Қазіргі ХХІ ғасырда білім беру үрдісін ақпаратпен қамтамасыз ету құралы – білім сапасын мониторингілеу және диагностикалау болып отыр. Ал, педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметiтуралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттар арқылы жүзеге асырылады:
- ақпараттың мазмұны;
- ақпараттың сапасы;
- ақпаратты басқаруда пайдалану.
Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг – қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату болады.
Г.А.Стефановскаяның анықтамасы бойынша «Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау».
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсi – бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi – бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы. Сонымен қатар, педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi – оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болады.
Ал педагогикалық диагностика – бақылау түрлерінің бір жүйесі. Онда өлшемдік тетіктердің көптеген түрлері бар. Педагогикалық диагностика – педагогикалық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек,
«диагностика» дегеніміз – белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдаумақсатында сол обьектінің негізгіпараметрлерін тез тіркеужолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану.
Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – педагогикалық процесс Педагогикалық диагностикалау педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.
Педагогикалық диагностика бүгінгі күні педагогиканың маңызды бір саласы ретінде білім сапасына кепілдік беретін барлық механизмдердің, білім беруді сыртқы(халықаралық, ұлттық) және ішкі (институттық) бағалаудың, сондай-ақ білім сапасы саласында сапа менеджменті мен мониторингтік зерттеулер жүйесі жүргізілуінің негізгі өзегі. Оқытудың нәтижелілігіне диагностикалық тексеру жүргізу мынадай деңгейлерде өтуі мүмкін:
- нақты тапсырмалардың түрлерімен оқытудың әдістері;
- нақты оқу сабақтарының түрлері;
- жекелеген немесе кешенді пәндер;
- жекелеген оқу топтары, курстары, бөлімшелері;
- оқыту циклінің түрлі кезеңдерінде: оқыту процесінің жүйеге кіру әрі шығу барысында көлденеңінен және тігінен тексерілуі;
- институттық деңгейде: мектепте, колледжде, жоғары оқу орнында;
- ұлттық білім жүйесі (мемлекеттік аттестаттау және білім беру мекемелерін тіркеу, оқу орындарының қызметіне аудит жүргізу, білім сапасы мониторинг жүйесі);
- халықаралық білім беру жүйесі (мысалы,РISA – Program for International Student Assessment, ТIMS – Trendsin Mathematics and Sciense Study, PIRLS – Progress in International Reading Literacy Study бағдарламалары бойынша білім беру ісін салыстырмалы зерттеу т.б.).
Диагностикалық қызметтердің диапазоны оқу процесінің нақты нышандары мен параметрлерінің сандық, сапалық көрсеткіштері анықтамасынан бастап, білім берудің күрделі жүйелерінің сапасы мен нәтижелілігін тексеруге дейін тарала алады.
Қазіргі заманауи даму кезеңінде білім сапасына диагностика жасау өзекті мәселе. Ол білім беру жүйесі оқыту процесіндегі ахуалдың статистикалық және динамикалық сипаттамасын айқындауға арналған. Тағы да ол оқу процесі немесе білім бері жүйесінің көлемі мен құрылымдық күрделілігіне байланысты, зерттеліп отырған білім деңгейі мен педагогикалық процестің нәтижесін сан жағынан сипаттайтын критерийлер мен параметрлер кешенін анықтауға негізделген. Педагогикалық диагностика – бұл бақылау түрлерінің жүйесі. Онда өлшемдік тетіктер көмегімен оқу процесінің (тестержәне өзге де құралдар) сандық, сапалық сипаттамасын белгілеп, қол жеткен табыстарын анықтауға болады. Педагогикалық диагностиканың мақсаты – қай қырынан алғанда да сандық және сапалық көрсеткіштерді белгілеу, бұл жүйедегі істердің нәтижелі әрі тиімді болуы үшін қажет. Білімдегі сапа бағалаудың (бағаның) критерийлік базасы ұғымымен байланысты.
Педагогикалық диагностиканың кейбір қағидаларын 1991 жылы Е.А.Михайлыч мынандай қисынға келтірді:
♦ жүйелілік және нақтылық;
♦ диагностика теориясы мен әдістемесінің ғылыми негізділігі;
♦ диагностиканың белгілейтін және түзететін қызмет түрлерін үйлестіру;
♦ диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы;
♦ диагностикалық әдістемелер мен рәсімдерінің оңайлығы;
♦ диагностиканың түрлерімен әдістерін оңтайландыру;
♦ диагностиканың болжамдылығы.
