Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында объективті немесе объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
Шынында да бағалаудың артында баланың ынта-жігері, қабілет-қарымы, оқуға деген қызығушылығын арттыруға болатыны педагогика ғылымының тәжірибесінде дәлелденген. Дәстүрлі оқыту жүйесіндебаланы бағалауда тек мұғалімнің ғана ықпалы болатын және көбіне баланың жауап беру стиліне қарап салыстырмалы немесе ынталандыру бағасы қойылатын.
Сұрақ дұрыс қойылғанда, дұрыс жауап алынады, сұрақ қою арқылы баланың ойлау қабілеті артады. Сұрақ қоюдың техникаларын пайдалану кезінде баланың білімін анықтауға және алға қарай жетелеуге болады.
Балалардың өз білімін өзі бағалауы және сыныптасын бағалауы маңызды. Әрі қарай өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін оқушылар өздері шешу керек және одан арғы қызметті өздері белгілеулері қажет. Мысалы оқушыларға өзін-өзі бағалау кестесін берген кезде оқушылар өзінің білімінің қандай деңгейде тұрғанын бағалай алады және алдағы уақытта нені білу керектігін анықтай алады. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, бағалайды. Әділдік пен шыншылдықты үйренеді.
Өзін-өзі бағалау мен топ басшысының бағалауы кезінде бірнеше критерийлер қойылып, сабақ басталарда оны түсіндіріп өту тиімді және сабақ соңында талдау жасалса бағалау шынайы болмақ. Критерийлерді оқушыныңөзіне қойғызуға болады.10 немесе 12 балға негізделген критериалды жүйе қолданутиімділігі басым болып отыр. Себебі, 12 балдық жүйе оқушылардың теориялық жетістіктерін көрсеткіш оқушылардың деңгейін бірден айшықтап береді. Қазір Белоруссия, Грузия, Молдова сынды елдер 10 балдық, Украинада12 балдық оқушыныңбілімін бағалау жүйесіне ауысып кеткен. «5» балдық жүйе жастарды ауырдың асты, жеңілдің үстіменжүруге итермелеуде. Сондықтан критериалды балдық жүйені қолдану баланың білім деңгейінің нақты көрсеткіштерін айқындайды.
Бағалаудың ең басты мақсаты, білім игерудегі жетістіктерді анықтау, үйренушінің өсу және даму қарқынын анықтау, белсенділендіру, ынталандыру, баланың өсіп жетілуін анықтап, әр баланың тәжірибесінің табысты болуынасебін тигізу. Бағалау барысында баланы мақтап, мадақтап, көтермелеп отырудың да маңызы зор. Өйткені бала қашанда мақтағанды қалап, сол мақтауға лайық болуға тырысады. Сондықтан баланы мақтап, содан соң жасаған жұмысының дұрыс жерлеріне бірінші тоқталып және атап көрсетіп, соңынан қателік кеткен тұстарына ұсыныс арқылы балаға жеткізіп отырса,онда балалардың сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Күнделікті сабақ барысында мұғалімнің жаңаша бағалау түрлерін қолдана білуі – сыныпта оқушылардың танымдық, шығармашылық, қарым-қатынас құзыреттілігін және пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға жол ашады.
Баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты. Барлық жинақталған білімді меңгерудегі ынталандырудың әсері, дағды мен әдеттерді қалыптастыруы, өзінің белгілі жеке сапалы қасиеттерін жетілдіруіне байланысты. Барлыққабілеттер баланың жетістікке жетуіне кепіл бола алмайды. Қажетті мотивацияның баланың бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді және сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді. Мотивацияның тапшылығы болған жағдайда бар мүмкіндіктері қабілетке айналмайды, интеллектуальді және жеке қабілеттері өте бояу дамиды. Қолайлы жағдайдың болмауы да әсер етеді. Қорытынды нәтижесінде баланыңжеке дамуы қалыптасып, жаңа біліммен, әдеттерді қажеттілік ретінде сезіп, өзін-өзіжетілдіруге және дербес дамуын жетілдіруге тырысады.
