ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ, ҚЫЗМЕТІ
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау – бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту үдерісінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемінанықтайтын құрал. Мектептеоқушының тәрбиесі мен даму және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диагностикалық, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керек.
Нәтижеге бағдарланған білім беруді енгізужағдайында білім беру үдерісі оған қатысушылар арасындағы субъект – субъект негізінде жүзеге асады. Білім алушы оқу-тәрбие үрдісіндегі субъект ретінде оқуда белгілі бір табыстарға жету үшін өз іс- әрекетін мақсатты ұйымдастырады. Білім алушы жетістіктері күтілетін нәтижелер жүйесі түріндегі оқу іс-әрекеттері түрлерін игеру сапасы бағалау жолмен анықталады. Бұл орайдағы күтілетін нәтиже пәндік білім, білік және дағдыларды, түйінді және базалық құзырлықтардың құрамды бөліктерін белгілі контексте интеграциялауды көздейтін оқу іс-әрекетінің әр түрлерінің сипаттамасы болады. Бағалауға білім алушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын және адамгершілік нормалары бағдарлы, жалпы адами және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс-әрекет тәсілдерін меңгеру бойынша олардың жетістіктерін көрсететін нақты нәтижелер бағалана алады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы – балдық және рейтингілік тұрғыда бағалауға негізделген бағалаудың балдық- жинақтау жүйесі.
Білім алушының оқу іс-әрекеттері тәсілдерін саралау үш деңгей аясында жүзеге асырылады. Критерийлік – бағдарланғана шкала нақты оқу үрдісіаясында білім, білікжәне құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты қол жеткізетіндігін анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуде білім берудің белгілі бір деңгейдегі білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын оқу іс-әрекетінің барлық түрінен алған ұпайларын жинау арқылы қол жеткізіледі. Бағаның объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс-әрекеттерінен күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау.
Бастауыш мектептің 1-сыныптарында білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерінің сандық формасы ретіндегі баға болмайтын бағасыз оқыту жүзеге асырылады. Бағасыз оқыту барысында бақылау және бағалау білім алушының пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды меңгерудеңгейі мен оның даму деңгейімен анықталатын оқу үрдісінің сапалық нәтижесін бейнелейтін мазмұндық-бағалық негізде құрылады.
Бүгінгі таңда білім беруге қойылатын талаптар адамды ең жоғарғы құндылық ретінде бағалайтын ізгіліктік тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырады. Сондықтан білім сапасының мәселесі жеке тұлғаны дамытуға, оның жоғары адамгершілік пен кәсібилікке ұмтылысын қалыптастыруға бағытталған міндеттер кешенін шешуге байланысты білім беру саясатының негізгі мәселелерінің бірі. В.С. Леднев, Т.Д. Макарова, М.М. Поташник, С.Е. Шишов т.б. зерттеушілердің пікірінше, адамның әлемдік стандарттарға сәйкес білім алу құқығын кепілдікпен қамтамасыз ету үшін білімсапасын бағалау қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында:«Білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін,білім беру ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалаудың әр түрлі рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың білім алу жетістіктерін бағалауды қамтиды», – деп көрсетілген.
Қазіргі таңда педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат – «Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында» бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: «Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет». Бұл талаптардың жүзеге асуы осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне жоғары сын қоя отырып, жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді. Қазіргі қалыптасқан білімді бақылау- тексеру жүйесіне қанағаттанбау (білім көрсеткіштері және оны тексеру тәсілімен қоса) мәселелері дидактикалық материалдар бетінде жиі ескеріліп, әрі айтылып жүр.
Ғалымдар пікірінше, осы күндегі білім бағасы жүйесінің бірден-бір кемшіліктерінің бірі – айрықшаланған көрсеткіштердің көптігі, көпжақтылығы және немғұрайлығы. Бұлкөрсеткіштердің осындай қыры білім бағасыныңмазмұндық сипатының жойлмауына әрі осы мазмұнға сәйкес бағаға практикалық тұрғыда бағдарлануға қиындық туғызады. Сондықтан да білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі таңда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Тәжірбиелі әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критерийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен органикалық байланысын талап ету мәселесі – педагогикалық психологияда диагностиканың негізін құраушы принцип болады. Білім сапасының психологиялық диагностиканың бұл шектеулі оқу әрекетінің үдерісі дамыған, толыққанды сипаттағы оқытудың теориясына сүйенген жағдайда ғана жойылды.
Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда әрі осы мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп отыр.
Мотивация – психология ғылымындағы өте бір күрделіұғым. С.Л. Рубинштейннің айтуынша,іс-әрекеттің өзінде бағытталуына орай мақсаты нақты көрінеді және әрекет орындалуына қарай мотивтері белгілі болып отырады. Әрекет мотивтері өте күрделі, олар түрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде дамиды. Адамзатқа мотивтер арқылы қоғамның әсері көп жағдайларда бағалау әрекеті көмегімен беріліп, жүзеге асып отырады. Оқу мотивтерінің даму мәселесі үнемі психолог-ғалымдарды қатты толғандырып келген жайт. А.Н. Леонтьев, М.И. Божович, Н.Г. Морозова, Л.С. Славиналар өз еңбектерінде оқу мотивтерінің дамуы туралызерттеді. Мектеп оқушылары үшін мотив жай ғана оқу, үшінші, төртінші сынып оқушылары үшін бағаның рөлі жоғарылайды. Алтыншы,жетіншісі сыныптарда оқушыларүшін басты мотив болашаққа дайындық болады. Яғни баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты. Қажеті мотивацияның бала бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді. Сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да азбелсенділік көрсетеді. Педагогикалық бағалау ерекше ынталандыру болып келгендіктен, бағалау оқу және тәрбие әрекетіндегі табыстыанықтайтын қызмет негізіболып саналады. Педагогикалық бағалаудың бірнеше түрлері болады.
Психологиялық-педагогикалық теория және тәжірбиеде баға ұғымы көбіне бағалау деген ұғыммен түсіндіріледі. Бағалаудың оқу үдерісін де орындайтын үш қызметі талданады, оның негізгісі – дамытушылық қызметі, функциясы.
Дамытушы бағалау ісі оқытуда қажетті психологиялық жағдайдың бірі болып табылады. Білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметтері қарастырылады. Білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде оның формасы,түрі ажыратылады. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні – оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындауүшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Білімде, іскерлікті, дағдыны тексеружәне бағалау – танымдық іс- әрекет көздерінің бірі. Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі қайта талаптандыруға ұмтылу керек.
Сабақтың шынайы құндылығы – оның нәтижесі, оқушы- лардың материалды меңгеруінің дәрежесі. Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табыстары мен сәттіліктерін оқу мақсатына қарай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік береді.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамның оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Оны елемеу мынадай теріс құбылыстарға алып барады.
1. Психикалық дамудың тежелуі
2. Оқытудағы психологиялық және мағыналық кедергілер.
3. Жаман мінездің қалыптасуы.
Жалпы алғанда бағалауды тек балдық жүйеде ғана емес, мадақтау сөздерін пайдаланғанда оқушылардың белсенділіктері артады.
Жалпы білім беретін мектептерде оқытудың нәтижелерін тексеру және бағалау жүйесін жетілдіру – қазіргі кезде күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Сондықтан оқыту нәтижелерін бағалаудың қазіргі тәртібі білім мекемелерінде қайта қаралып жатыр.
Білім беру үдерісі мен нәтижесін педагогикалық және психологиялық тұрғыда қарастыру бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі.
Бағалаудың қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие); басқарушылық (управляющие); тәрбиелеушілік (воспитывающие).
