ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылыәзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойыншатеориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беру сапасын басқару – қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы. Білім беру сапасын басқару – мектеп басшысының басқару қызметіндегі басым бағыты.
Білім беру үдерісінің менеджері – бұл адамға біліммен қатынас жасау мүмкіндігін туғызады. Білім – үлкен әлем, әсер етуші күш. Бұл менеджер үшін тағы бір жағынан бизнес: жеке меншік мектептер және коммерциялық жоғары оқу орындары, министрлік қызмет және халықаралық әріптестермен ықпалдастық, біліктілікті көтеру. Нарықтық экономика жағдайындағы кез-келген білім беру мекемесінің қызметінің тиімділігі көбінесе менеджменттің қазіргі әдіс-тәсілдері және принциптері пайдаланумен байланысты. Басқару қызметі өзінің мазмұны және сипаты бойынша қоғам өмірінде интеллектуалды реттеуші рөл атқарады. Адамзаттың ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік жетістіктердің мүмкіндігінше меңгеруі басқаруқызметінің мәнінің және күрделілігінің үздіксіз өсуімен байланысты. Басқарудың мәні алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін обьективті және субьективті жағдайларды қамтамасыз ету. Сондықтан жақсы педагог менеджер адамдардың үстінен бұйырмайды, керісінше олардың еңбек қызметі үшін қолайлы, тиімді жағдай жасайды.
Басқару – бұл кез-келген мекеменің тиімді қызмет етуіне байланысты дұрыс бөлінген билік. Қызметтік өкілеттіліктерге қарамастан(билікті бөлу) басқарутәртібінің жалпы принциптері бар: құзырлылық; адамгершілік; инновациялық; прагматизм және басқару стилі де енеді, ол автократиялық, бюрократиялық, демократиялық болуы мүмкін.
Білім берудің басты құндылығы өмір бойы әрбір адамның білім алуға, өзін дамытуға бағытталған, шығармашылық қуаттылығын іске асыру қабілетін сыртқа шығару мүмкіндігін және қажеттілігін адамда дамыту. Білім беру менеджері – бұл жеке тұлға ретінде өзін –өзі үздіксіз дамытушы, кәсіби басқарушылық-педагогикалық қызметті шығармашылық жағынан іске асыруғақабілетті маман. Қазір білім беру қызметін ұйымдастыруға қабілетті, «өнімді дайындайтын» және «өнімді» нарыққа шығара алатын қабілетті адамдар қажет. Мұндай адамдар менеджерлер екені белгілі. Нарықтық қатынастарда оның қызметіне іс жүзінде бәрі қатысты.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген:
«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Мұғалімдер жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті,ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі. Қазір білім беру процесінжетілдіру жетекші бағыттардың бірі мектепті білім сапасын дамыту және бақылау мониторингі арқылы басқару жүйесін қалыптастыру. Ол мектеп қауымдастығының барлық мүдделі қатысушыларын жұмылдыра отырып жүзеге асырылады. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау үшін оған негіз болып табылатын мынандай үш міндетті орындау шарт:
1. Басқарудың түпкі мақсаттарын көздейтін (білім беру стандартына, әлеуметтік стандарттарға сәйкес) сапа эталонын қалыптастыру;
2. Қол жеткізген даярлық деңгейін эталонмен салыстыру және осы негізде сапаны бағалау;
3. Қол жеткізген сапаны анықтайтын шарттар мен факторларға орын алған ауытқуларды жою бағытында пәрменді ықпал ететін шаралар қабылдау.

Білім беру сапасын басқару – білім берудің сапасына мүмкіндік пен қажеттіні қамтамасыз ету үшін барлық параметрлері мен сипаттарына мақсатты түрде бағытталған әсер ету. Қазіргі мектептерде білім беруді құзыреттілік тұрғыдан басқару өз күшіне еніп келеді. Ол қоғамның білімібар адамдарды ғана емес, сол білімдерін қолдана алатын адамдарғадеген саналы қажеттілігінің айқын көрінісі десек те болады. Құзыреттілік дегеніміз адамның нақты бір жағдаятта тиімдііс-әрекет ету үшін өзінің білімі мен іскерлігін саналы түрде жүзеге асыру қабілеті немесе мүмкіндігі. Яғни, құзыреттілік – бұл дәстүрлі білім, іскерлік пен дағдылардың оқушылардың даралық ерекшеліктерімен, олардың өзіндік санасымен, танымдық іс- әрекет кезіндегі рефлексиясымен қайнасып, бітісуі. Олай болса, қажетті құзырлылық меңгеру құзыреттілік болып табылады, яғни, олармен өнімді әрекет ету үшін қандай да бір пәндердің және үдерістердің белгілі бір шеңберінеқатысты тұлғаның өзара байланысты қасиеттерінің (білім, іскерлік, дағды, қарым- қатынас) жиынтығы. Осы мәселе төңірегінде зерттеулер жүргізіп, өздерінің көзқарастары мен ой-пікірлерін білдіріп жүргендердің ішінде А.Н. Дахин, А.В. Хуторской сияқты ғалымдар да дәл осылай тұжырымдар жасаған.
Білім беру үрдісін құзыреттілік тұрғыдан басқарудың ертеңгі күні оң нәтижелі болатынына ешкім күмән келтірмейді. Десек те оны практикаға ендіру білім беру жүйесінің барлық дерлік элементтерін – мемлекеттік стандарт пен білім мазмұнынан бастап, жетістік деңгейін бағалау мен түлектерге қойылатын талаптарға дейін – қайта құруды, қалыптасқан жүйені өзгертуді талап етеді.
Кей кезде осы біздің беріп отырған біліміміз де жеткілікті емес пе деген ойлар туындайды. Әрине білім беру жүйесі дұрыс құрылмаған деп мүлде де айта алмаймыз. Бірақ қазіргі кездегі басқа салалардың қарқындыдамуы білім беру жүйесін жетілдіру, оны басқаруға жаңаша тұрғыдан қарау қажеттігін тудырады.
Құзыреттілік тұрғыдан қараудағы басты айырмашылық – білім алушы өзінің мүмкіндіктері мен «қолынан келмейтінді» рефлексті бағалауды көздейтіндігінде, оның өзінің құзыреттілігі мен құзыретті емес шектеулерін түсінуі. Құзыреттілік тұрғыдан білім беруді басқарудың нәтижесінде білім алушының даралық

позициясы мен оның өз іс-әрекет пәніне деген қарым-қатынасы құрылады. Мұндай тұрғыдан қараудың негізгі идеясы мынада: білім берудің бастынәтижесі – бұл жекелеген білім,іскерлік пен дағдылар емес, ол адамның әр түрлі әлеуметтік-маңызды жағдаяттарда тиімді және өнімді әрекетке қабілеті мен дайындығы. Осыған байланысты білім беруді құзыреттілік тұрғыдан басқаруарқылы білім алушыныңтек білімін ғана
«өсіріп» қоймай, оған іс-әрекеттің жан-жақты тәжірибесін меңгерту басты көзделетін мақсат.

Білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Білім беру сапасынбасқару бағыттарына не жатады?
2. «Білім беру сапасы» деген ұғымды талдаңыз.
3. Білім беру үдерісін іске асыруға не жатады?
4. Білім берудің функционалды сапасы қандай?
Made on
Tilda