Кері байланыс– оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек. Егерде бала қателессе, жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.
Драхмэн мен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда көп әсер етуі ықтимал екендігін айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады (QCA, 2001). Кері байланысты мұғалімнің ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аудару, құрдастары және өзін-өзі бағалаудың оларды оқыту үшін өзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті тәсілдері.
Кері байланысауызша және жазбашада беріледі, бірақ нақты болуы керек. Оқушы тарапынан мұғалімге және мұғалім тарапынан оқушыға,оқушыдан оқушыға да жүргізіледі. Әсіресе, ауызша берілгенде тиімдірек. Сабақтыңсоңында ғана емес сабақ барысында да кері байланыс жүреді. Жүйелі түсіндірмелер жақсыға қарай өзгеруге мүмкіндік береді, қателер оқуды жақсарту үшін қолданылады. Оқушының жетістігі атап өтілсе, оның өз күшіне деген сенімділігі нығая түседі. Кейде оқушыдан алған сұрақтың өзі кері байланыс болып келеді. Сұрақ-жауап, тілек білдіру,оқушы кеңесі, нақты жұмысты мадақтаут.б ауызша жасалатын кері байланыстар. Стикерге жазу, смайликтер арқылы, ашық хат, күнделік жазу сияқты тәсілдер жазбаша кері байланыс. Оқушы электрондық почтадан мұғалімге белгілі бір материалды жіберіп, мұғалім оған жауап жазса ол да кері байланыс. Мұғалім оқушыдан алған кері байланыс негізінде өзінің келесі қадамында ескеріп отыру керек. Оқушы соның негізінде өз жұмысын жақсартып, нәтижеге бағытталады. Сабақта жүргізілетін кері байланыстың әдіс-тәсілдерін, формаларын түрлендіріп отырса оқушының қызығушылығы да арта түседі. Кері байланысқа баға қойылмайды.
Жалпы білім беру үдерісінде кері байланыс ұсыну оқу жетістіктерін жақсарту мақсатында табысқа жету критерийлерінің бірі ретінде кеңінен қолданылуда. Сабақта жетістікке жетелейтін, оқушылардың өзін-өзі реттеуге, метатанымына әсер ететін құралдардың бірі – танымдық кері байланыс. Кері байланыс арқылы оқушы өзінің қай деңгейде екенін, жұмысын қалай жақсартуға болатынын, өз даму жолын көре алады. Мұғалім сабақтың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында оқушыларды үнемі кері байланыс үдерісіне тартады.
Танымдық кері байланыстың сабақбарысындағы өзектілігі:
1) оқушы өз әрекетінреттей алады, сабақтане үшін әрекеттер жасалғанын түсінеді, өз оқуына жауапкершілік алады, болған жағдайға рефлексия жасап үйренеді, өзін-өзі реттеуге машықтанады.
2) мұғалім тиімді жоспарлауға, сабаққа нақты мақсат қоюға, оқушы ерекшеліктерін анықтауға, сабағына өзгеріс енгізуге мүмкіндік алады.
Осыған орай сабақта танымдық кері байланысты кеңінен ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
Кері байланысорнату танымға бағытталуы тиіс.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың танымына оң әсерін тигізеді. Топтық жұмыстарды талдау мен модерация жасау кезінде төменгіқағидаттарды ұстану керек.Кері байланыс топтық жұмыста3 ақпарат аймақ байланысын реттеу үшін қажет:
1) Жеке мәнді ақпарат аймағы (топта отырғанбір мүшені қызықтыратын, оны дамуға жетелейтін ақпарат болуы);
2) Әлеуметтік мәнді ақпарат аймағы (топ мүшелерінің барлығының дамуына әсер ететін қажетті ақпарат);
3) Мазмұнды мәнді ақпарат аймағы (топтық жұмыстыжүзеге асыратын нақты ақпарат).
Топтық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінде кері байланыстың екі түрі белгілі: жағымды (келісім, жағымды мінездеме, қолдау)және жағымсыз (пікірді жоққа шығару, теріс бағалау, нақты бір адамға бағытталған сын). Мұғалім мәселенің мән-жайын толық меңгеріп қана қоймай, кері байланыс берушілер мен алушылардың ерекшелігін ескеру керек. Кейде қатысушыны шектен тыс мақтау оның зерігуіне әкеледі немесе ирония ретінде қабылданады, қысқа,жағымды сөздерді қолдану, жағымды көзқарасты бекіту үшін қысқа негіздемелер келтіру.
Жағымды кері байланыс топтың ахуалын немесе қатысушының жеке қанағаттанушылығын жақсартып қана қоймай, олардың топтық әрекеттегі белсенді рөліне жағдай жасайды.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1) Көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі-түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам» т.с.). Мысалы: «Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасылтүсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар өздеріне берілген сөздердің ішінен,өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай үш сөзді таңдап айтады. (Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.)
2) Сабақтағы іс-әрекетке кері байланыс.Мысалы:«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1- баспалдағы. Мен…................... БІЛЕМІН
2- баспалдағы. Мен….................. ТҮСІНЕМІН
3- баспалдағы. Мен….................. ЖАСАЙ АЛАМЫН.
