ОҚУ ҮДЕРІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДА САБАҚТЫҢ ОРНЫ
Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы. Бұл формада оқу- тәрбие процесінің барлық компоненттері: мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық- жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, соныменқатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақтыөткізуді ұйымдастыруына қойылатыннегізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Сабақ типтері мен құрылымы: сабақтың типологиясы сабақты әр түрлі негізде топтастыра отырып, қазіргі зерттеулердің көпшілігі авторлық шешімін ұсынған басты күрделі дидактикалық міндеттердің бірі. С.В. Иванов, М.А. Данилов, Б.П. Есипов, И.Н Казанцев, В.А. Онищук, Г.И. Щукиналар басты дидактикалық мақсатпен тәуелді болатын сабақтардың практикалық ұқсас түрлерін шығарған:
1. Кіріспе сабақтар.
2. Оқулық материалымен алғашқытанысу сабақтары.
3. Заң мен ережені танытудың, түсініктердің пайда болдыру сабақтары.
4. Практикада алған білімдерін қолдану сабақтары.
5. Дағдылану сабақтары.
6. Қайталау және талдау, қорытусабақтары.
7. Бақылау сабақтары.
8. Аралас және құрастырылған сабақтар.
Сабақ түрлерінтоптастыру принциптері әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді. Сабақта білім бере отырып, тиімді жолдармен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздыңмақсаты екені анық. Ал нағыз сабақ – ізденісте екені айқын. Нағыз сабақ – ол әрқашан да диалог, іздене, дайындала, үйрене отырып, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Олай болса, ең алдымен шәкірттерді осы сабаққа, сабақтар арқылы пәнге, пән арқылы өмірге қажетті білім алуға қалай ұмтылдырамыз? Оқушыны қарапайым оқушыдан ізденушіге, ізденушіден зерттеуші дәрежесіне қалай жеткіземіз?
Жеке тұлғаныңдербестігін ескеру мәселесібаланың ақыл-ой, таным деңгейін оның көзқарасымен, өзіндік ой-пікірлерімен, білуге ұмтылысымен, қызығушылығы мен біріктіре қараудан басталады. Мұнда оқу әрекетінің нәтижесі ғана емес, баланың әрекетіне қозғаушы болып отырған себептерді ажырата білудің маңызы зор. Баланың оқуға деген құштарлығын оятатын күш оның сол білім алуға деген қызығушылығы. «Оқу үдерісінің қандай мәселесі болмасын, бала психологиясына негізделмесе, оның жеке ерекшелігі ескерілмесе, оқытудың әдіс-тәсілін құбылтып түрлендіру де, сабақ үстінде қолданылған сан алуан көрнекіліктер де жай, жасанды дүниеге айналады. Өйткені жеке тұлғаны қалыптастыру қоғамдық тәжірибе мен кейбір қажетті нормаларды меңгерту арқылыжүзеге асқанымен, оқытудыңмәні тек білімді түсініп, игертуде емес, сол нормалардың оқушы іс- әрекеті мен жалпы қасиетінің ішкі механизмі, қозғаушы-мотиві болатындай дәрежеде ұйымдастырылуында», – дейді белгілі психолог Л.И. Божович. Бұл – оқытуды жақсартуда алдымен педагог-мамандар бала психологиясын жақсы білу керек деген сөз. Содан кейін ғана сабақ үдерісін ұйымдастыруда басқа аспектілерді қарастыруға болады.
Өзін-өзі талдау – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің бір шарты. Өзіндік талдау – мұғалімнің келесі сабаққа дайындалудың бастамасы.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптардың ішінде сабақ сапасының негізгі критерийі – оқушылардың білімділігі, сабақтың мақсатына жету. Сабақтың нәтижелі болуының алғышарттарының бірі – мұғалімнің мәдениеті, жан-жақтылығы мен адамгершілігі.
«Сабақты зерттеу» бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесі:
5-6 адамнан тұратын топтарда мынадай сұрақтарды талқылауға болады:
  • «Сабақты зерттеу» тәсілін қолдану барысында мұғалімдердің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар.
  • «Сабақты зерттеу» тәсілін қолдану барысында мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер.
  • «Сабақты зерттеу» тәсілін қолдану барысында мұғалімдердің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?
