ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді. Оқыту үдерісінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылаужәне бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие үдерісінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С. Березняк, В.И. Иващенко, А.К. Исаков, Е.И. Перовский, С.Ф. Сухорский, Н.В. Чертинский, В.О. Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған. Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р. Львов, Н.Н. Светловский, А.П. Пышкало, Т.Л. Коган т.б. теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруғаболады, себебі «алу», «бақылау», «бағалауды» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие үдерісіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған. Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» баллдық жүйесі оқушылар білімінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағынегізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту үдерісінің сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және практикада қолдану тәжрибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқалады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады. 20-жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту үдерісі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына «бригадалық- лабораториялық» әдіс жүйесіне негізделген «өздігінен бақылаудың» түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершілсіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді. Білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алуды бақылау (Е.В. Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П.Г. Ананьев) көптеп көңіл аударыла бастады. 40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика тәжрибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды. Онда білімді бақылау (Е.И. Перовский), оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамытуқызметі ойластырылды (Н.Т.Дайри). Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика ғылымы Академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие үдерісінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды. 80-жылдардан бастапоқыту нәтижесін есепкеалу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің дидактикалық-әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар күні бүгін де өз жалғасын табуда.

Дегенменде, бүгінгі таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалып- таспай отыр. Бақылау кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту үдерісін де оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шы,армашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді. Білім, білік және дағдыны бақылау негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады. Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Профессорлар Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» оқулықтарында тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлген.

Күнделікті бақылау – оқыту процесінде күнделікті қолда- нылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды.Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетінеықпал етеді. Күнделікті бақы- лау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтыңтақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау– барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялықжәне тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтанқорытынды бақылаудың негізіемтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерімбағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерімбағаларына педагогика- лық кеңестіңшешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Бақылау әдістері – арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағандабағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалық бақылауәдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбіржағдайда тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тестік жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс,сынақ, шығарма, диктант,т.б.). Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданған принциптер негізінде жүргізіледі.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
- ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру)
- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу)
- машиналы бағдарламалап бақылау (перфокараталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
- өзін-өзі бақылау, бағалау(қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою). Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің
оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысынада оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады,біріне бірі сұрақ қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен таспырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін іскерлігін және дағдысынтерең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында нәтижебереді. Дербес бақылаудаоқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Сынақ – қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
Емтихан – оқушылардың білімінқорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестік шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Оқыту – динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру – өмір талабы. Білімберу саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әр кезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді
Бұл жүйенің ерекшелігі оқушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерінің тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырма жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігін жариялылығының, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтмасыз етуге т.б. талапетеді. Бақылауды рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндереінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалдарының белгілі бір бөліктерінен (порция) тұрады. Әрбір модульнақтылы міндеттерден және өз бетіншетереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.

Рейтинг-тестікбақылау түрлеріне:
а) күнделікті немесе ағымдық (текущий), ә) аралық (рубежный),
б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.
Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модульдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тараулары немесе бөліктері, болмаса курделі тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады.
Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жүргізіледі. Осы аралықта колоквиум, жоба қорғау, өздігінен жұмыстарын қолдануға болады.Дегенмен де, тестік жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі тест бағалау нәтижесін нақты көрсетеді;
- уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады;
- бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді;
- тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда болады.






Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар

1. Бақылау және бақылаудың мақсаты қандай?
2. Бақылауды зерттеген ғалымдар және олардыңғылыми тұжырымдары
3. Білім, білікжәне дағдыны бақылаудың негізгісипаттары қандай?
4. Күнделікті, тақырыптық және қорытынды бақылаудың өзіне тән ерекшеліктері қандай?
5. Білімді бақылаужәне бағалау принциптеріне не жатады?
6. Бақылаудың формалары және олардың өзіндікерекшеліктері қандай?
7. Рейтинг-тестік бақылаутүрлері және олардыңөзіндік сипаты қандай?
8. Осы тақырып бойынша10 тапсырмадан тұратын тест тапсырмаларын құрастырыңыз.
Made on
Tilda