Бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағы тұжырымдамадағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдіру, әдістемелік жағынан дамыту. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Білім алушы іс- әрекетінің мазмұны – ақпаратты қабылдау, оны ұғыну, білімділік дағдыларын жетілдіру. Оқытушының міндеті – білім алушының іс-әрекетін ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, білім алушыға бағыт, бағдар беру.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
«Инновация» ұғымына ғалымдардың көбі әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы,Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация –нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Р.Масырова, Т.Линчевская: «Жаңару» дегенді былай деп түсіндіреді: «Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея».
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Н.Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
– дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік- психологиялық жауапкершілін арттырады;
– қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
– оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
– саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
– ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
– иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам- табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
– ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала- субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс- әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады.
Инновация модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлінеді.
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен,түрін өзгертумен айналысу.Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгіліәдістеме элементтерін жаңашақұрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Инновациялық процестерді ендіруде өзара байланысты үш принцип анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы – кәсіптік қызметтің ерекше түрі. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзіқалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды педагогикалық үдерісте қолданудың тиімділігі: – білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлерісан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже білім менеджерінің кәсібибіліктілігіне тікелей байланысты;
– жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
– жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
– әрбір білім алушыныңбілім алу, даму, басқа да іс- әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
– білім мен білігінесай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Білім беру жүйесі алдында тұрған талаптарды жүзеге асыру жолында ғалымдар мен педагогтар танымдық іс-әрекетті дамыту әдістерін іздестіруде. И.П. Павлов «... жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды,ал нашар әдіспенұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді» – деген болатын. Міне, сондықтан жеке тұлғаны оқыту мен дамытудағы белгілі әдістердің рөлін бағалай отырып, қоғам дамуыныңәр кезеңінде адам ақыл-ойының «терең қайнарына бойлай алатын» әдістерді пайдалану жолындағы ізденістер мен ұсыныстар бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі заман талабына сай пән оқытушысы ғана болу аз, оқытушы- ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүреді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан (сабақ барысында қолдану) өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, тақырыпқа сай технологияны таңдайды. Оқытушы білім алушының табиғи дарын, қабілетін ашу жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалана алу керек.
Инновация дегеніміз– бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған. Инновация сөзі латын тілінен аударғанда жаңалықты ендіру деген мағынаны білдіреді.
Инновациялық оқыту – біліммен қаруландырудың ерекше түрі, дәстүрлі оқытуға балама оқыту. Инновациялық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы – болашаққа әр түрлі көзқараспен қарау. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі оқыту бұрын қайталанған іс-әрекет ережелерін меңгеру қағидасына негізделген болса, ал инновациялық оқыту жаңа, тіпті белгісіз жағдайда өзінің қабілетін жетілдіруге, дамытуға бағытталған өзара бірлескен іс-әрекеттер жиынтығынан құралады. Соның нәтижесінде адамның ойлау жүйесінде санасында өзгерістер болып, білім берудің қазіргі жүйесінде маңызды өгзгерістер болады. Мәселен, ғалым В.Я. Ляудистің зерттеу тұжырымдамасында оқыту тарихи өзгеріске ұшырап отыратын әлеуметтік институт, ал оқу – әлеуметтік іс-әрекеттің түрі екенін айта келе, инновациялық оқытудың төмендегідей қасиеттерін анықтап көрсетеді:
1) инновациялық оқыту – жаңа заманғықоғамның дамуы мен оның мәдени өркендеуінің ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды әлеуметтік ұйымдастырудың тарихи жаңа түрі;
2) дәстүрлі оқытуға қатысты инновациялық оқыту парадигмалды: инновациялық оқыту құрылымында оқытудың шығармашылық пен репродуктивті компоненті арасындағы қарама-қайшылықтар жаңаша шешіледі; инновациялық оқуды жүзеге асырудың негізінемұғалім мен оқушыныңарасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың жаңа түрі жатады: демократиялық, қарым-қатынас, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық;
3) инновациялық оқыту барысында жеке тұлғаның өзіндік дамуына, жеке көзқарасына, жеке дамуына еркіндік беріле отырып, жеке шығармашылығының қалыптасуына толық жағдай жасалынады. Сондықтан инновациялық оқытуды «дамытушы оқыту» немесе тәрбиелеп оқыту» деп те атауға келеді
Технология деген сөз грек тілінен алғандатехне – өнер, кәсіп, ғылым, логос – ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен білім алушылар еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор үлес қосылады. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
● оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
● оқу материалын толық қабылдаумүмкіндігінің болуы;
● оқу үдерісін де қарым – қатынастың еркінболуы;
● оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі –«интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педагогтар қауымының басты міндеті. Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, білім алушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушының іс-әрекетін оқу-ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
♦ миға шабуыл әдісі;
♦ топпен жұмыс;
♦ проблемалық шығарма әдістері;
♦ рөлдік ойындар;
♦ зерттеулер;
♦ іскерлік ойындар;
♦ сын тұрғысынан ойлау әдісі;
♦ пікірталастар т.б.
