білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Қалыптастырушы бағалаудың басты белгілері қандай?
2. Ресей ғалымдары ұсынған қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың алгоритмі қандай?
3. Формативті бағалау не үшін қажет?Формативті бағалаудың мақсаты қандай?
4. Қалыптастырушы бағалаудың құрылымықандай?
5. Жиынтық бағалауүдерісінің құрылымына не кіреді?
6. Блум таксономиясы және Блум таксономиясының бағалау үдерісіндегі маңызы қандай?
7. Осы тақырыптыБлум таксономиясы бойыншажүйелеп жазыңыз.
8. Қалыптастырушы бағалауда қолдануғаболатын сөздер мен сөз тіркестерін құрастырыңыз. Олардың бағалаудағы маңызына сипаттама беріңіз.
9. Дәстүрлі бағалау жүйесі мен қалыптастырушы бағалау жүйесін кесте арқылы салыстырыңыз.
10. Қалыптыстырушы бағалаудың білім беру жүйесіндегі маңызы туралы өз тұжырымыңызды жасаңыз.

Жиынтық бағалау үдерісі.Жиынтық бағалау белгілібір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Пән бойыншаәдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалауға қатысты бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың қай сабақта және қандай формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе т.б.) өткізілетінін мұғалім өз бетінше анықтайды. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып, жүзеге асырады. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс.
Жалпы алғанда жиынтық бағалау білім алушының оқудағы кемшіліктерін уақытында анықтау және оның алдын алу үшін өткізіледі. Белгілі болғандай, білім алушылардың басым бөлігі өз оқуында түріне, санына, сапасына т.б. қарай белгілі бір кемшіліктерді жинақтай бастайдыжәне жалғастырады. Егер «кемшілік» сөзінің мағынасына мән беретін болсақ, ол қателік, жетіспеушілік дегенді білдіреді (Ушаков, 1940). Өз кезегінде қателік дегеніміз тиісті нәрсені орындамау, жеткіліксіз қарау, ұқыпсыздықтан қателік жіберу, ал кемшілік, жетіспеушілік дегеніміз жетілмеу, ақаулық, олқылық, бір нәрсенің сапасыздығы деп сипатталады. Сондықтан оқудағы кемшіліктердің сипатын қарастыра келіп, кейбір білім алушылардың кемшілік деп танылатын мардымсыз, жөндеуге болатын қателіктері, кейбіреуінде маңызды кемшіліктер, олқылықтар бар деп айтуғаболады. Кемшіліктерді анықтауүшін мұғалімдерге сапалы (валидті) тапсырмаларды іріктеуі/құрастыруы, тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісін сабақта әр білім алушының материалды меңгеру деңгейін дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау қажет. Бұл ретте кемшіліктерді қарастыруға қатысты асығыс шешім қабылдау, ұсыныс беруден аулақ болған дұрыс. Нақты тұжырым тек бір ғана шағын тапсырмаға немесе бір реттік бақылауға негізделмеуі тиіс.
Бағалаудың дәстүрлі жүйесінде мұғалім, білім алушы мен ата-аналар туындаған таптаурын жағдайларды анықтауда, кемшіліктерді түсінуде сапалық көрсеткішті пайдалануға дағдыланған. Егер мұғалім «5» немесе «4» деген баға қойса – бұл кемшілік жоқ немесе елеусіз ғана қателік деген сөз; «3» деген баға қойса – түзетуге болатын және түзетуді қажет ететін кемшіліктер бар; «2» деген баға қойса – қосымша күшті қажет ететін салмақты қателері бар деген сөз. Мұндай түсінік кейбір мектеп мұғалімдері мен өз балалары тарапынан кемшіліктердің алдын алуға болады дейтін немесе сыртқы көмекке, мысалы, сабақ үйретушіге (репетитор) сүйенуге болады деп түсінетіната- аналарға жеткілікті, қолайлы болуы мүмкін. Алайда білім алушылар мен мұғалімдер үшін мұндай бағалау тәсілінің пайдасы шамалы.
Жиынтық бағалау үдерісінде оқудағы кемшіліктерді айқындау үшін білім алушының нақты неден қиналатынын анықтау ғана маңыздыемес, сондай-ақ, қалай, неге туындағанын анықтау да маңызды. Білім алушылардың оқудағы кемшіліктерінің алдын алу үшін жиынтық бағалау нәтижелеріне қатысты сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру және мұғалім тарапынан (оқыту үдерісіне түзетулер енгізу) да, білім алушы тарапынан (қосымша және/немесе өз бетінше оқу) да білім мен дағдыны толықтыруға бағытталған әрекеттер жасалуы қажет.
Жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі білім алуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс – білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру үлгісін мұғалім өз бетінше анықтайды.
Төменде Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийін құрудың үлгісі ұсынылады.
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
«Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды. Сондықтан оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеру қажет. Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-өзімен, сондай-ақ, қоғамдық міндеттер мен қиндылықтармен де еш байланыссыз тәртіпсіз шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды», – дейді А.Найн.
Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеяларының жаңаруы білім мен тірбиенің қоғамдағы орны мен рөлінің дамуына да ықпал етеді. ХХІ ғасырда оқу-тәрбие үдерісінде білім құндылығының негізін құрайтын төрт факторға ерекше көңілбөлінеді. Олар: бірліктеөмір сүруге үйрену,білімді меңгеру, еңбек етуге үйрену, өмір сүруге үйрену. Әлемде болып жатқан жаңару үдерісі негізінде өркениетке ұмтылған әр мемлекет заманауи құндылықтарды ескере отырып, оқу-тәрбие үдерісін түбегейлі өзгертуге ұмтылады.

Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттары қандай?
2. Инновациялық педагогиканың алғышарттарын атаңыз.
3. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану қандай кезеңдерарқылы іске асады? Талдаңыз.
4. Жаңа педагогикалық технологияны қолданудың, басты ұстанымдары қандай?
5. Дәстүрлі білім беру мен инновациялық білім беру жүйесін кесте арқылы салыстырып, талдау жасаңыз.
6. Инновациялық оқыту кезіндегі мбілім беруші мен білім алушының арасындағы қарым-қатынасты сипаттап жазыңыз.
7. «Инновация – жаңашылдық, жаңа идея» ұғымы туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
Made on
Tilda