«Рефлексия» ұғымы алғаш философия ғылымынан енді, индивидтің өз санасында өзінің жасаған іс-әрекеттерін ой елегінен өткізуін білдірді. Рефлексия («reflexio» латын сөзінен шыққан, тікелей аудармасы – артқа қарау,бұрылу) қандай да бір нәрсені үйрену мен таңдаудың көмегімен ой елегінен өткізу үдерісі. Тар мағынасында – рефлексия индивидтің өзіне және микроәлемге жасалған танымдық іс-әрекетінен кейінге тану мүмкіндігі туатын сананың «жаңа бетбұрысы». Рефлексия ұғымынының мазмұнын түсінуүшін оны «өзін-өзі тану», «өзіне- өзі түсінікберу» ұғымдарымен синонимде қарау керек. Мұндағы «өзін-өзі тану – адамның өзінің «Менін» тануы, өзінің «Менін» барлық жағдайда сезіне алуы: қателескенде, әлсіз де, күшті әрекеттерінде. Ал «өзіне-өзі түсінік беру – күнделікті жағдайда айналада болып жатқан іс- әрекеттер мен құбылыстарға өзінің жек көру көзқарасын білдіру.
Рефлексия мәселесі адам шығармашылығын зерттейтін көптеген ғылымдардың, солардың ішінде философия, психология және педагогиканың өзекті мәселесі болады. Рефлексия жайындаайтылған философиялық ойлар,негізінен,
«адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Сондай- ақ, «Рефлексия адамның өз істерінің мәнін түсінуі, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағандығы туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен қателерді мойындауы не жоққа шығаруы» деген де пікір бар.
Ал психология рефлексияны адам санасынан зерттеудің мүмкін феномендік әдісі ретінде қарастырады. Рефлексия мен сананың өзара байланыстық қатынасын төмедегідей қарастырады: рефлексия алға анықталған тәсіл бойынша сананы зерттеу әдісі бола тұра, оның қасиеті де бола алады. Рефлексия жалпы алғанда адамның өзінің ішкі жан дүниесіне, өзінің тәжірибиесіне, өмірлік іс-әрекеттеріне сүйенуі, білім беру іс- әрекетінде субъектінің мотивін ұйымдастыру формаларының бірі және білім берудің алдыңғы қатарлы жаңашыл тәжірибиесінде пайдаланылатын мақсатқа жету құралы. Рефлексияның пәніне бәрі де кіреді: индивидтің тәжербиесіндегі білімі, көзқарасы, түсінігі, көңіл-күйі, қарым-қатынасы, ынтасы, құндылығы т. б. Рефлексия жағдайында кез келген іс-әрекет ой елегінен өткізіледі, оның мотивтерімен мақсаттары анықталады. Адамды өмір мен мәдениеттің жоғары құндылағы ретіндесанайтын білім беру философиясы мен педагогиканың ізгілікті бағыты адамның жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін оның өзі дамытуын көздейді. Рефлексия – бұл тек қана адамның өзін-өзі білуі мен түсінуі ғана емес, сондай-ақ басқалар өзінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін, эмоционалдық реакцияларын, когнитивтік көзқарастарын қалай білдіретінін білу.
Ал әлеуметтік психологияда рефлексия – бұл адамдардың өзінің көңілдерін өз іс-әрекеттерінің «ішкі» және «сыртқы» мазмұндарына: психологиялық актіде, әр түрлі жағдайда тұрақтандыра алу қабілеттілігі. Рефлексия әр түрінде жүзеге аса береді. Олардыңішінде ең көп тарағаны – өзін- өзі рефлексиялау (адамның өзінің психологиялық көңіл-күйі мен әрекетінесытрқы бақылаушы тарапынан қарауы),өзара рефлексия (субъектілердің бір-бірінің бейнесінің олардың өзара іс-әрекетімен санасының ерекшіліктерін көрсетуінен екі жақтыбейнелену үдерісі), топтық рефлексия (топтық іс-әрекет пен топтық өзара іс-әрекеттілік мазмұны бар рефлексия).