Кез келген іс-әрекеттің нәтижелі болуы жеке тұлғаның мотиві, яғни түрткісі неғұрлым күшті, өз қызығушылығынан туындаса, онда алдында кездескен кедергілерді, қиындықтарды жеңіп, өз мақсатына жетуді көздейді. Іс-әрекетті тудыратын түрткі мен ынталандыру тығыз байланысты. Ынталандырудың түрлі әдістері бар.
Жарыс. Педагогикалық үдерісте жарысты ұйымдастыру үшін мұғалім оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне қарай, олардың жарысқа түсуге ынталы екенін, үнемі бірінші орынға ұмтылысын, өз күш-қайратына сенім артатынын ескеруі тиіс. Оқуда, еңбекте, спортта өз жетістігін көрсету үшін жарыстың пайдасы зор, балалардың ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілеті артып, жаңа бастама көтеріп,жауапкершілік, ұжымдық қатынастары дамиды. Жарыс оқу сапасын арттырады. Мысалы, жарыс бастауыш сынып оқушыларын үй тапсырмасын мұқияторындауға, сабақта алаңдамай, тәртіп сақтауға, оқу-жабдықтарын ұқыпты ұстауға, мектепте және үйде күн тәртібін қадағалауға, қосымша әдебиеттерді оқуға міндеттейді. Жарыс жеке оқушылар мен ұжым арасында қысқа және ұзақ мерзімге ұйымдастырылады. Жарысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар: ашықтық, көрсеткіштердің нақтылығы, олардың салыстырмалылығы, озат тәжірибені қолдану. Соңғы жылдары гуманистік педагогика тарапынан жарыс әдісін қолдануға қарсылық бар. Гуманистік педагогика оқушының бұрынғы жетістіктері мен қазіргі жеткен жетістіктерін салыстыруды жарыс әдісі деп қарастыруды ұсынады. Дейтұрғанмен де, жарыс әдісін дұрыс пайдалану, оқушының жеке басын құрметтеуге қайшы келмейді. Оқушыларды оқуда, еңбекте,спортта бірінің-бірі жетістікке жету қуанышына ортақтасу көңіл-күй сезімін тәрбиелеуге болады.
Мадақтау – жеке оқушы немесе ұжымның іс-әрекеті мен қылықтарына берілетін қоғамдық жағымдыбаға. Жеке тұлғаның таңдап алған іс-әрекетіне қоғамдық жағынан оң баға беру ынталандыруға жатады. Оқушы көпшіліктің оң бағасынан, өзін көтеріңкі көңіл-күйде сезініп, өзіне сенімі артып, белсенді әрекетке ыңғайланады. Көтермелеу, мадақтау үнемі жағымды нәтиже бермейді. Оның тәрбиелік мәні тек белгілі нәтижемен шектелмей, оның түрткісі мен іс-әрекет тәсілінде ескеруді қажет етеді. Оқушылар кез келген іс-әрекетіне кесімді баға күтпей, мұғалім тарапынан қолдау тапқанын сезінуі маңызды. Көтермелеу әсіресе өзіне сенімі төмен балалар мен бастауыш сынып оқушыларына жасалуы тиіс. Мадақтау ұжымның ортақ пікірінен туындағаны абзал.
Жазалау – оқушының қоғамдық қалыптарды бұзу іс-әрекеті мен қылықтарына қарсы қолданатын шара. Жазалау арқылы оқушының іс-әрекеті реттеледі. Жазалау баланың моральдық және тәндік жағына ауыртпалық түсірмеуі тиіс. Жазалауды күш көрсету деп түсінбей, оқушыға өзінің ұжымнануақытша болса да бөлініп қалғанын сезіндіруі керек.Жазалау формасының бірі түрі – мұғалім мен сынып ұжымының оған деген қарым-қатынасын өзгертуі. Жазалау әдісін қолдану балаға тәрбиелік ықпал ететін өте нәзік дүние, сондықтан мұғалім оны дұрыс қолдана білгені жөн. Кез келген жазалау формасын қолдану үшін тәрбиеші қоғамдық тәртіптің не үшін бұзылғанын, оның себеп-салдарын, туындау жағдайын тексеруі қажет. Жазалау ұжымның қоғамдық пікіріне сәйкесуі тиіс.
