ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДА БІЛІМ МЕНЕДЖЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ
Қазақстанның әлемдік экономикалық қауымдастыққа енуі, нарықтық қатынастардың дамуы біздің еліміздің барлық сфераларында түбегейлі өзгерістерге әкелді. Қызметтің жаңа салалары пайда болады, жаңа жағдайларда тиімді жұмыс істеуге қабілетті басқару қызметкерлерін дайындау қажеттілігі туып отыр. Мұнда кәсіби басқарушы ретінде негізгі тұтқа – менеджер және менеджмент. Қазақстанның инновациялық экономикасының қалыптасуы жағдайында мемлекеттік басқару және нарықтық құрылымдар жүйесіндегі сияқты білім беру мекемелерінде де ұйымдастырушылық, басқарушылық және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың мазмұны толығымен өзгерді. Білім беру үрдісінің менеджері – бұл адамға біліммен қатынас жасау мүмкіндігін туғызады. Білім – бұл үлкен әлем, әсер етуші күш. Бұл менеджер үшін тағы бір жағынан бизнес: жеке меншік мектептер және коммерциялық жоғары оқу орындары, министрлік қызмет және халықаралық әріптестермен ықпалдастық, біліктілікті көтеру.
Нарықтық экономика жағдайындағы кез-келген білім беру мекемесінің қызметінің тиімділігі көбінесе менеджменттің қазіргі әдіс-тәсілдері және принциптері пайдаланумен байланысты. Басқару қызметі өзінің мазмұны және сипаты бойынша қоғам өмірінде интеллектуальды реттеуші рөл атқарады.
Мектептің басқару стилі – өз әрекетін, оның нәтижелерін сыни тұрғыдан өзі бағалай алатын және ұжымды сенімді қарым- қатынасқа бағыттайтын демократиялық стиль.
Білім жүйесінде басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін мақсат, міндеттер мен білім беру мекемесінің барлық деңгейлеріндегі басқару әрекетінің мазмұнын анықтап алу қажет.

Мектепті жаңарту жағдайында бақылау қызметін өзгерту қажеттілігі күн сайын жаңалықты талап етеді. Жаңа жағдайда бақылау тексеру мен оның қорытындысы бойынша шара қолданумен шектелмеуі тиіс. Ол көбіне аралық және соңғы қорытынды нәтижелері бойынша сараптау жұмысынқамтамасыз етуге тиіс. Мектепті басқарудағы табыс басқару құрылымын дұрыс таңдауға байланысты.
Жүйелі жолмен мектепті басқарудатабысқа жету мынаған жағдайларға байланысты:
1.    Мектеп жұмысын жоспарлау, мақсаттарды дұрыс қою, оларды маңыздылығына қарай дұрыс ретімен таңдау;
2.  Мамандарды бөлу, міндеттерді бөлу, бөліктер арасындағы байланысты орнату және ол байланысты жұмыс істету;
3.   Мектепішілік ақпараттар жүйесін және оның тиімді кері байланысын орнату;
4.  Оқу-тәрбие үдерісінің қалыпты жүруі үшін материалдық- техникалық базаны құру;
5.  Ұжымдағы қажетті моральдық климаттың болуы;
6.    Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің біліктілігі мен тәжірибесі және олардың педагогтік шеберлігін арттыру жүйесіне байланысты.
Басқару – субъектілердің мығым байланысы. Өзара байланыстың мәні тікелей және кері әрекеттің үздіксіздігінен, бір-біріне әсер ететін субъектілердің органикалық байланысының өзгеруінен тұрады. Сонымен қатар, өзара байланыс – өз ішінен бөлінетін біртұтас, өздігінен дамитын жүйе. Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, құрылтайшылар кеңесі, мектеп кеңесі, жетекші жасаған және іске асыратын мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың мектепішілік басқару құрылымына енетін басқа органдары мен бірлестік түрлерінің белгілі қызметтері бар, олар бір-бірін толықтырады және басқару жүйесін жеткілікті дәрежеде толықтырады. Мектеп менеджері лауазымдық міндеттерді нақты бөледі және олардың іске асуын қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.
