БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢАША ТӘСІЛДЕРІ, ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейімен сапасына жаңа талаптарқойылып отыр. ҚазақстанРеспубликасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру. Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімдіде білікті, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылыәзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың білім сапасын арттырудамұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке-дара жұмыстар жүргізеді. Оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше.
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарыніздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасындағы рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекшемән беруіміз керек.Педагогикалық жаңа технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылып нәтиже беретін оқушылардың қызмет нәтижесін бағалаудың педагогикалық жүйесінің жобасы.
Бағалау дегеніміз – керекті мәліметтер жинап, сол мәліметтер арқылы оқушының жетістігін бағалап, оқу бағдарламасының нұсқаулық құрамдас бөліктерін бағыттау үшін қолданылатын әдіс.
Портфолио арқылыбағалау
Бағалаудың бір түрі – портфолио арқылы тексеру. Мұндағы мақсат – оқушының портфелінен сын тұрғысынан ойлай алатынын дәлелдейтін жұмыстардыкөру. Бағалау портфолиосы
– уақыт арасындағы баланың жетістігінің ілгерілегендігін көрсететін жұмыстарының жиынтығы. Осы портфолио ішіне салынатын жұмыс үлгілерін таңдау үдерісіне мұғалім де, оқушы да қатысқаны дұрыс.
Бағалаудың мақсаты – оқушыларға өз-өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты – білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.
Сонымен қатар дәлме-дәл бағалаудың маңызды бөлімі баланың әсерін ескеру болып саналады. Портфолио түрінде бағалау ол оқушының жасаған жұмыстарының жиынтығына негізделген бала икемділігін бағалау әдісі. Мұның қаншалықты пайдалы, әрі ұтымды екендігін сынып мұғалімінің тәжірибесіне және мүмкіндігіне байланысты болады.
Балалар үшін білім алу туралы шешімқабылдау және оларды нақты бағалау – өте маңызды мәселе. Мұғалімдердің балаларды оқып жатқанда, жазып жатқанда, бір-бірімен араласқанда, дамуға бағытталған оқу бағдарламасы барысындағы түрлі жаттығуларға қатысып жатқанын бақылауы, әр бала туралы мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін бағалау үдерісі терең зейінмен сыныпта жасалған жаттығулар да үздіксіз жүргізілуі тиіс.
Қай уақытта болмасын бағалау жүйесін жасау өзекті мәселе болып келеді. Оқу мотивацияларындағы бұрмалаушылықтан оқушы жетістігінің динамикасын қадағалаудың объективтілігіне деген күдіктен, оқушыныңмұғаліммен, ата-анамен, өзіменөзінің қарым-қатынасының бұрмалауынан, баланың жүйке жүйесінің жұқаруынан және мазасыздануынан жиі байқалатын бес балдық бағаның зиян келтіретін нәтижесін болдырмау үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдар іздестірілуде.
Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет.Өзіндік бағалау білімдіигерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады. Өзін-өзі бағалау оқушының оқу танымдықәрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу-танымдық әрекет кезінде оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады,оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс- әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзібағалау негізінде жұмыстытүзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.
Өзін-өзі бағалау бойынша оқушылар жұмысының психологиялық мағынасы жөнінде ХХІ ғасырда француз философы Мишель Монтень жасаған тұжырым бойынша «Кез- келген адам қандай да бір істі атқарудан бұрын ол алдыменөзінің кім және не нәрсеге бейім екенін білу қажет», – деген. Ал оқушы өзінің білім шекарасының қайдан өтетінін біле бермейді. Өзінің нақты нені білмейтінін біліп алмай, нені білу керектігін түсінбейді және оны білу үшін ұмтылмайды да.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған бағалау өлшемдерін түсіндіру.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға – бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады.

Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Білім сапасы қалай жүзеге асады?
2. Білім сапасынарттырудың негізгі белгілері қандай?
3. Портфолио арқылы бағалаудың маңызы қандай?
4. Өз әрекетінреттеу мен жөндеудің тұлғаға әсері қандай?
5. Өзіне баға беруге дағдыландырудағы мұғалімнің негізгі міндеті қандай?
Made on
Tilda