Балаларды оқыту және тәрбиелеу мадақтау мен жазалау жүйесіне негізделеді. Мадақтау психологиялық ерекшеліктің ұнамды қасиетінің дамуына ынталандырса, ал, жазалау теріс қылықтың шығуына кедергі болады. Егер тәжірбие жүзінде тек қана мадақтау қолданылып, жазалау қолданылмаса, онда баланың бойында сапалы, ұнамды қасиеттермен қатар, теріс қылықтар дамиды. Егер де керісінше оқу-тәрбие үдерісін де тек жазалау ғана қолданылса мұндай жағдай балалардың теріс қасиеттерінің шығуына жол бермеуі де мүмкін. Сонымен бірге ұнамды, сапалы қасиеттердің дамуына кедергі келтіреді. Мадақтау мен жазалауды бір-бірімен байланыстыра білсе ең қолайлы мотивацияны қамтамасыз етіп, ұнамды қасиеттердің дамуына жағдай тудырады, ал, бір жағынан теріс қылықтардың тууына кедергі жасайды. Педагог шәкәрттің теріс істері мен қылықтарын дер кезенде көре біліп, ретті жерінде оған түрлі жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсаты – теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мұның мәні де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептілік, ерекше байсалдылықпен пайдалану қажет. Тіпте төменгі сынып оқушыларының да өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын кездері болады. Адамның кінәсі үшін әділ жазалау кісіні қатты ойландырып, бұл оның мінез-құлқын түзете бастауға себепші болады.
Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбірленбей, қолайлы көңіл-күйін басынан кешіреді. Егер ол теріс жазғырылса бұл оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол, әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін, тіпті пысқырып та қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Кейде оқушыныңкөре-тұра оны жазаламаудың да кесір- кесапаты аз болмайды. Шәкіртоқыс қылықтарды әдейіжасамай, оны балалығымен, білместік, аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, енді бір оқушы мұны орынсызбатылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына қарай істейді. Мәселен, бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. Бұл жерде осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны белгілі. Өйткені, екеуінің кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенің түпкі себебін іздеудің басталуы қажет. Өйткені, әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, адамның теріс қылықтарын айыптап тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс.
Баланың психологиялық дамуына мадақтау мен жазалауда ынталандырудың рөлі барлық жағдайда бірдей қажет: мадақтау оң қасиеттердің дамуына әкелсе, ал, жазалау теріс қасиеттерді түзетуде, коррекциялауда қажет. Оқыту және тәрбиелеудің міндетіне қарай тәжірбие жүзінде екеуі де бір-бірімен өзгеріп отыру керек. Егер оқу-тәрбие жұмысында жігер күш жұмсау қажет болса, белгілі құрылымға сапалы жеке ұнамды қасиеттер көрінсе, жаңа білім, дағды, икемді қалыптырса онда мадақтау көрсетіп, жазалауды қолданбау керек. Шәкірт тәрбиесінде кісінің қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны ретімен мадақтап орындаудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі мақұлдау. Егер шәкірттің іс-әрекеті әркез мақұлданып отырса,ол еңбек етуге одан сайын ынталана түседі. Мәселен,«Бәрекелді», «Дұрыс», «Жақсы»,«Тамаша», «Мынауыңнан нәтижешығады», «Ғажап!», «Мен күткенен де жақсы», т.б. осы секілдісөздер оның жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру ұстаздыңбеделін онан сайын арттыра түседі. Егер, керісінше, жағымсыз қасиеттерді оны түзеу міндетімен байланысып, егер бала өзін-өзі түзетпесе және өзінің теріс қылығын сезінбесе, сонымен қатар келіспеушілік тудырса онда жазалауды қолдану ең тиімді шешім болады. Бірақта өзін төмен бағалау, баланыңөзіне-өзі сенімсіздігі кезіндемадақтауды ынталандыру жүйесінде тиімді қолдана білу керек. Өзін жоғары бағалаушылық кезінде өзін-өзі сенімді болған жағдайда керісінше жазалауды қолдану керек.
