ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ – БІЛІМ МЕНЕДЖЕРІНІҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ
Бүгінгі педагог үнемі ізденіс үстінде, сондай-ақ ол «білім алушы не нәрсеге оқыту керек?» деген көкейтесті проблемалық сұраққа жауап іздейді. Қазіргі заманғы педагогтің, шебер педагогтің айрықша белгілері – ұдайы өзін-өзі сын тұрғысынан қарау, білімдарлық және жоғары еңбек мәдениеті. Мұғалімнің кәсіби өсуі өздігінен білім алу қажеттілігінсіз мүмкін емес. XXI ғасырдың мұғалімі – педагогикалық қызметтің әр алуан салаларындағы өз жұмысының қорытындыларын шығаруға, өз тәжірибесін жинақтауға міндетті түрде ұмтылатын тәжірибелі технолог, ұйымдастырушы. Бұрын мұғалім оқушының алған ақпаратының көлемін білумен шектелетін де, көбіне оны шәкірттің жеке өз көзқарасы қызықтырмайтын. Білім алушы мұндай жүйеде – объект,яғни мұғалім білім береді, оқушы білім алады. Нәтижесінде, белгілі психолог А.Н. Леоньевтің айтуынша, «ақылды байыту кезінде жан жұтады».
Білім беру мазмұнындағы өзгеріс мұғалім мен оқушының іс- әрекетінен бастау алады. Әуелі мұғалімнің негізгі функциясы өзгереді: ол ақпарат таратушыдан менеджерге айналады. Білім берудің жаңа жүйесінде мұғалім үшін басты міндет – оқыту үдерісін басқару. Оқушының мән-мазмұны да өзгереді: ол ақпарат қабылдаушыдан әріптестікке, мұғаліммен қызметтеске – оқытудың субъект-объектісіне айналады, яғни белсенді тұлға болып қалыптасады. Білім алушы жұмыс жасайды, ал педагог менеджер оның атқарған ісін бағалайды.
Соған орай, педагог менеджер оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мынандай бөлімдерді екергені дұрыс:
Педагог тәрбиесінің мақсаты – баланы дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайықты азамат ету. Мектеп әрбір жас буынды өмір жалғасы, қоғам тірегі, ұлт болашағы деп танып, оларға берік сенім мен айқын көзқарасты ұялатуға тиіс.
Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әр түрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі, түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясыдеп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Орыс педагогі К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы, білімді де білікті,ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі. Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырғаншәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылыәзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсатжан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке-дара жұмыстар жүргізеді.
Сонымен, мұғалім оқыту үдерісінде оқушыны әрекеттеніп, талпынып, жаңа материалды игеруіне бағыттауы тиіс. Оқыту барысының нәтижелі болуы мұғалімнің әдістемесіне, шеберлігіне және оның жаңа технологияларды озық игеруіне байланысты. Әлемдік өркениеттің қарыштап алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етіп, бала тәрбиесінің жаңа саласы педагогикалық инноватиканы дүниеге әкелді. Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру үдерісін тұтастай ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарының барлық буындарын технологияландыруды қажет етеді.
Білім беру сапасын арттырубарлық әлем қауымдастағы үшін маңызды мәселелердің бірі. Еліміздің білім саласында білім беру сапасын арттыруға және оқу мен оқытуды жан-жақты жетілдіру бағытында көптеген бастамалар орын алды.
Білім беру үрдісінің менеджері– бұл адамға біліммен қатынас жасау мүмкіндігін туғызады. Білім – бұл үлкен әлем, әсер етуші күш. Бұл менеджер үшін тағы бір жағынан бизнес: жеке меншік мектептер және коммерциялық жоғары оқу орындары, министрлік қызмет және халықаралық әріптестермен ықпалдастық, біліктілікті көтеру.
Білім менеджері – кәсіби сауатты және функциональдық тұрғыдан білікті басқарушы. И.П. Раченконың пікірі бойынша, ол өз кәсібінеркін меңгерумен қатар, ұйымдастыру және басқару ісінің теорияларын, маркетингті, психологияны, андрагогиканы, акмеологияны, интегративті педагогиканы, сондай-ақ, әлеуметтік антропология, мәдениет теориясы, конфликтология секілді пәндерді игерген маман болуы керек.
Басқару жөніндегі менеджер-ұйымдастырушының басты ұстанымдары қандай?
Шешім қабылдау. Ол даму стратегиясының таңдалып алынуына, ресурстардың бөлінуіне, оперативті қызмет түрлерінің жүзеге асуына жауап береді.
Ақпараттық. Басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпараттарды (мәліметтер базасын) жинайды және талдайды; қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын, мультимедиялық жабдықтар мен интерактивті құралдарды, коммуникация құралдарын қолдануға қабілеттілік; ақпараттарды нақты әзірлеп, орындаушысына дейін жеткізуі.
Тұлғааралық. Мектептің ішкі және сыртқы қарым- қатынастарын қалыптастыру; мұғалімдер соңына еретіндей көшбасшы болу; парызды сезіну және өз ісіне дегенберілгендік; адамдармен қарым-қатынаста адал болу және серіктестерге (стратегиялық әріптестерге) сену; өз ойларын жеткізе білуі және орнықты дәлелдей алуы; білім беру процесіне қатысушылармен ізгі адамгершілік қарым-қатынаста болуы; өзінің физикалық және рухани күш-қуатын тез қалпына келтіру қабілеті.
Адам ресурстарымен жұмыс жүргізу және кадр саясаты. Мектепті білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету; шығармашылық әлеуетті дамыту, кәсіби тұрғыдан өсу және педагогикалық біліктілікті арттыру үшін тиісті жағдайлар жасау. Көздеген мақсаттарға жету үшін заңнамалық актілерге, мектеп Жарғысына және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың конституциялық құқықтарын пайдалануына, функциональдық міндеттерін толық атқаруына еркін жол ашу, олардың жауапкершіліктерін арттыра отырып, шеберліктері мен шығармашылықтарын жетілдіру. Оқушылар ұжымын балалардың жеке ерекшеліктерін, тілек-талаптарын, қабілеттерін, тәрбиелік және білімділік деңгейлерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуде теңдікті, дифференциялылықты қамтамасыз ететін әдістеме бойынша жинақтау (комплектациялау); «Біз – бір командамыз» акциясы аясында командалар құру. Білім беру жүйесінде мектеп қызметінің барлықсалалары бойынша мемлекеттік бақылау орнату (ҚР «Білім туралы»Заңының 59-бабы); мектептеинспекциялық және инновациялық шараларды қызметтік, тұлғалық-бағдарлық және тұлғалық-гуманистік қарым-қатынастар негізінде жүзеге асыру. Қол жеткізілген соңғы нақты нәтижелерге бақылау және мониторинг жүргізу, мәліметтер базасымен салыстыру, білім беру процесіне проблемалық-бағдарлық талдау жасау; ақпараттық-сараптамалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру. Ұйымшылдық және уақытты мақсатты түрде пайдалану. Мектеп міндеттеріне сай келетін жеке басым бағыттар мен мақсаттарды белгілеу. Жеке жұмыс уақытын педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптеріне сәйкес ақыл- парасатқа жүгіне отырып дұрыс бөлу. Заңнамалық актілермен, нормативтік құжаттамен және ғылыми-әдістемелік дерек көздерімен, Интернетпен мақсатты түрде, өнімді жұмыс жүргізе білу; оларды тауып, талдап, жүйелеп, өңдей білу, жаңа ақпарат жасап, оны ұжымға жеткізе білу. Тиімді әкімшілік және басқару шешімдерін қабылдай білу. Оқушылардың өзін өзі басқаруы, қоғамдықбалалар қозғалыстары арқылы мектеп басшылығының, мұғалімдері мен оқушыларының өзін өзі көрсету шарты ретінде мектептің инновациялық қызметін жүзеге асыру. Өз уақытын бағалай білу. Жинақылық, назарды бір мақсатқа шоғырландыра білу, тұрақты өнімді жұмыс – қызметтегі басты мәселесі.


Білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі ұғымдар қандай?
2. Білім беру менеджері қызметінің принциптеріне не жатады?
3. Менеджер-ұйымдастырушының басты ұстанымдары қандай?
4. Адам ресурстарымен жұмыс жүргізу және кадр саясатындағы білім менеджерінің ұстанымдарына не жатады?
5. «Білім менеджерінің білім сапасын жетілдірудегі басты ұстанымы» туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз.

Made on
Tilda