Көптеген ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, «рефлексия» термині ресейлік әдебиеттерде ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары алғаш рет қолданыла бастаған. Ал 1900-1930 жылдары психологияда ғылыми жаратылыстану бағыты рефлексология («reflexus» латын сөзі «шағылысқан» және «logos»- грек сөзі
«ілім») дами бастады. Психологиядан бастау алған рефлексология педагогика, психиатрия, әлеуметтану, мәдениеттануға да ене бастады. Ғалымдар рефлексиялық үдерістің жүруіндегі екі бағытты айрықша атап көрсетеді: объектінің мағынасын түсіндіруге алып келетін сананың рефлексивтік талдауы және құрылымы; тұлғаның өзара қарым- қатынасын түсіндіретін рефлексия.
Психологтардың пікірінше, рефлексияның күрделі үдерісінде, ең аз дегенде алты көзқарас бар: субъектінің өзі, ақиқат дүниедегі субъектінің өзі, басқаға қалайкөрінетін субъект және басқа субъектінің тарапынан дәл сондай 3 көзқарас. Рефлексия субъектілердің бірін-бірі екі жақты (айналы) өзара бейнелеу үрдісі. Нәтижесінде бір-бірінің ерекшеліктерін қайта қарай алады. Осының нәтижесінде төмендегідей рефлексивтік үдерістер ажыратылады: өзін-өзі түсіну және басқаны түсіну, өзіне-өзі баға беру және өзгені бағалау,өзіне-өзі түсініктеме беру және басқаны түсіндіру.
«Рефлексия» ұғымыныңмағынасын философтар, педагогтар, психологтар жан-жақты ашуға тырысты:
–
шығармашылық мәселелерді шешуде тұлғаның өзінің жеке іс-әрекетін және қарым-қатынасын түсінуге бағытталған рефлексивтік ұстаным (В.В. Давыдов, Я.А. Пономарев, И.Н. Семенов, И.И. Чеснокова т.б.);
–
педагогикалық іс-әрекеттерді үйретудегі рефлексия (Н.В. Кузьмина, Н.В. Кухарев т. б.);
–
оқу-тәрбие үдерісін педагогикалық талдау (Ю.А. Конаржевский т.б.);
–
педагогикалық іс-әрекетті өзіндіктаңдауға мұғалімдерді үйрету (Л.Е. Плескач, В.Храпов т.б.);
–
диагностикалық негізде алдыңғы қатарлы озат тәжірибені талдау, зерттеу, тарату (Я.С. Турбовской т.б.);
–
оқу-тәрбие үдерісінде мұғалімнің дидактикалық мүмкіндіктерін ашу (Ю.К. Бабанский, Г.С. Полякова т.б.)
–
тұтас педагогикалық процесс теориясын жетілдіруді талдау (М.А. Данилов, Н.Д. Хмель т.б.)
–
әдіснамалық мәдениетті қалыптастыру (В.В. Краевский, В.А. Сластенин, В.Э. Тамарин, В.А. Мосолов, О.С. Анисимов, Е.В. Бережнова, Ю.В. Сенько, С.В. Кульневич т.б.);
–
педагогикалық рефлексия (Б.З. Вульфов, С.В. Степанова, Л.В. Яковлева, В.А. Сластенин, Л.С. Подымова т.б.);
–
педагогикалық шығармашылық (В.И. Андреев, В.И. Загвязинский, Н.Д. Никандров, М.М. Поташник т.б.);
–
коммуникативтік іскерлік (Ю.Б. Азаров, Н.Д. Грехнев, В.А. Кан-Калик, А.В. Мудрик т.б.)