Мұғалімдер мен ата-аналар мақсаттарын жетік түсінетін, бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде сол мақсаттарға жетудібірлесе қамтамасыз ететін пікірлестер ұжымын құрады. Мамандармен жұмыста мұғалімдер біліктілігін жетілдіруге баса назар аударылады. Баланың дами алатын тұлға ретінде қалыптасуын дами алатын педагогтік ұжым ғана іске асыра алады. Басшы жұмысының бір бағыты – білім беру мекемесіне міндетті түрде қажет сыртқы іскерлік байланыстар, облыстық, аудандық ОБ, ПМБАИ, медициналық мекемелер, МАИ, бұқаралық ақпарат құралдары. Оқушылар мен олардың ата-аналарын білу, олардың әрқайсысына құрмет көрсету, педагогтік және оқушылар ұжымында, ата-аналармен қатар жұмыс істей отырып, мектеп дәстүрлерін сақтау және дамыту балаларды оқыту мен тәрбиелеуде табысқа жетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі әлемде мектеп сырттан келетін көмексіз, өз алдына сапалы өнім шығара алатын кәсіпорын ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда менеджердің қызметі мен рөлі өзгереді. Ол мектеп бюджетін белгілеуі керек, қызметкерлермен басшы арасындағы саясатты, мектепішілік саясатты – мектеп дамуын жобалаудан бастап жұптасқан байланысты басқаруға дейін анықтайды.
Оқыту мен тәрбие – білім берудің біртұтас үрдісі, ол мұғалімдер мен мектептен тыс жерде балаларды тәрбиелеудегі негізгі рөл атқаратын ата-аналардың шығармашылық іс- әрекетінсіз іске аспайды. Бала қоғамда өз бетінше өмір сүруге толық дайын болуға және бейбітшілік, бедел, шыдамдылық, еркіндік, теңдік пен ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс. Ал мектеп өз әрекетінде ата-аналар мен қоғамның басқа мүшелерінің қатысуына ықпал етуі керек.Отбасы мен мектептің тығыз қарым-қатынасы мен әрекеті жеке тұлғаның табысты әлеуметтенуінің айғағы. Қазіргі кездегі мектеп – күрделі әлеуметтік-педагогтік жүйе. Ол өз құрамына педагогтік және оқушылар ұжымын, ересектер мен балалардың түрлі бірлестіктері мен ұйымдарын біріктіреді.
Жаңа қоғамға жаңа білім қажет, онда болашақ маманның кәсіби жоғары біліктілігіне ғана емес, Қазақстан бүгін қол жеткізген ақпараттық қоғамдағы оның жалпы сауаттылығына көңіл бөлінеді, яғни маманның дайындық сапасына талап қою деңгейі көп көтерілді. Менеджердің рухани дамуы қазіргі жағдайда сапалырақ және негізді болып келеді, өйткені қазіргі кезде кәсіби-педагогикалық дайындық мазмұнында басшыны құндылықтар, олардың табиғаты туралы, даму механизмі мен қызмет ету тәсілдері туралы,сондай-ақ қазіргі басшының жеке тұлғасын кәсіби қалыптастыратын және өздігінен жетілдіретін кәсіби-педагогикалық құндылықтар, әдіснамалық, қисындық және қолданбалы білім енетін аксиологиялық компонент болып табылады. Жоғары кәсіби біліктіліктен басқа басшы өз біліктілігін үздіксіз жоғарылатып отыруға тиіс. Басшының маңызды кәсіби қасиеті өзіне деген сенімділік болса, кәсіби деңгейінің маңызды көрсеткіші оның шығармашылық қасиеттері, шығармашылық қайталанбас даралығы болады.
Басқару жүйесінде объективті және субъективті факторлар, үрдістік және өнімді компоненттер икемделе бірігуге тиіс. Бұл менеджерден стратегиялық икемді және оперативті-нақты басқару механизмін жасауды талап етеді. Білім беру жүйесін астынан бастап жоғарыға дейін реформалау жағдайындағы басқару механизмібүгінгі талаптарға сай болуға тиіс, бұған түрлі факторлар: мұғалімдер құрамының сапасы, педагогтік ұжымда қалыптасқан қарым-қатынас, моральдық-психологиялық климат, шығармашылық ізденіс үшін басшы жасаған жағдайлар, қызметкерлердің әрекетін шынайы бағалау, олардың жұмысына көңіл бөлу, оларға қазіргі заманғы білікті ғылыми және әдістемелік көмек көрсету, еңбек нәтижелерін ынталандыру және менеджердің кәсіби біліктілігін басқарушылық құзыреттер деңгейінде сақтау, дамыту тікелей әсер етеді. Басшының берік басқару позициясы, оның беделі өз қол астындағылармен ол әр тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың еңбек әрекеті жағдайындағы әлеуметтік мәнін мойындайтын қарым- қатынас стилін дұрыс тауып, іске асырған жағдайда ғана пайда болады және ойдағы биіктікте қала алады.
Білім менеджерінің басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық үдерісті басқару әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепшілік басқару технологиясы білім менеджерінің шеберлігіне байланысты.
Білім менеджерінің басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешу әдістері мен тәсілдерін меңгеруіне байланысты және олар мынадай үдерістер барысында байқалады:
-      оқу үдерісінің, оқу жылының жүйелі бөлігі ретінде тәрбиелеу шараларының;
-    оның тиімділігін анықтайтын жинақталған факторларды табу;
-   оқу жылында жоспарланған негізгі бағыттардың мазмұны мен түрлерін нақтылау, әдебиеттердің мақсаттылығы және негізділігі;
-         оқу жылының ішінде жүргізілген жұмыстардың, сабақтардың, тәрбиелік іс-шаралардың нәтижелерін талдау;
-  ұйымдастыру барысындағы кемшіліктер мен жетістіктердің негізгі себептерін нақтылау;
жаңа оқу жылында атқарылған кешенді жұмыстарды жетілдіру және қорытындылау.
Мектептің педагогикалық кеңесі, мектеп директорының, директордың орынбасары жанындағы жиналыс, әдістемелік семинар, клубтар, оқушылар комитетінің мәжілісі мектеп қызметін ұйымдастырудың басты формалары болады.
Педагогикалық кеңес – бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кәсіпқойлар кеңесі, оқу-тәрбие үдерісін (бұдан әрі – ОТҮ) ұйымдастыруға қатысты мәселелерді шешеді, оны жетілдіру жолдарын анықтайды.

Міндеттері:
-     мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келетін оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау және іріктеу және ОТҮ формалары мен әдістерін енгізу, оларды жүзеге асыру тәсілдерін анықтау;
-   болашақ жылдық, ағымдық жоспарларды, білім сапасын жүзеге асыру жұмыстары;
-        мұғалімдердің, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-           педагог қызметкерлерді аттестаттау, аттестаттау технологиясын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, санат тағайындау, атақ, разряд беру бойынша білім басқармасы органдарына өтініш жіберу;
-  тағылымдамаға, біліктілік арттыру курстарына жіберілетін мұғалімдердің кандидатурасын қарастыру және бекіту;
-    мектептің ғылыми-зерттеу, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен және оқу орындарымен, шығармашылық бірлестіктермен әрекеттестігінің негізгі бағыттарын анықтау, тәжірибелі-сараптамалық жұмысты ұйымдастыру, мектеп құрлымында әдістемелік қызметтер, орталықтар құру.
Педагогтің психологиялық тұрғыдан қайта қалыптасу проблемасы бүгін жаңа мазмұнға ие болды: ол оның саяси ойын қайтадан құрды. Ата-аналардың қатысуы, ата-аналардың өздік басқаруы, жалпы мектеп пен қоғам арасындағы байланыс, педагогтік ұжымның бәсекелестікке қабілеттілігін және мүмкіндіктері бойынша жұмыс, білім беру үрдісі мен оқушыларды тәрбиелеу сапасын арттыруды үдететін қазіргі технологияларды қолдану мен психологиялық-педагогтік жолдарды жетілдірудің рөлі күшейді. Мектепті басқарудың негізгі функциялары, басқару мәдениетінің негізгі компоненттері, білім саласындаеңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығармашылықты да қосатын болды.
Дүние жүзілікпедагогика ғылымында білім беру жүйесіндегі педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың мәндік қасиеттері, компоненттері, құрылымы және функциялары анықталған. Пе- дагогикалык шеберлік – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс- әрекеттер жиынтығы. Оның басты міндеттері мыналар:
·     білім алуды, дамуды, басқа да іс-әрекеттерді мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
·     білімі мен білігіне сай келетін бағдартаңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
·     өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
·     аналитикалық ойлау қабілетін дамыту;
Педагогикалық шеберліктің бір белгісі – жаңа педагогикалық технологиялармен жұмыс істей алу. Жаңа педагогикалық технологияларменжұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
·     оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
·     студенттердің сабақ бастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
·     оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдасты- рушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
·     жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу;
·     пәндік білім стандартымен жете танысу;
·     білімді деңгеймен беру технологиясын игеру арқылы студенттерге білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
·     оқу үдерісін ізгілендірумен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу;
Қазіргі оқытушы педагогикалық шеберлікті инновациялық білім кеңістігінде қалыптастыруы тиіс.