Сабақты талдауоқу-тәрбие үдерісінің нәтижелерін бағалауда өте жиі қолданылады. Сабақта оқушылардың да, мұғалімнің де іс-әрекетін бақылауға болады, ол материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылықтардың себебінбілуге, сондай-ақ оқытудың тәрбиелік сипатын тексеруге мүмкіндік береді. Тұтастай оқыту үдерісінің жетістігі, негізінен, сабақтың сапасына байланысты. Сабақта орталық нүкте сияқты, педагогтің барлық іс-әрекеті, оның ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, оқушылардың ойлау жұмысын ұйымдастыру қабілеттілігі шоғырланады.
Сабақтың шынайы құндылығы – оның нәтижесі оқушылардың материалды меңгеруінің дәрежесі. Мұғалім сабақта сырттай тиімді тәсілдердің қандайын қолданса да, оқушылар тақырыптымеңгермесе, сабақты дұрыс өтті деп айтуға болмайды. Сабақта оқушы тек түсініп қана қоймай, білімнің белгілі бір мөлшерін меңгеріп, қажетті дағдылар мен біліктерді дамытуы керек.
Сабақтың талдауыбелгілі бір сызба арқылы жүргізіледі және ол бақылап-зерттеудің міндеттеріне қарай өзгеріп отырады.
Сабақты түпкілікті, тұрақты критерилер негізіндеабстрактілі талдауға болмайды. Ең алдымен, әрбір сабақта жұмыстың барлық тәсілдері мен әдістерін іздеу қажет. Сабаққа талдау жасағанда келесі нақты жағдайларды ескеру керек:
1. Тақырыптың ерекшеліктері. Кейбір сабақтарда көрнекілік және техникалық құралдарды қолданудың, оқушыларды тақтаға шығарудың, кітаппен жұмыстың қажеті болмауы мүмкін.
2. Мектеп мүмкіндіктері, бөлмелердің, техникалық және көрнекті құралдардың, кітапханадағы қажетті кітаптардың, мектеп маңындағы алаңдардың болу-болмауы. Сабақты талдағанда мұғалімнің материалды терең оқып-білу үшін барлық қажетті заттарды қолданданғанына көңіл бөлу керек, алайда, сонымен қатар, нақты орындалатын талаптар қою керек.
3. Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабілеттілігінің деңгеі. Сабақ туралы пікір оқушылардың жауабы, бақылау
жұмыстары, сыныптың дайындығы негізінде құралатыны белгілі.
4. Мұғалімнің даралығы, оның жұмыс стажы, дайындық деңгейі, мінез-құлқының ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жұмыстың бұрыңғы нәтижелері.
Сабақтың талдауын сыртқы сараптамалық бағалаудың түрі ретінде қарастыруға болады. Сыртқы сараптамалық бағалау – бағалайтын құбылысын жақсы білетін және оған дұрыс, объективті баға бере алатын адамдар – сарапшылар пікіріне сүйенетін зерттеу әдісі. Сондықтан сабақ талдауын мектеп басшылығының өкілдері немесе тәжірибелі әріптес-ұстаздар жүргізеді. Сабақтың нәтижесін техникасының сызбасы талдау баспадан бірнеше рет жарық көрді. Ең орынды және дұрысы келесі сызба: педагог, өз пікірінше неге жете алды, неге жете алмады деген сияқты өз сабағы туралы әңгімелейді; содан кейін барып сарапшы (жетекші) сабақтың дұрыс деген жақтарын ашады; осыдан кейін ғана дұрыс емес жақтарына талдау жасау керек; ең соңында сәтсіздіктерді қалай жеңу керектігі туралы ұсыныстар жасалады; талдау соңында педагогке өз пікірін білдіру үшін сөз беріледі, шығармашылық ғылыми айтыс, әңгіме жүргізіледі.
Психологиялық бақылау мен диагностика – психологттің педагогикалық ықпал-әсер нәтижелілігін анықтау мақсатында жүргізетін тексеру шараларының жиынтығы. Тексеру шаралары, негізінен, жай ғана бақылаудан, сабақтың психологиялық талдауынан, тесттерден тұрады. Психологиялық диагностикада белгілі бір психологиялық міндеттерді орындау үшін арнайы таңдалып алынған бірнеше әдістерді қолданады.
Психологиялық диагностиканың ең көп тараған түрі – тест. Психодиагностикада тестер арқылы белгілі бір зерттелетін психалық сипаттардың даму дәрежесінің салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткіштерін алуға болады. Мұндай тест дәлдік, беріктік, объективтілік талаптарына сай болу керек. Тестің беріктігі дегеніміз оның сол нәтижелерді бірнеше рет, ұқсас жағдайларда көрсетуі. Дәлдік дегеніміз тестің тест жасаушысы өлшегісі келетін дәл сол психологиялық құбылыстарды тауып, өлшеуі. Айтылғандардан белгілі болғандай, бұндай тестерді жасау мен қолдану арнайыбілім мен уақыттықажет етеді.