Білім менеджерінің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда да педагогикалық рефлексияның алатын орны ерекше, себебі: оның өз ісіне басқаның көзіменқарауы, оның өз қателігін өзі көріп, өзі түсінуге, өзін-өзібағалауға, түзетуге, жетілдіруге үйретеді. Білім менджерінің ғылыми-зерттеу әрекетіне даярлығы оның кәсіби құзіреттілігінің іргетасыекендігі белгілі. Білім менджерінің қазіргі кезеңдегі білім беру саласындағы өзгерістерге сәйкес оның жаңа педагогикалық сапасын қалыптастыруда да рефлексияның атқаратын рөлі зор болмақшы. Педагогика ғылымында «рефлексиялық жүйе», «рефлексия деңгейі» ұғымдары жан-жақтызерттеле бастады. Ғалым С.Л. Рубинштейннің пікірінше, рефлексия адамның өмірден өз орнын табуға, өмірде өз көзқарасын білдіруде, оны талдауға, пайымдауға көмектеседі.
Рефлексия мен адамның ойлау іс-әрекетінің ара-қатынасын зерделеп көрелік.
Рефлексия – «адамды ойлауға бағыттайтын адами түсініктің ұстанымы, танымның әдіс-тәсілдерін сыни талдау, өз білімнің деңгейін білу, өзіндіктаным іс-әрекетін, адамныңрухани әлемнің ішкі құрылымын ашып көрсету».
М.В. Кларин шығармашылық ойлаудың мағынасын рефлексиямен байланыстырады. Ғалымның пікірінше, рефлексияның құрылымына, түйсік, жалпылау, салыстыру, бағалау және қобалжу, еске алу, мәселені шешу т.б. жатады.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, рефлексия мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінде айқын көріне бастайды
– оқытушы оқушының ойын, зейінін және іс-әрекетін мақсатқа бағыттау барысындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің практикалық іс-әрекетінде;
– оқушының іс-әрекетін жобалау үдерісінде: мұғалім оқушының жеке, дара, дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оның қабілеттерінің дамуына бағыттайтын оқытудың мақсатына сәйкес жоба құрастыру;
– мұғалімнің өз іс-әрекетін субъект ретінде өзі талдауы, өзін- өзі бағалауы, сондай-ақ мұғалім өзінің оқушыларын да өз іс- әрекеттерін талдауға, ой елегінен өткізуге, бағалауға, яғни, өз іс- әрекетіне өзінің рефлексивті қатынасын үйретеді.
Ғалымдар педагогтің кәсіби қызметі мен рефлексияның арасында өзара байланысты атап көрсетті. Педагогтің әр түрлі қызметі оның жеке педагогикалық іс-әрекетінің тиімділігін болжауға және бағалауға рефлексивті тетіктерін түрлендіреді. Практикада «педагогикалық рефлексия» ұғымын, бірінші кезекте, оқытушы өзін оқушының орнына қоя алатындығы және оқушылар көзімен қарағанда оқытушының беделімен байланыстырады. Зерттеушілер педагогтің төмендегідей позицияларын анықтап көрсетеді:
-өзінің іс-тәжірибесін әріптестеріне бере алатын оқытушы- әдіскер;
-оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын оқытушы. Педагогикалық рефлексия педагогтің әр түрлі позициясында жетіле отырып, оның ақпараткөздерін пайдалану нәтижесінде сыннан өтті. Тіпті ғылымға«педагогтің рефлексивтілігі» деген ұғым да ене бастады.Педагогикалық рефлексияға байланысты мұғалімнің нақты жағдайларында ойлау үрдісі қатар қарастырылады. Мұғалімнің әр түрлі кезеңдерде, инновациялық іс-әрекеттеріндегі рефлексияның мазмұнын В.А. Сластетин, Л.С. Подымовалар аша отырып, әр түрлі педагогикалық жаңалықтарға оқытушының рефлексивті позициясын ұштастырады, педагогикалық рефлексияның тиімді факторларын, рефлексивті өзара іс-әрекетті анықтайды.
