Адамзаттың ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік жетістіктердің мүмкіндігінше меңгеруі басқару қызметінің мәнінің және күрделілігінің үздіксіз өсуімен байланысты. Басқарудың мәні алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін обьективті және субьективті жағдайларды қамтамасыз ету. Сондықтан жақсы басқарушы адамдардың үстінен бұйырмайды, керісінше олардың еңбек қызметі үшін қолайлы, тиімді жағдай жасайды.
Басқару – бұл кез-келген мекеменің тиімді қызмет етуіне байланысты дұрыс бөлінген билік. Қызметтік өкілеттіліктерге қарамастан (билікті бөлу)басқару тәртібінің жалпыпринциптері бар: құзырлылық; адамгершілік; инновациялық; прагматизм және басқару стилі де енеді, ол автократиялық, бюрократиялық, демократиялық болуы мүмкін.
Менеджердің адами құзіреттілігі – оның басқару қызметіндегі антропологиялық білімді пайдалануға теориялық- қолданбалылық дайындығымен анықталады.
Қазіргі білім беру доктриналарының, стратегиялардың, жүйелердің және технологиялардың әр түлі болатындығына қарамастан, білім беру менеджерлерін дайындайтын әмбебап идеяларды кездестіру қиын.
Білім берудің басты құндылығы өмір бойы әрбір адамның білім алуға, өзін дамытуға бағытталған, шығармашылық қуаттылығын іске асыру қабілетін сыртқа шығару мүмкіндігін және қажеттілігін адамда дамыту.
Білім беру менеджері – бұл жеке тұлға ретіндеөзін-өзі үздіксіз дамытушы, кәсіби басқарушылық-педагогикалық қызметті шығармашылық жағынан іске асыруғақабілетті маман. Қазір білім беру қызметін ұйымдастыруға қабілетті, «өнімді дайындайтын» және «өнімді» нарыққа шығара алатын қабілетті адамдар қажет. Мұндайадамдар менеджерлер екені белгілі.
Нарықтық қатынастарда оның қызметіне іс жүзінде бәрі қатысты.
Менеджер таңдау мәселесі үлкен маңызға ие. Білім беру саласында менеджерлерді кәсіби дайындау үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі басқарудың жағдайына менеджмент теориясы көзқарасынан талдау жасау.
2. Білім жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін менеджменттің қажеттілігін негіздеу.
3. Білім саласындағы өз ісінің маманы ретінде менеджердің моделін құру.
4. Менеджерді кәсіби дайындауүрдісінің мазмұнын ұсыну.
5. Менеджерді кәсіби дайындау үрдісініңтехнологиясын сипаттап жазу.
Егер білім саласындағы менеджердің кәсіби дайындығы білім беру жүйесінің мамандарды кәсіби даярлаудың жалпыжүйесінің құрамдас бөлігі десек, білім беру жүйесінің болашақ кәсіби басқару деңгейі неғұрлымкөтеріледі және қосымша кәсібибілім жүзеге асады. Осыған байланысты біздің қазіргі қоғамда ұлттық іскер мәдени ерекшеліктерін есепке ала отырып, менеджер өз ісінің маманы моделін және менеджерлерді кәсіби дайындау жүйесінің принципиалды негіздерін жасау қажет. Бұл әр түрлі деңгейдегі менеджерлерді және басқа да қызметтегі – әлеуметтік салада, денсаулық сақтау, өндірістік қызметтегі менеджерлерді дайындау үшін тәжірибелік құндылыққа ие болады.
Оған қажеттіқұралдар:
- ХХІ ғасырдың ғаламдық әлеуметтік және білім беру мәселелерін шешу қажеттілігін есепке ала отырып, білім беру менеджерінің моделін дайындау;
- білім беру менеджерін кәсіби дайындауда қолданылатын білім беру технологиясын және оның дайындығының мазмұны;
- білім беру менеджерлерін дайындау үшін ғылыми- әдістемелік құрал.
Менеджер жоғары шеберлік деңгейіндегі адамдарды ұйымдастырушы ретінде базалық кәсіби білімді, ерекше дайындықты қажет етеді.