Оқудың интерактивті әдістерінің үлгісі:
«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және қатысушыларының белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады. Оқытудың интерактивтік моделінің негізгі шарттары:
1. Емін-еркін пікірталасқа түсу мүмкіндігі.
2. Белгілі бір материалды емін-еркін баяндау.
3. Семинар сабақтарының көп болуы, оқушылардың инициативасының жетілуі.
4. Топтық тапсырмалардың қолданылуы және сол арқылы ұжымдық іс-әрекеттерді дамыту.
5. Жазбаша жұмыстарды орындау.
Ғалымдар мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне қажетті мынандай қасиеттерді ашып көрсетеді:
- өзінің жеке қасиеттеріне сүйене отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту,жетілдіру, қабылдау қасиеті;
- жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғына алу;
- жаңа ғылыми зерттеулер, олардыңәдістемелік тұрғыда жүзеге асуын тәжірибеге енгізе алу;
- педагогикалық инновацияретінде жаңа әдістермен тәсілдерді өз бетінше жасау.
Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, яғни білім берудің инновациялық бағытын ұстану кез келген педагогтің, оқытушының, мұғалімнің құзырлығындағы мүмкіндік М.Нағымжанова инновациялық іс- әрекетті иннвациялық үрдістің белгілі кезеңдеріне байланысты қарастырады. Бірінші кезеңде мұғалім жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы, жаңалық туралы ақпарат жинайды, әр түрлі жаңалықтардың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңінде мұғалім зерттеу арқылы таңдап алған жаңалықты енгізу жоспарын құрып, оны іс-жүзінде қолданады. Жаңалықты қолдану барысындамұғалім сол жаңалықты енгізуге кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өз іс- әркетіне қажетті өзгерістер жасайды. Инновациялық іс-әрекеттің жоғарыда көрсетілген үш кезеңіне сәйкес мұғалімінің бойында болуға тиіс сапалардың қалыптасуының репродуктивті, эвристикалық, шығармашылық деңгейлер көрсеткіштерін анықталған.
Репродуктивті деңгей – іс-әрекетті, білімді белгіленген межеге дейін қабылдай алу деңгейі, педагогикалық жаңалықтарға тұрақты көзқарас, педагогикалық іс-әрекетіне қанағаттанушылық танытады. Мұғалім қабілеті дайын әдістемелік ұсыныстарды аздаған өзгерістер енгізу арқылы өз жұмысында пайдаланумен сипатталады. Мұғалім өзін-өзі кәсіби жетілдіру қажеттілігін түсінеді.
Эвристикалық деңгей – инновациялық іс-әрекетте жаңалықты жалпы түрде мақсаткерлікпен, тұрақты, саналы енгізумен сипатталады. Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін іздестірумен, ойлап табумен айналысады. Инновацияны енгізу іс-әрекетін қаматамасыз етуде рефлексия, эмпатия басты орын алады.
Шығармашылық деңгей – жаңаны ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі, инновациялық іс-әркет жоғары сатылы нәтижелерімен сипатталады. Мұғалімнің инновациялық іс- әркетінде шығармашылық белсенділік, педагогикалық интуиция, білім беруде авторлық көзқарастар пайда болады. Мұғалімде ғылыми және педагогикалық қажеттілік пен қызығушылық үйлесімдік табады.
Инновациялық даярлықты қалыптастырудағы басты ұстаным – кез келген мұғалім педагогикалық шығармашылық деңгейде болу және сол педагогикалық шығармашылық негізінде қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге талпыну.
Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар 1. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудыңозық технологияларын меңгерудің қандай маңызы бар?
2. Шетел және отандықғалымдардың «Инновация» ұғымынаберген анықтамаларына талдау жасаңыз.
3. Инновация неше түрге бөлінеді?Ерекшеліктері қандай?
4. Инновациялық процестерді ендірудің қандай принциптері бар?
5. Қазіргі заманғыоқыту технологияларына қандайталаптар қойылады?
6. Инновациялық іс-әрекеттің қандай деңгейлері анықталған?
7. Оқытудың интерактивтік моделінің негізгі шарттарықандай?
8. Интерактивті әдістерге қандай әдістер жатады?
9. Дәстүрлі оқыту әдісі мен интерактивті оқыту әдісін кесте арқылы салыстырып, өз тұжырымыңызды жасаңыз.