Сондықтан психологиялық диагностиканы тек қана психолог- маман жүргізуі керек. Алынған мәліметтер негізінде психолог мұғалімге оқу-тәрбие үдерісінпсихологиялық қамтамасыз ететін кепілдеме дайындайды.
Осылайша, оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелерін тексеру тұтас болу керек, ол жүйеде өткізілуі керек. Оны жүзеге асырумен мамандардың барлығы: ұстаздар, оқу мекемесі басшылығының педагогтары, психологтар, әдіскерлер айналысуы керек. Мектептерде педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылауға еңгізілген.
Оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың қалыптасқан түрлерінің негізгі кемшіліктерінің бірі – оқушылардың бақылау жұмыстары мен өздігінен істейтін жұмыстарын күнделікті тексеру кезінде мұғалім өнімсіз еңбекпен көп шұғылданады. Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке оқушыға бөліп, не болмаса, жазбаша бақылау жұмыстарын кешенді талдау арқылы бағаламақ болып көп уақытын ысырап етеді. Тексеру мен бағалаудың озық технологиялық әдіс-амалдарын ойластырып жатпайды. Бұның соңы білім бағалаудағы субъективизмге әкеліп: баға оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына негізделеді, өзге оқушылардың білім деңгейімен салыстырала қойылады. Мұғалімдердің арасында бағаны оқушыға қысым көрсетудің, «қорқытып тәрбиелеудің» құралына айналдырушылар да кездеседі. Ондайлар сабақта тыныш отырмаған оқушыларға да «екілік» қояды. Кейбір ұстаздар бағаны қалтасынан беретіндей тым сарандық жасайды. Керісінше, «жақсы атты» болуға,оқушы тілін табуға тырысып «жомарт ағай, апай» атануға ұмтылатын әріптестеріміз де жоқ емес. Түптеп келгенде осы әрекеттердің бәрі оқушылардың сабаққа байланысты еңбегіне жасалған қиянат.
Бұл – жекелеген мұғалімдердің өз мамандығы бойынша теориялық білімі таяз, әдістемелік шеберлігі төмен, педагогика мен психологиядан білім деңгейі әлсіз, дидактикалық озық тәжірибелерді күнделікті жұмысына шығармашылықпен пайдалана алмайды деген сөз.
Білім бағалаудың бұлжымас төрт ұстанымы бар. Біріншіден, бағалау және баға – оқу үрдісінің ажырымас біртұтас құрамдас бөлігі. Бұл үш дәйектемеден тұрады:
а) бағалау – ынталандыру әдісі мен құралы, оқыту мен оқудың қозғаушы факторы;
ә) бағалау – емтихан не сынақ алу – білім сапасын жетілдірудің, оқышының басқа да қасиеттерін дамытудың, ұштаудың кепілі;
б) бағалау мұғалім мен оқушының жан-жақты ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптасырады, жағымды ықпал етеді.
Екіншіден, бағалау және баға оқушыларды өмірге үйретеді, дайындайды, бейімдейді. Бұл ұстаным өзара сабақтас үш дәйектемеден тұрады:
а) үлгірімді жоғарылату ісіне етеді; ә) тәрбиенің маңызды құралы;
б) оқушылардың белсенділігі тасын арттырудың құралы.
Үшіншіден, бағалаумен баға барлықоқушылардың дамуына ықпал етеді.
Төртіншіден, бағалау әрқашанда әділетті сипатта болуы керек, сонда ғана оның ғылыми-дидактикалық тұрғыдан нәтижелілігі қамтамасыз етіледі.
Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табыстары мен сәттіліктерін, оқу мақсатына қарай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Б.Ананьев өзін-өзі бағалауды оқыту үрдісінде жүзеге асатын тұлғалық білім алу, белсенді қалыптасу ретінде қарыстырады, оның оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпалы бар екіндігін айтады. Оның пікірінше, оқу үрдісінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы, педагогтердің, сыныптағы және отбасы тұрмыстық ортаның ықпалымен жүзеге асады. Ол «оқушыда оның білімдері, жетістіктері мен үлгермеушілігі жайлы түсінік тоқсанның аяғандағы бекітілген үлгірім бойынша ғана емес, сондай-ақ, оқу үрдісінде жекелеген парциальдық бағалар бойынша да қалыптасатындығын, мұғалімнің жеке парциальдық бағалауы неғұрлым айқынырақ, нақтырақ болса, оқушының білімге соғұрлым бейімделе түсетінің» атап көрсетеді.