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабаққызықты/қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім/үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият/зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікір сайыстарға жиі/ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын/риза емеспін.
Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.
3) Оқу материалының мазмұнының кері байланысы рефлексиясы.
Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой- пікір білдіру.
Синквейн әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс-әрекетін анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Мысалы: «Аяқталмаған сөйлемдер»
Бүгін мен…………………. білдім......................... қызықты
болды................................. қиын болды.
……………. тапсырманы мен орындадым. …………………. түсіндім.
Мен енді…....................... білемін.
Мен.................................... сезіндім.
Мен……………………………….білім алдым.
Мен…............................. үйрендім.
….............................. менің қолымнанкелді.
Мен….......................................... жасай алдым.
Мен……………………………… жасап көругеталпынамын.
……………… мені таң қалдырды.Сабақ менің өміріме...... берді.
Менің............... жасағым келді.
«Плюс, минус,қызықты»
«Плюс» – оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
«Қызықты» деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білді, соны жазады.
Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтары да сабақта өз тиімділігін көрсетеді. Оқушылардан топтық кері байланыс алуға да болады екен. Топтық кері байланыс сұрақтары:
1. Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
- жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;
- жұмыстың жақсы жүруінекедергі болды;
- біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым-қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті.
2. Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?
- ақпарат алмасуда;
- өзара қарым-қатынаста;
- өзара түсіністікте;
- осы дәрежелердің бәрінде іске асты.
3. Топ мүшелері тапсырма орындаубарысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарды сезінді?
- ақпараттың аздығы, жетіспеушілігі;
- коммуникативтік құралдыңтапшылығы (сөз байлығының төмен болуы, ойды дұрыс жеткізе алмау);
- тілдік, сөйлесу қарым-қатынасындағы қиыншылық.
4. Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудыңқай стилі басым болды?
- бір адамға бағытталған стиль.
5. Тапсырма орындау барысындатоптау
- тапсырманы орындауға бағытталған ауызбіршілік сақталды ма?
- топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым-қатынас сақталды ма?
- топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаныбайқалды.
6. Топтағы сол жағдайдың болуынакім немесе не әсер етті?
- топтағы бір адамның өзін көшбасшылыққа итермелеуі;
- топ мүшелерінің көбісінің ортақ қарым-қатынасорнатқысы келмеуі, немқұрайлылығы;
- бірігіп істеуге берілген тапсырманы түсінбеу;
- берілген тапсырманың қызықсыз, қиын болуы. Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан, қоқыс жәшігі, еттартқыш. Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданға салады (жазады), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салады (жазады), бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салады (жазады). Осылайша, қатысушылар қандай білім алғандарын көрсетеді.
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат – баланың саналы ішкі рефлексиясы даярланады, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілеттілік.
Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден, келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты – еске түсіру, өзінің сабақ барысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын ала біледі. Сонымен қатар, кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Білім беру үдерісінде кері байланыстың маңызықандай?
2. Танымдық кері байланыстың сабақбарысындағы өзектілігі қандай?
3. Оқушыны тиімдікері байланыспен қамтамасыз ету ережелері қандай?
4. Кері байланысұйымдастыруда қандай қағидаттар ұстану қажет?
5. Топтық жұмысты ұйымдастыруда қандай кері байланысқолдануға болады?
6. Сабақтағы кері байланыстың неше түрі бар және оны қалай қолдануға болады?
7. Кері байланыстың мұғалімдер мен оқушылар үшін тиімділігі қандай?
Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Оқушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне көп байланысты.
Мұғалімдердің оқушы білімін бағалаудабес баллдық жүйенің кемшілігі көп. Оқушы білімін бағалаудың жыл аяғындағы қорытынды бақылау нәтижесі мен мұғалім бағалауында елеулі айырмашылық кездесіп отырады. Негізгі себеп – мұғалім бағалауындағы субъективтілік пен жыл аяғындағы оқушы біліміндегі объективтіліктер. Жоғары сынып оқушылары бес баллдық бағалау жүйесіне қанағаттанбайды, себебі қазіргі жүйемен нақты білімдеңгейін анықтау мүмкіндігі төмен, бағалау нәтижесі объективті емес. Сондықтан да қазіргі өркениетті елдердегі сияқты қоғамдық қатынастар сұранысын қанағаттандыратын оқу еңбегін бағалаудың жаңа шкаласын еңгізілгендігінің маңызы тағыда айқындалады.
Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Білім сапасынмониторингілеу және диагностикалаудың маңызы қандай?
2. Педагогикалық мониторинг жасауғақандай бағыттар арқылыжүзеге асырылады?
3. Педагогикалық мониторингтiң әсер етушi факторлар қандай?
4. Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсiне не жатады?
5. Педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң өзара байланысы қандай?
6. Оқытудың нәтижелілігіне диагностикалық тексеру жүргізудеңгейлері қандай?
7. Педагогикалық диагностиканың қазіргізаманғы даму үрдістеріқалай айқындалады?
8. Білім сапасына диагностика жасау мен бағалаужүйесінің қандай қағидалары бар?
9. Мониторингтің мақсаты мен міндеттері қандай?
10. Мониторингтің негізгібағыттары мен түрлеріқандай?
11. Мониторингтің объектілері мен өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз.