ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІСКЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСЫРУДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы талдамалар.
Білім менеджерінің зерттеу әрекетіне даярлығын қалыптастыруда ғылыми-зерттеу жұмысының маңызы ерекше. ХХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық білім берудің жалпы теориясы көлемінде педагогтің ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау мәселесі көкейкесті мәселеге айналды.
«Ғылыми-зерттеу жұмысы»,«іс-әрекет шығармашылығы»,
«жаңашылдық» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты: іс- әрекет шығармашылығы арқасында ғылыми-зерттеу жұмысы туады, ал жүйелі жүргізілген кез келген ғылыми-зерттеу жұмысы нәтижесінде «ғылыми болжам» туындап, жаңалық ашуға жол ашылады, яғни, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру мүмкіндігі кеңейеді. Философиялық әдебиеттерде кез келген іс-әрекеттің инвариантты циклі төмендегідей жалпынама нобайда беріледі: мақсат – құрал – нәтиже.
Мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау жоғары оқу орны қабырғасынан бастау алуға тиіс. Мәселен, ғалымдардың пікірінше, болашақ маманның жоғары оқу орнында алған білімі, біліктілігі, тәжірибесі болашақта кәсіби шыңдалуына үлкен әсерін тигізеді.Сондықтан, ғалымдар жоғары оқу орнында ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын арттырудың жолдарын көрсете келе, болашақ педагогтарды педагогикалық іс- әрекетке психологиялық және педагогикалық даярлаукезеңдерін бөліп көрсетеді:

Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмысында болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің интеграцияланған көрсеткіштерін ұсынады: педагогикалық іс-әрекет қажеттілігі мен сұранысының мазмұны; мамандықтың маңызы туралы білім деңгейі мен мұғалімнің кәсіби рөлі, педагогикалық мәселелерді шешу деңгейі т.б. ХХ ғасырдыңсоңындағы көптеген педагогикалық зерттеулер болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесіне арналады. М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович, В.А. Пономаренко т. б. ғалымдар «Даярлау – қандай да бір іс-әрекетті нәтижелі орындаудың алғышарты, іргетасы» деген анықтаманы береді. Сондай-ақ, ғалымдар мұғалімдерді педагогикалық іс-әрекетке даярлаудың құрылымын былай көрсетеді: мотивациялық, бағыттылық, операциялық, жігерлік, бағалау. Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен: В.Н. Литовченко, В.Н. Намазов, Н.С. Амелина, П.Ф. Кравчук, Г.М. Храмова, П.Часакбай, Р.Ч. Бектұрганова, С.П. Арсенова, Л.Ф. Авдеева, Г.В. Никитина т.б. ғалымдар айналысуда.
Қазіргі кезеңдежалпы қоғам талабынасәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің ғылыми зерттеу жұмысын жаңа бағытта жүргізу қолға алынуда. Жалпы мұғалімнің зерттеу іс-әрекеті төмендегідей логикалық байланыста құрылады: рефлексия – ғылыми зерттеу– практика – рефлексия.
В.Б. Бондаревская, Л.Л. Горбунова, Г.С. Сухобская, Л.Н. Маркина, А.И. Кочетов, М.Н. Станкин, А.С .Сиденко, В.И.

Загвязинский, Н.В. Кухарев, Н.Л. Селиванова т.б. ғалымдар зерттеу жұмысын жаңадан бастаған жас мамандарға әдістемелік нұсқаулар, кеңестер береді. Мәселен, ғалым В.Б. Бондаревская ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің төмендегідей іс-әрекеттік алгоритмін ұсынады: тақырып таңдау, жұмыс жоспарын құру, жұмыстың мақсат-міндеттерін анықтау, зерттеу тақырыбына байланысты библиографиялық көрсеткіштер тізімін жасау, зерттеудің нақты әдісін таңдау, зерттеу жүргізу, эксперимент нәтижесін өңдеу, қорытынды жасау т.б.
Г.С. Сухобская, Л.Л. Горбуновалар өз зерттеулерінде мұғалімнің құрылым-әдістемелік іс-әрекетінің зерттеу іскерліктеріне мазмұнды сипаттама береді:
–   оқушының қиындықтарын алдын-ала болжай алу және ол қиындықты болдырмайтын не оңай шешетін тапсырмалар құрастыра алу;
–  оқушының іс-әрекетті жобалайжәне бағалай алуы;
–  оқушы шығармашылығын ынталандыра алуы;
–    пәнге қызығушылық танытатын оқушымен жеке жұмыс жүргізу;
–  үлгермейтін оқушылармен қосымшасабақ өткізу;
–     оқушының іс-әрекетін бағалау өлшемін негіздеу және дұрыс таңдау;
–  педагогикалық іс-тәжірибені талдау,тарату, насихаттау;
–  тақырыпқа байланысты әдебиеттерді дұрысталдау;
–    әдістемелік тақырыпқа байланысты жұмыстыңмақсаты, міндеттерін анықтау;
–  тақырып бойынша жұмыстыңнегізгі кезеңдерін анықтау;
–  педагогикалық іс-тәжірибені талдау;
–       жүргізілген  зерттеу  жұмысының  негізгі   идеяларын тұжырымдау;
–  эксперимент нәтижесін өңдеу;
–  зерттеу нәтижесінде әдістемелік нұсқау, баяндама, мақала, ғылыми есеп, әдістемелік құрал даярлау.
Бұл зерттеудің ерекшілігі сол, мұғалім жай әдіскер-сарапшы рөлінен, яғни, өзіне дейін белгілі әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесін пайдаланып қоймай, сонымен бірге, өз оқушыларының дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу тапсырмаларын өзі құрастыруы, мұғалім – жобалаушы – үйлестірушіге айналады.

Мұғалім өз іс-тәжірибесін зерделей, ұдайы өзгерістер енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу барысында өз іс- тәжірибесін, өз іс-әрекетін жаңаша түрлендіріп, жаңаға бет бұрады, мұғалімнің жаңаны үйренсем, меңгерсем, қолдансам деген қажеттілігі артып, инновациялық даярлығын қалыптастырады.
Мұғалімнің әдіснамалық кеңістік аясындағы іс-әрекетінің зерттеушілік іскерлігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері:
–         педагогикалық мәселені қою және оны шешу жағдайларына талдау жасау (оқушыларды қатты толғандыратын мәселелерді бөліп қарастыру, оған ойша талдау жасау);
–      ғылыми болжам жасау, болжам ұсыну, оның шешу жолдарын көрсету (оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатындай тапсырмалар құрастыру, оқушылардыңесеп шығару, теорема дәлелдеуге өзіндік
«жаңалық» ашуына жол салу т. б.);
–  мақсаты эксперимент жүргізу(өзгерген жағдайларға талдау жасау, әрдайым тиімді шешім ұсыну);
–       жұмыс нәтижесіне талдау жасау, бағалау, бақылау жұмыстарын жүргізу, тест алу;
–     жұмысты тиімді бағалаудың жаңа өлшемдерін ұсыну, диагностикалық сараптама жасау.

Мұғалімнің зерттеу іскерлігін меңгеруі оның өз іс-әрекетіне жаңаша қарап, оқу-тәрбие үрдісіне оң өзгерістер әкелінуіне жол салып, мұғалімнің жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияны меңгеруіне жол салады. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысын мектептің оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру құралына айналады. Педагогикалық ұжымда тек бір ғана мұғалім ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыспай, әрбір мұғалім, яғни, тұтастай педагогикалық ұжым өзектімәселе төңірегінде (мектептің өзекті мәселесіне сәйкес) ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқаны орынды. Ғалым Г.Б. Омарова «Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысы мектептің – оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру құралы» атты ғылыми еңбегінде мектептің педагогикалық ұжымын ғылыми- зерттеу жұмысына даярлаудың нобайын ұсынады. Автор мектептің педагогикалық ұжымын ғылыми-зерттеу жұмысына даярлауды қалыптастыру критерийлерінің ең бастыларына мұғалімнің (ұжымның) ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне деген құлшынысын (ынтасын), зерттеу меңгеруі бойынша теориялық білім қорын, ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруін жатқызады.
Қазіргі кезеңде әрбір мектеп, педагогикалық ұжымда оқу- тәрбиеүрдісін жетілдіру, жаңартубағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға қатысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілді:
–  ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әдіснамасы: Г.И. Рузавин, В.П. Кохановский, В.С. Степин, В.И. Черников, К.Х. Рахма- туллин, Г.Н. Волков т.б.
–     ғылыми-зерттеу жұмысының мәдениеті: И.Г. Гера- симов, К.М. Варшавский, Т.Кун, К.Поппер, И.Лакатос, Д.Пельц т.б.;
–     педагогикалық ғылыми-зерттеу мәдениеті: С.И. Ар- хангельский, Ю.К. Бабанский, В.Г. Воробьев, Л.В. Занков, В.И. Загвязинский, А.И. Кочетов, Н.В. Кузьмина, Я.Скалкова, А.И. Пискунов, В.С. Черепанов, Г.И. Щукина т.б.;
–    педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі: М.А. Данилов, Н.Д. Никандров, В.В. Краевский, М.Н. Скаткин, Б.С. Гершунский, Я.С. Турбовской, Г.П. Щедровицкий, Н.Д. Хмель т.б.
–    педагогтің инновациялық іс-әрекетінің дидактикалық теориясы:В.И. Журавлев, И.А. Зязюн, П.И. Карташов, Л.И. Гусев, Н.В. Кухарев, Ф.Ш. Терегулов, Л.М. Фридман, Н.Р. Юсуфбекова, И.И. Цыркун, В.А. Сластенин, Л.С. Подымова, Б.Т. Барсай т.б.