Бұл ұстанымдардың А.Липкина зерттеулерінде әрі қарай дамытылған. Автор кіші жастағы оқушының өзін-өзі бағалауының қалыптасуына ықпал ету оқу пәндерінің мазмұны мен оқыту әдістерімен, оқыту үрдісінде оқушылар арасында орнатылған қарым-қатынастар жүйесімен анықталатындығын айтады. Кіші жастағы оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру негізіне оқушының әрекетке қосылуы ғана емес, сондай-ақ, оның нәтижелерінің бағалануы қажет деп есептейді.
Ш.Амонашвилидің пікірінше, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үшін жеке бағалаушылық пайымдауда оқушы бетке ұстайтын ерекшебағалау өлшемдері құрылуықажет. Ол «белгілі бір үлгі өлшемдерді, олармен жұмыс істеу жолдарын меңгерген бағалаушылық пікірлер үлгілерін, жолдастарының жұмыстарына қатысты мазмұнды бағалау тәжірибесін игерген оқушы өзінің жеке оқу-танымдық әрекетіне бағалау бөлігін белсенді енгізе алатындығын» атап көрсетеді.
М.Львов зерттеулерінде оқушының өзіндік бағалауын қалыптастырудың маңызды қыры ашылады. Оның пікірінше, оқушыны әрекет субъектісі ретінде қалыптастырудың келесі міндеті мынадай шарттармен қамтамасыз етіледі:
- сыныптағы еркін хал ахуал;
- мұғалім тарапынан оқушыларға сенім білдіру және құрмет;
- жаңа білім алудаоқушыларға дербестік берілуі;
- мұғалімнің әрбір оқушының оқуға көңіл күйін, қызығуын, қабілеттерін назарға алуы;
- жалпы мәдени жағдай, мұғалім мен оқушылар дамуының жоғары деңгейі.
Н.Калашникова мен Ю.Иванов өзіндік жұмыс үрдісінде оқушыларды оқытуда жеке компьютерлерді қолданып оқу әрекетін қалыптастыруды зерттей келе, өзіне-өзі баға беруді күрделі ерекше оқу әрекетіне айналдыру үшін мұғалімнің оқу міндеттерін белгілеу жеткіліксіз деген тұжырымға келген. Олардың пікірінше, болжаушылық және өткенге мән берушілік өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, сондай-ақ, оқу әрекеті құрылымының тұтастығын сақтаудықамтамасыз ету үшін оқыту үрдісінде әр оқушыға арналған оқу міндеттерін жете түсіну, қабылдау және құрастыру кезеңі қарастырылуы қажет. Бұл пәндік әрекет етудегі өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың жаңа қырын ашады, алайда, кіші жастағы оқушыны оқытуға мұндай кезеңнің енгізілуі оның құралдары мен тәсілдері жайлы мәселені шешуді қажет етеді.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдау жасау келесі тұжырымға келуге негіз болады, өзін-өзі бағалау оқушының оқу-танымдық рөлі тұрғысынан екі аспектіде қарастырылады
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын және оның оқу-танымдық әрекеттегі рөлін зерттеу үшін біз А.Липкинаның «Үш баға» әдістемесін пайдалану ұсынылады. Бұл әдістемені жүзеге асыру үшін оқушыларға тапсырманы (өткен материал негізінде) жазбаша түрде орындау ұсынылады. Біз оқушылардың жұмысын үш бағамен: теңбе-тең, көтермеленген, төмендетілген деп бағаладық. Нәтижелерді тарату алдында балаларға олардың жұмысын түрлі мектептен үш мұғалімнің тексергенін және әрбір мұғалімнің орындаған тапсырма жөнінде өз пікірі болғандықтан, олар түрлі баға қойғандығын хабарладық. Бұдан соң әрбір балаға ол өзі келіскен бағаны дөңгелектеп белгілеп қою ұсынылды. Әрі қарай жеке әңгімелескенде, балалар мына сұрақтарға жауап беруі мүмкін:
1. Сен өзінді қандай оқушымын деп санайсың? (Орта, әлсіз немесе күшті).
2. Қандай бағалар алғанда қуанасың, қандай бағалар қынжылыс туғызады?