Ғалым Н.В. Кухарев іс-әрекет нәтижесіне қатысты әрбір мұғалімнің кәсібилік деңгейін төмендегідей анықтайды: репродуктивтік – өзінің білетінін өзгеге айтып жеткізе алады; адаптивтік – аудитория тыңдаушыларына өзінің хабарласымын сіңдіре алады; оқшауланған – модельдік – курстық бағдарламасының белгілі бөлімдері бойынша білім, білік, дағдылар жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; жүйе- модельдік білімі – толық курс бойынша білім, білік, дағдылар жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; жүйе-модельдік шығармашылық – өзінің пәнін жаңа жағдайда өзін шығармашыл тұлғаны қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген.
Білім менджерінің іс-әрекетінің негізгі қырларының бірі – оның педагогикалық қабілеттілігі. Ол мұғалімнің тұлғалық қасиеттеріне сәйкес жеке анықталады: объектіге, үдеріске және оның нәтижесіне арнайы сезімталдығымен ерекшеленіп, нақты жағдайда мәселені шешудің тиімді әдістерін көрсетеді. Педагогикалық қабілеттілік қызметтік жүйенің сапасы ретінде қарастырылып, іс-әрекет нәтижесінің басты көрсеткіші болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің 4 деңгейін көрсетугеболады:
1) құқықтық (нормативтік) деңгей –
мемлекеттік білім беру стандтартына бағытталған, педагогикалық іс-әрекеттің эталондық сапасын сақтауға және қолдауға бағытталған мұғалімнің сипаттамасы;2) түрлендіруші деңгей –
қандай да бір жаңашылмұғалімнің іс-тәжірибесін өз іс-әрекетінде нәтижелі пайдалану;3) шығармашылық деңгей –
өзінің іс-әрекетіне зерттеу жүргізілетін, шығармашыл ізденістегі мұғалім, өзінің жеке оқу әдістемесі бар;4) инновациялық деңгей –
өзінің шығармашылығының арқасында, инновациялық педагогикалық технологияны меңгерген, өзінің жеке жаңалықтарын енгізген, өзінің төл технологиясын ендірген жаңашыл-шығармашыл инноватор мұғалім. Педагогтің зерттеуге даярлығын қалыптастыруда жоғары деңгей– төртінші деңгей– инновациялық деңгейболады. Мұғалімнің жоғары инновациялық деңгейі қалыптасуы үшін ол өзін-өзі жетілдіру жұмыстарын жүргізуі тиіс: өз іс-әрекетін өзі талдау, өз іс-әрекетінің нәтижесінде диагностикалық сараптама жасау. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін диагностикалауда оның жеке дара ерекшеліктерін есепке алған жөн. Педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық рефлексияның мәнін ашатын рефлексивті мәдениетті қарастырғанымыз жөн. Ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, рефлексивті мәдениет төмендегідей сипатталады: адамның шығармашылықпен ойлай алу қабілеті мен оған дайындығыжәне шиеленісті жағдайларды болдырмау жолдарын меңгеруі; жаңа білім мен құндылықтарды жинай алу біліктілігі; әр түрлі келеңсіз жағдайлардан шыға алу біліктілігі; қатынастың тұлғаралық жүйесіне бейімделе алу қабілеті; жүйелі практикалық мәселелерді қоя және шеше алу қабілеті.
Педагогтің ғылыми зерттеуге даярлығын қалыптастыру барысындағы педагогикалық рефлексияны қайта қарап, білім берудің жаңа парадигмасы тұсында мұғалім мен оқушының жаңа қызметтерін қайтазерделеу қажет. Қазіргікезеңде «рефлексивтік біліктілік», «өзіндік сана», «өзін-өзі бағалау», «өзін-өзі тәрбиелеу», «өзін-өзі дамыту», «өзін-өзі бақылау», «өзіндік рефлексия» ұғымдарының мазмұны қайта жаңартылуда.