–       педагогтің ақпараттық мәдениетін дамыту: С.Н. Лактионова, Д.М. Жүсіпалиева, Л.Ю. Малай, С.Д. Мұқанова т.б.

–    тұтас педагогикалық үдерісте оқытушының зерттеу іскерлігін қалыптастыру: Н.Д. Хмель, Г.М. Храмова, С.Т. Каргин, В.К. Омарова, Г.Б. Омарова, Н.А. Абишев т.б.
Қазіргі кезде әрбір оқытушының алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Мұндай жағдайда қоғамның әр мүшесінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру қажеттілігі айтарлықтай артады. Сонымен қатар, инновациялық үдерістер, басқару мәселесі педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйін болады.

Білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
 
1.     Білім менеджерінің зерттеуәрекетіне даярлығын қалыптастыруда ғылыми-зерттеу жұмысының маңызы қандай?
2.          «Ғылыми-зерттеу      жұмысы»,      «іс-әрекет      шығармашылығы»,
«жаңашылдық» ұғымдарының арасында қандай байланысбар?
3.  Болашақ педагогтарды педагогикалық іс-әрекетке психологиялық және педагогикалық даярлаудың қандай кезеңдері бар?
4.   Мұғалімнің құрылым-әдістемелік іс-әрекетінің зерттеу іскерліктерінің мазмұндық сипаттамасы қандай?
5.     Мұғалімнің іс-әрекетінің зерттеушілік іскерлігінің қалыптасуының қандай кезеңдері бар?
6.   Педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға арналғанқандай ғылыми еңбектер бар?

Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Оқушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне көп байланысты.
Мұғалімдердің оқушы білімін бағалаудабес баллдық жүйенің кемшілігі көп. Оқушы білімін бағалаудың жыл аяғындағы қорытынды бақылау нәтижесі мен мұғалім бағалауында елеулі айырмашылық кездесіп отырады. Негізгі себеп – мұғалім бағалауындағы субъективтілік пен жыл аяғындағы оқушы біліміндегі объективтіліктер. Жоғары сынып оқушылары бес баллдық бағалау жүйесіне қанағаттанбайды, себебі қазіргі жүйемен нақты білімдеңгейін анықтау мүмкіндігі төмен, бағалау нәтижесі объективті емес. Сондықтан да қазіргі өркениетті елдердегі сияқты қоғамдық қатынастар сұранысын қанағаттандыратын оқу еңбегін бағалаудың жаңа шкаласын еңгізілгендігінің маңызы тағыда айқындалады.

Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Білім сапасынмониторингілеу және диагностикалаудың маңызы қандай?
2. Педагогикалық мониторинг жасауғақандай бағыттар арқылыжүзеге асырылады?
3. Педагогикалық мониторингтiң әсер етушi факторлар қандай?
4. Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсiне не жатады?
5. Педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң өзара байланысы қандай?
6. Оқытудың нәтижелілігіне диагностикалық тексеру жүргізудеңгейлері қандай?
7. Педагогикалық диагностиканың қазіргізаманғы даму үрдістеріқалай айқындалады?
8. Білім сапасына диагностика жасау мен бағалаужүйесінің қандай қағидалары бар?
9. Мониторингтің мақсаты мен міндеттері қандай?
10. Мониторингтің негізгібағыттары мен түрлеріқандай?
11. Мониторингтің объектілері мен өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз.
Made on
Tilda