Сонымен мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мадақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді
Осылайша тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады.
Баға – педагогикалық ынталандыру. Мадақтау мен жазалау– бір-бірімен тығыз байланысты қасиеттер. Жақсы баға мадақтау болса, ал, төмен баға – жазалау болып келеді. Негізінен бағаның маңызы ынталандырудың маңызы әркезде ынталандырудың күші болып саналмайды. Бағаның ылғи жоғары болуы ынталандырудың күшін жояды. Мысалы: ең жақсы ынталандыру болып және табысқа жету көрсеткіші болып «4» бағасы саналады, ал, «5», «3», «2» немесе«1» бағалары табыс көзі болып есептелмейді. Осылайша бестік бағасын алған оқушы әрі қарай оқуда жетістікке жету деңгейін жоғалтады. Себебі, «5» балдық жүйе бойынша «5» болғандықтан одан жоғары баға алу мүмкіндігі жоқтығын сезген оқушы оқуға деген қызығушылығы мен табысқа жету деңгейі төмендейді. Ал, егер оқушы «4» бағасын алса, онда оның бойында ең жоғары бағаны алып одан әрі қарай табысқа жетуіне мүмкіндік барына көзі жетеді. Мысалы, оқушы білімін ең төменгі «1» бағасымен бағаласа оқушының оқу үлгерімі төмендеп нәтижеге тырысу деңгейі жоғалады. Себебі, бұл бағаны жойып «5» бағасын өте қиынға соғады. Әдетте мұғалімдер «қанағаттанарлық» деңгейінде оқыған оқушыға жоғары баға қоймайды. Үштік бағасы оқушының үздік оқуына, оқу үлгерімін жақсартуға өте қолайлы. Оқушының белгілі бір пәннен бес балдық жүйенің ең жоғарғы немесе ең төменгі бағамен білімі бағаланып отырса ең тиімді жағдай болып есептеледі. Егер оқушы негізінен «3» немесе «4» бағасымен бағаланса, онда оған ынталандыру күші болып «4» және «3» бағаларысаналады да «4» пен «5» алуға тырысады.«2» және «3» бағалары баланың көңіл күйін түсіріп, жағымсыз күй тудырып ол бағаларды түзетуге деген ықыласы болмай, немқұрайлылық тудырады.
Әркез ұнамды теріс ынталандыруларды жиі қолдану немесе балаларды ынталандыру рөлінің маңыздылығын жоққа шығарады. Мысалы: мадақтаулар мен ең жоғары бағаны шектен тыс жиі қолдану балағаешқандай талпыныс пен күш бермейдіде алдынғыдай әсер тудырмағандықтан өз маңызы мен мәнін жоғалтады. Бір жағынан ылғи ең төмен баға алған оқушы эмоциялық күйзеліске ұшырамайды. Себебі бұрынғыдай әсер етпейді. Уақыт ете келе оң және теріс ынталандыруды өзгертуге тура келеді. Олардың сақталуы мен дұрыс мән беруіне тірек боларлықтай түрлендіру.
Оқытушыларды оқыту және тәрбиелеу кезінде ынталандырудың кешенді мінезін іс-әрекетте қолдану қажет. Әр түрлі әсер еткіш жүйелерді енгізу, бірақ барлығын бір сәтте қолдану шарт емес. Бірақ қайсібірі оқушыға дәл сол кезде қажет болып тұрған жағдайда қолдануға болады.
Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Білім алушының өзін-өзібағалауы мен өзара бағалауының маңызы қандай?
2. Бағалаудың бастымақсаты қандай?
3. Оқыту және тәрбиелеудегі мадақтау мен жазалаужүйесінің маңызы неде?
4. Мадақтау мен жазалаудың қандай әдістері бар?
5. Оқу-тәрбие үдерісіндегі ынталандыру әдістеріне сипаттамаберіңіз.