3. Сенің жұмысың «үш» деп бағалауға лайық, алайда, мұғалім саған «бес» қойды. Сен бұған қалайқарайсың, қуанасың ба, әлде қынжылыс білдіресің бе?
Кіші жастағыоқушылардың өзін-өзі бағалаудеңгейі мынадай көрсеткіштер бойынша алынған мәліметтер анықталады.
1. Өзін-өзі бағалаудың мұғалімнің теңдесбағалануына сәйкес келмеуі.
2. Өзін-өзі бағалау дәлелдемелерінің сипаты: а) орындалған жұмыстың сапасынабағдарланған дәлелдеме; ә) кез келген басқа дәлелдемелер; б) оқушының өз-өзіне шығарған бағасы мен қойылған сұрақтарға жауаптардың сәйкестігі дәрежесі талқылынған өзіндік бағалаудың беріктегі немесе босаңдығы.
Жүргізілген зерттеу әрбір оқушыда қалыптасатын бағалаушылық ұстанымын анықтауға мүмкіндік берді. Кіші жастағы оқушылардың (әсіресе үлгерімі нашарлардың) бағалаушылық ұстанымын анықтаудың қалыптаса бастаған маңыздылығын отандық психологтер зерттеулерінде дәлелденеді, олар үлгерімі нашар оқушыларда уақыт өте келе мүмкіндіктерін жете бағаламаушылық тенденциясы артады деген тұжырымға келді. Үлгермеушіліктің жетістіктен басым тұруы олардың жұмысының мұғалімнің төмен бағаларымен бекітіле түсуі өзіне-өзі сенімсіздікті арттырып, жарамсыздықты сезінуге және нақты мүмкіндіктермен салыстырғанда талаптану деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Бір жағынан оқудағы табыстар өзін-өзі бағалауға ықпал етуі мүмкін, ал екінші жағынан, оқушының мұғалімнің жауаптары көмегімен өзін-өзі бағалаудың жақсаруы оқу-танымдық әрекеттегі үлгерімінің артуына алып келуі мүмкін. Мұғалім – оқушы балалар үшін ең маңызды тұлға, баланың өзін және айналаны қабылдауы көбіне оның қарым-қатынасына тәуелді. Сондықтан, мұғалімге өзін-өзі бағалауды жалпы оқу білігі ретінде қалыптастыру үшін мына жағдайларды қамтамасыз етуі қажет деп сеніммен айтуға болады.
1. Оқу-танымдық әрекет үрдісінде балаларда өзін-өзі жағымды бағалауды қалыптастыруға ықпал жасау.
2. Балалардың дербес және шығармашылық тұрғыдан көрінулерін ұдайы дамыту.
3. Әрбір балаға оған деген қызығу көзқарасының бар екендігін сезіндіру, мұның өзі баладақорғаныш сезімін, өздерінің күштеріне сенімділікті туғызады.
Бұл шарттар сақталған жағдайда балалардың төмендегідей біліктерді меңгеруіне мүмкіндік туады:
  • өзін түсіну және қабылдау;
  • сезімнің сыналуын еркін бағдарлау;
  • сезімдік әсерленушіліктердің сипатын анықтау (ұнамды, ұнамсыз, таңдау, қорқу т.б.).
Сонымен оқу әрекетінің бөліктері ретінде өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға бағдарланған оқыту жоғары пәндік білімдер, біліктер мен дағдыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай- ақ, кіші жастағы оқушылардың тепе тең тұлғалық өзін-өзі бағалауы қалыптасуына ықпал етеді.
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісініңжағдайын, нәтижесін сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуымен даму болашығының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын инновациялық іскерлікпен пайдалану.

Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар

1. «Сабақтың шынайы құндылығы» ұғымын қалайтүсінесіз?
2. Сабақта қандайпозициялар айқындалады?
3. Сабаққа талдаужасағанда жағдайлар ескерілу керек?
4. Сабақ үдерісінде білімді бағалаудың ұстанымдары қандай?
5. Сабақ үдерісінде өзін-өзібағалауды қамтамасыз ету үшін қандай алғышарттар қажет?
6. Сабақ қандай типтер мен құрылымнан тұрады?
7. «Сабақты зерттеу»бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесі қандай?
8. Сабақ туралы айтқан ғалымдардың пікірлерін өз ойыңызбен тұжырымдаңыз.
Өз қалауыңыз бойынша бір сабақтың жоспарын жасаңыз
Made on
Tilda