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді.Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс – тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженіңмөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш. Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандыру- шылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
Оқыту нәтижелерін бағалаудың жүйесін жасауда жүйенің біртұтастығы, оқушының дамуын қолдау, оқыту нәтижесін бағалауды кешенді қарастыру, кемшіліктерді болжау сияқты принциптердің моделі басшылыққа алынады. Бұл модель оқыту бағдарламаларының талаптарын орындауды бағалауға бағытталған. Модельдің негізгі компонеттері:
- бағалаудың мазмұны және объектісі: оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалау;
- бағалаудың әдіс-тәсілдері: субъективті (жобалар, практикалық жұмыстар, жазбаша,ауызша сұрау, портфолио, т.б.) және объективті (тестілеу, сауалнама; оқушылар, мұғалімдер, мекеме аттестациясы, мониторингтік зерттеулер);
-тұтынушылардың негізгі топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басқарушылар, қоғам мүшелері, т.б.);
- нәтиженің қолдану мақсаттары: оқытудың келесі сатысына көшу, білім беру сапасын бағалау, мазмұнды қайта қарастыру, түзету жұмыстары.
1. Әрбір пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда оқу іс-әрекетінің белгілі бір деңгейіне сәйкес белгіленген ауқымда баға қойылады.
2. Нақты оқу пәнін оқыту ерекшелегіне сәйкес білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесінбағалау үшін бақылаудың ауызша, жазбаша дәстүрлі түрлері мен формалары, сондай-ақ тестілер және тағы басқа бақылаудың интерактивті түрлері қолданылуы мүмкін.
Әрбір білім саласы бойыншанемесе жеке пән бойынша оқыту нәтижелерінің нақты көрсеткіштері (критерийлері) жасалады.
3. Сабақ сайын білім алушыларды оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс-әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ аумағында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады.

Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс-әрекеті деңгейлеріне (репродуктивті, продуктивті) сәйкес әр түрлі тапсырмаларды орындағанда оқушының алған балдары пайдаланылады.
4. Кезендік бағалау қандайда бір бөлімді оқып үйренгеннен кейін, сондай-ақ жартыжылдықтың және оқу жылының соңында бақылау жұмыстарын өткізу арқылы жүзеге асады.
5. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тақырыптық, жалпы, қорытынды бақылауда бағалау үшін мұғалім олардың оқу іс- әрекеттерінің барлық деңгейлерін (репродуктивті, продуктивті, шығармашылық) ескереді.
6. Тоқсандық баға тақырыптық бақылау («қиықтар», бақылаулар немесе сарамандық жұмыстар) балдарының және оқушының тоқсан ішінде ағымдағы әр сабақта бағалауда жинаған барлық балдарының орташаарифметикалық мәндерінің қосындысы ретінде есептеледі.
7. Оқу жылы үшін пән бойынша балмен қойылған баға дәл жоғарыда көрсетілгендей: білім алушылардың әр тоқсандағы оқыту нәтижелері бойынша алған орташа балдарының және әрбір шығармашылық тапсырмаларды (жобалау жұмыстары немесе шығармашылық сипаттағы есептер) орындағаны үшін алған балдарының қосу арқылы анықталады.
8. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижелерге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары (2, 4, 6, 8, 10, 12-сыныптардан соң) соңында өткізіледі.
9. Білім алушылардың жеке білім жетістіктері құжаттық тұрғыда рәсімделіп, портфолиода жинақталады.
10. Негізгі орта білім беру жөніндегі куәлікте және жалпы орта білім туралы аттестатта оқу пәні бойынша бағаға сәйкес бағалау талқыламасымен балл түрінде қойылады.




Білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Білімді бағалаудың негізгіұстанымдары қандай?
2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігі ұғымын өз ойыңызбен тұжырымдаңыз.
3. Өз жетістіктерін бағалау қалай жүзеге асады?
4. Білім алушыныңоқу портфолиосы маңызы қандай?
5. «Бағалаудың жариялылығы» ұғымын қалай түсіндіре аласыз?
6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы бағалау туралы тұжырымды өз ойыңызбен түйіндеңіз.
7. Мотивация мен бағалаудың өзара байланысы қандай?
8. Оқыту және тәрбиелеуүрдісіндегі өзін-өзі бағалауын елемеудің кері әсері қандай?
9. Бағалаудың қызметі неше топқа бөлінеді?
Made on
Tilda