Педагогикалық технологиялар кәсіби және отбасы сфераларында бірдей табысты, өзімен де, өзгелермен де үйлесімді өмір сүре алуға икемді тұлға қалыптастыра алатындай болу қажет. Бұл инновациялық технологияларды оқып үйрену нәтижесінде білім алушылардың бойында жаңа педагогикалық технологияларды меңгеріп, оларды оқу-тәрбие үдерісін де қолдану дағдыларымен шеберліктері қалыптасуы тиіс. Білім менеджерінң инновациялық іскерлігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Педагогикалық зерттеулерде «оқыту жүйесін интенсификациялау» тақырыбына қатысты үш түрлі: ерекшелік, назар аудару және есепке алу атты атауларкездеседі. Бірінші мәселе бойыншаоқыту жүйесінің дәстүрліүрдістен ерекшелігі – ондағы интенсификациялық көріністер білім сапасын оқу бағдарламаларын толығынан қамти отырып ұйымдастыру, оқытудың сапалық көрсеткіштерге арқа сүйеуі, пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру барысында оқу құралдарын пайдалануда прогрессивтік методикалық тәжірибелерді қолдану, білім ордасының материалды-техникалық базасын нығайту және оқыту барысында техникалық һәм автоматтандырылған инновациялық педагогикалық тәжірибелерді барынша ендіру. Оқыту жағдайындағы келесі түрдің қолданысқа енуі тек интенсификациялық әрекеттер негізінде мүмкін болмақ. Оқушылардың білім стандарттарын толыққанды игеру барысында берілгентапсырманы тек орындапқана қоймай, оның негізгі түйіндерін саралай білуге бағыталған бұл шара көп жағдайда ұстаздың шығармашылық шеберліктері арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш педагогикалық шарттар оқыту жүйесінің интенсификациялық моделін қалыптастыруға арқау болады. Үшінші түрдің негізгі бағыты оқыту үдерісі кезінде ғалымдар кеңесі мен мұғалімдердің практикалық әрекеттерінен туындаған әдістер мен құралдардың жалпы оқыту жүйесінің сапасын арттыруда қаншалықты тиімдіықпалын тигізгені есепкеалынуы шарт.
Оқыту жүйесінің интенсификациялық моделінің ерекше белгілеріне төмендегідей алғышартттарды жатқызамыз:
білім мазмұнын тереңдету барысында қарапайым тақырыптан жалпы заңдылықтарға ұласқан генерализациялық үрдістің қалыптасуы;
- оқушының жалпы дамуын қамтамасыз ететін білім мазмұнын автоматты түрде қабылдауға жол ашып, мақсатсызкөп тапсырмалардан арылуға мүмкіндік туғызады;
- білім алу мерзімін оқу стандарттарын сақтай отырып қысқарту;
- оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру барысында олардың денсаулықтары мен психикалық жүктемелерінің қалыпты жағдайда сақталуы;
- өскіннің білім мазмұнын автоматты түрде сапалы меңгеруіне, білім дағдысын қалыптастыру барысында оқу жүктемелері мен оқу бағдарламаларының толық қамтылуы, мектеп практикасындағы оңтайлы атмосфераның сақталу мен профилактикалық шаралардың қолға алынуы және оқушының денсаулығы мен психологиялық ахуалына нұқсан келтірілмейтін жағдайлардың қалыптасуы орын алады. Бұл педагогикалық процесс ғылыми талаптар негізінде жүйелі тұрғыда бақылауға алынып, сарапталынып отыруы шарт.
Оқу үрдісі жағдайында жүйелілік әрекеттің нәтижелі белгісі оқушы мен педагог арасындағы ерекше қарым-қатынастың қалыптасуы болады. Мұндай педагогикалық алғышарт оқыту мазмұнын сапаландыру барысында төмендегідей жетістіктерге қол жеткізеді:
- оқыту үрдісіндегі интегративтік көріністің белең алуы;
- білім беру тәжірибесіндегі құрамдас компоненттердің барынша көрініс табу және нәтиже беруі;
- білім мазмұнын игеру жағдайындағы қосымшабөліктер мен компоненттер арасындағы байланыстардың нығаюы;
- жалпы функционалдық әрекеттердің тұтасқамтылуы;
- коммуникативтік байланыстың қалыптасуы және үстемдік етуі;
- мақсат пен мүдделердің айқындалуы;
- білім жүйесін басқарудың тиімді формасының қалыптасуы.
Оқыту жүйесін интенсификациялау мен оптимизациялау үдерісіндегі негізгі педагогикалық алғышарттар:
1. Білім дағдыларын игеру барысында оқыту үдерісінің эффективті жолдарын іздестіру, уақыт пен еңбек көрсеткіштерін үнемдеу, жұмыстың нәтижесін арттыру барысында адам және материалдық ресурстрады рационалды пайдалану.
2. Білім алушылардың білімдағдыларын игеру барысындағы түрлі ақпараттарды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктеріне мән беру. Алған білімдерді ой елегінен өткізе отырып қосымша білім алу барысында оны тиімді пайдалану.
3. Алған білімдерінен нәтиже шығару барысында оқушылар мен ұстаздардың жалпыға тиімді танымдық білім кеңістігінің қалыптасуына жағдай туғызу; олардыңөз біліктіліктерін арттыру барысында жан-жақты дамуына, қосымша білім дағдыларын игеруге мүмкіндік жасау.
4. Педагогикалық бағыт негізінен оқу-тәрбие жұмыстарын қамти отыра, оқу үдерісі мен бағдарлама талаптарынан ауытқымай өз кезегінде оқушыларсанасында білім мен ғылымға деген қызығушылығын туғызу, қоғам құндылықтарын тану мен терең түсіну,игеру сынды жауаптыталаптарды орындау болады.
5. Білім алау барысында әр оқушының білім ордасындағы техникалық құралдар мен танымдық маңызы зор басқа материалдық игіліктерге терең назар аударуы, білім алу кезінде екіжақтылы оңтайлы атмосфера қалыптастыру арқылы жұмыс пен қызмет әрекетін жақсарту шараларын қолға алу.
Жалпы оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі мақсаты қоғамдық қажеттіліктерден туындаған әлеуметтік тапсырыстарды орындау екені мәлім. Сол себепті осы тапсырысты қамтамасыз ету ісі білім жүйесіне тиесілі.Білім беру ісін ұйымдастыру – жоғарыда аталып өткен жүйелілік ғылыми талаптың басты шарты. Осы мәселелердің толыққанды жүзеге асырушы біріншіден, білім ордасы болса, келесі аса жауапты миссия педагог-ұстаздардың құзырында.
Білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалар1. Зерттеуші-ғалымдар білім менеджерінің инновациялық іскерлігінің қанша түрін айқындаған?
2. Білім менеджерінің инновациялық іскерлігінің көрсеткіштері қандай?
3. Білім менеджерінің инновациялық іскерлігі сипатталатын өлшемдер?
4. Инновациялық іскерлікті жүзеге асыру әрекетінің қандай нәтижемен айқындалады?
5. Білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологияларды енгізудің педагогикалық шарттары қандай?
6. Қазақстанда Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновациялық шарттарды қандай ғалымдар зерттеген?
7. Инновациялық іс-әрекетті тиімді ұйымдастырудағы педагогикалық технологияларға сипаттама беріңіз.
8. Оқыту жүйесінің интенсификациялық моделінің ерекше белгілеріне қандай алғышарттар жатады?