Ал, инновациялық білім кеңістігінің педагогикалық негізгі қағидалары төмендегідей:
·     білім алушыға ізгіліктұрғысынан қарау;
·     оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
·     білім алушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
·     білім алушының өз бетіменәрекеттену әдістерін меңгеру;
·     білім  алушының  танымдылық  және   шығармашылық икемділігін дамыту;
·     білім алушыны ойлау қабілетімен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
·     барлық білім алушының дамуы үшін жүйеліжұмыс істеу;
·     оқу үдерісін білім алушыныңсезінуі;
Инновациялық білім кеңістігінде педагогикалық шеберлікті меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар мыналар:
·     педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;
·     оқу   бағдарламасынынң   түрлендірілген   нұсқауларын құрастыру;
·     оқу модулін құрастыру;
·     оқу жобаларының мазмұнын анықтау,әр студентке арналған тапсырмалар құрастыру;
·     студенттердің   жаңа   материалды   меңгеруі   бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;
·     оқу әрекетінің бағалаукөрсеткіштерін анықтау;
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің қалыптасуына оның кәсіби мамандығына қойылатын төмендегідей негізгі талаптарды орындауда ықпал етеді:
·     қоғамның алдынғы қатарлыидеяларын игеру;
·     жан-жақты білімдарлық, өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болу;
·     педагогикамен байланысты пәндерді-психологияны, физиологияны, анатомияны мектеп гигиенасын, мектептануды жақсы білу;
·     оқылатын пәннің, соған байланысты ғылымды, оның жетістіктерін, ағымын жақсы білу;
·     оқыту, тәрбиелеу әдістемелерін білу;
·     жұмысына шығармашылық көзқарас;
·     оқушыны, студентті жақсы білу, олардың жандүниесін түсіну;
·     педагогикалық сенім;
·     педагогтік техниканы меңгеру;
·     педагогтік әдептілікті меңгеру;
·     оқушыға, студентке деген құрмет пен әділдік т.б.
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыру кәсіби білім берудің негізінде жатқан жалпы әдіснамалық ұстанымдарды және педагогикалық шеберліктің мазмұнын, формасын, әдістерін, құралдарын анықтайтын арнайы әдіснамалық ұстанымдарды талап етеді.

Білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1.  Мектептің басқарустилінің өзіндік ұстанымдары қандай?
2.  Мектепті басқаруда табысқа жетудің жолдарықандай?
3.  Мектепшілік басқарутехнологиясы мен білім менеджері шеберлігінің қандай байланысы бар?
4.  Оқу-тәрбие үдерісіндегі педагогикалық кеңестің маңызы қандай?
5.     Педагогикалык шеберлік пен мұғалімнің кәсіби қызметінің өзара байланысы қандай?
6.    Инновациялық білім кеңістігіндегі педагогикалық негізгі қағидалар қандай?
Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Оқушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне көп байланысты.
Мұғалімдердің оқушы білімін бағалаудабес баллдық жүйенің кемшілігі көп. Оқушы білімін бағалаудың жыл аяғындағы қорытынды бақылау нәтижесі мен мұғалім бағалауында елеулі айырмашылық кездесіп отырады. Негізгі себеп – мұғалім бағалауындағы субъективтілік пен жыл аяғындағы оқушы біліміндегі объективтіліктер. Жоғары сынып оқушылары бес баллдық бағалау жүйесіне қанағаттанбайды, себебі қазіргі жүйемен нақты білімдеңгейін анықтау мүмкіндігі төмен, бағалау нәтижесі объективті емес. Сондықтан да қазіргі өркениетті елдердегі сияқты қоғамдық қатынастар сұранысын қанағаттандыратын оқу еңбегін бағалаудың жаңа шкаласын еңгізілгендігінің маңызы тағыда айқындалады.

Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Білім сапасынмониторингілеу және диагностикалаудың маңызы қандай?
2. Педагогикалық мониторинг жасауғақандай бағыттар арқылыжүзеге асырылады?
3. Педагогикалық мониторингтiң әсер етушi факторлар қандай?
4. Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсiне не жатады?
5. Педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң өзара байланысы қандай?
6. Оқытудың нәтижелілігіне диагностикалық тексеру жүргізудеңгейлері қандай?
7. Педагогикалық диагностиканың қазіргізаманғы даму үрдістеріқалай айқындалады?
8. Білім сапасына диагностика жасау мен бағалаужүйесінің қандай қағидалары бар?
9. Мониторингтің мақсаты мен міндеттері қандай?
10. Мониторингтің негізгібағыттары мен түрлеріқандай?
11. Мониторингтің объектілері мен өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз.
Made on
Tilda