Педагогикалық рефлексия мәселесі мұғалімнің өзінің тұлғасын өзі өзектендіруімен тығыз байланысты. Өзін-өзі өзектендіру тұлғаны дамыту тетігі ретінде адамның әлеуметтік ерекшеліктерін көкейкесті етуімен сипатталады. Ғалымдардың пікірінше, оқытушының өзін-өзі өзектендіруі төмендегідей факторларды анықтайды: өзінің жеке тұлғасымен іс әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді сапалы жетілдіру мақсатында зерттеу (гностикалық іс-әрекет); жүйені жобалау және өзінің әрекетінің реттілігі (конструктивті іс-әрекет); мұғалімнің білім мазмұнын беру бойынша өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастыру (ұйымдастырушылық іс-әрекет).
Сонымен қатар, педагогикалық зерттеудің жүргізілуі барысындажәне аяқталған кезіндесапасын сипаттауға мүмкіндік беретін зерттеуші педагогтің кем дегенде үш сатыдан құралатын
әдіснамалық рефлексия құрылымы анықталады. Әдіснамалық рефлексияның құрылымына зерттеудің ғылыми аппаратының жеке құрауыштары кіреді. Мәселен,
зерттеу мәселесі (бұрын- соңды қарастырылмаған нені зерттеуге болады?);
зерттеу тақырыбы (бұны қалай атасақ болады?);
тақырыптың өзектілігі (аталған мәселені неліктен осы уақытта зерттеу қажет?);
зерттеу объектісі (нені қарастырамыз?);
зерттеу пәні (объект қалай қарастырылады, берілген зерттеу қандай жаңа қатынастарды, қасиеттерді, функциялар мен аспектілері қарастырылады?);
болжамдар мен қорғалатын ұстаным (объектіде не байқалмай тұр, зерттеуші өзгелер көрмей тұрған қандай сипаты бар?);
зерттеу мақсаты (зерттеуші қандай нәтижелерді алғысыкеледі, ол нәтежиені қалай көреді?);
зерттеу міндеттері (мақсатқа қол жеткізу үшін не жасау қажет?);
зерттеу жаңашылдығы (өзгелермен жасалмаған қандай жаңалық бар, қандай нәтижие алғаш рет алынды?);
ғылым үшін мәні (оның мәнін құратын, ғылымның дамуына бағытталған, қай ғылым саласына өзгеріс енгізеді?);
тәжірибе үшін мәні (тәжірбиелік педагогикалық іскерліктің қандай нақты кемшіліктерін зерттеу нәтижиесінде алынған нақты нәтежиелер арқылы түзеуге болады?).
Педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияның түпкі мақсаты – білім беру сапасын арттыру.
Педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияны педагогикалық үдерісте пайдаланып, жаңа өзгерістер енгізуге болады. Мәселен, озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату жұмыстарын диагностикалық негізде құруға болады. Диагностикалық әдіске ғалымдар өзін-өзі бағалау (рейтинг), өзіне-өзі баға беру, сауалнама жүргізу, анкета алу, әңгімелесу, мониторингтік сараптаманы т.б. жатқызып жүр. Диагностикалық әдістің маңызы: нақты оқу мәселелерін шешуде мұғалім іс- әрекетінің әлсіз жақтарын анықтау; анықталған мұғалімнің әлсіз жақтарының қиындықтарын айқындау; айқындалған кемшіліктер мен қиындықтардың себептерін ашу; анықталған мәселені тиімді шешу жолдарын іздестіру.
Педагогикалық рефлексия мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 1. «Рефлексия» ұғымының мағынасықандай?
2. Оқыту нәтижелерін бағалауда рефлекцияның маңызы қандай?
3. Рефлексия мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің байланысы қандай?
4. Педагогикалық іс-әрекеттің қанша деңгейі бар?
5. Оқытушының өзін-өзіөзектендіруінің қандай факторлары бар?
6. Педагогтің рефлекциялық құрылымы неше сатыдан тұрады?
7. Педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияның мақсаты қандай?