Білім сапасына диагностика жасау мен бағалау жүйесін әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ білім беру ісін дамытудың қазіргі жағдайында педагогикалық диагностиканың мәселелері жөніндегі көптеген дереккөздерді талдау барысында, оның келесі қағидаларын атап көрсетуге болады:
♦ жүйелілігі және біртұтастығы;
♦ білімді тексерудің көп деңгейлілігі;
♦ білім беру нәтижесінің сапасына диагностика жасаудың ауқымдылығы;
♦ диагностикаға қатысты квалиметрикалық тәсіл;
♦ диагностикаға қатысты өлшемдік-бағалау тәсілі;
♦ өлшемдік аспаптардың стандартталуы;
♦ пайдаланған кезде диагностика тетіктерінің, диагностикалық рәсімдердің, әдістердің, нәтижелерді математикалық және статистикалық аппаратпен өңдеудің әдістемелерінің ғылыми негізделген мазмұнда болуы (тапсырмалар, тестер, сауалнамалар т.б.) – диагностиканың объективтілігі және растығы;
♦ жүйелілік – дидактикалық процестің барлық кезеңінде диагностика жасау – білімді қабылдай бастағаннан оны іс жүзінде пайдаланғанға дейін;
♦ ақпараттандыру – диагностика жүйесін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету және зерттеу нәтижелерін өндеу; деректер қоры, ақпаратты жеткізу;
♦ диагностика нәтижесі динамикасына мониторинг немесе бақылап отыру;
♦ жеке критерийлер бойынша жүргізілетін диагностиканың ашық, көрнекі түрде болуы;
♦ жариялылық – бағаны жариялау және негіздеу;
♦ кері байланыс диагностика нәтижелерін білім берудің сапасын басқару үшін пайдалану.
Диагностика білім беру қызметі объектілерінің немесе процестерінің нақты белгілері мен қасиеттерін, сондай-ақ білімнің нәтижесінде жеткен табыстарын айқындауға мүмкіндік береді. Білім берудіңтұлғаға бағдарланған жаңа парадигмасы оны жан-жақты дамытуға бағытталған. Білімнің сапасы, ең алдымен, уақыт талабына жауап бере алатындай тұлғаның қалыптасуына оқу процесінің қаншалықты ықпал ететіндігімен бағаланады. Үздіксіз білім алудың қорытындылаушы нәтижесін бағалауға тек ғылыми негізделген диагностика (педагогикалық, психологиялық және социологиялық) мен оның тетіктері болған жағдайда әрі мониторинг зерттеулер жүргізілгенде қол жетпек. Диагностика мен тетіктердің барлық түрін дамыту білім сапасын бағалау жүйесінде өте маңыздыорын алады. Ол білімнің ұлттық, институтиционалдық және тұлғалық немесе жекелік деңгейлерінде білім сапасына кепілдіктің негізі. Бұл ретте білім сапасын бағалауда, мониторингте, сондай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) және де білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін дамытуда диагностиканың маңызы зор.
Педагогикалық мониторингті зерттеген В.А. Болотов, В.С. Безрукова, Н.В. Борисова, В.И. Гинецинский, А.Н. Дахин, В.М. Монахов, А.М. Новиков, Л.С. Подымова, В.А. Сластенин, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко,Н.О. Яковлевалар өз еңбектерінде педагогикалық мониторингтің нәтижелері мен құрылымын және түсініктемесін талдай келе, қазіргіпедагогикалық ғылымда және тәжірибеде осы күнге дейін мониторингке деген жүйелі тәсілдемелердің құралмағанын, ал ол, бір жағынан, ғылыми- зерттеу жұмыстарының тәжірибелік бағыттарын, екінші жағынан, практикалық педагогикалық қызметтің теоретикалық негізділігін едәуір төмендетеді.
Білім берудегі мониторинг – бұл педагогикалық және басқарушы категория, өйткені ол ақпарат теориясының негізгі қағидаларынның көшірмесін жасамай, оны педагогика, психология және басқару тіліне аударады.
Мониторинг деректерін бастапқы жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыру қолданылған әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалауға, оларды түзетуге мүмкіндік жасайды. Әрине, мониторингті тәжірибелі қызметкерлердің жүргізгені дұрыс. Мониторингті жүргізуарқылы деректер базасы құрылады, олар берілген топтағы оқушылардың (қызметкерлердің, студенттердің, магистранттардың) ары қарай дамуын терең талдауға және дер кезінде түзетулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Мониторинг – мектепті көп деңгейлі басқарудағы маңызды жүйелердің бірі. Ол диагностика жүргізілуін және болжамдалған нәтижелерге сәйкес мектептердің оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз етеді. Мониторингтегі жүйе құрайтын құрылым (қасиет) білім беру мекемелерін қолданатын бақылау түрлерін түгел өзара іс-әрекеттегі элементтердің бірыңғай құрылымына біріктіруге мүмкіндік береді. Мақсаттары да, қаржылары (құралдары) да ортақ бұл элементтер мынандай принциптер негізінде қызмет етеді: жүйелік, циклдік, кезеңділік, оқиғаларды тікелей бақылау нәтижелері бойынша бағалау. Мониторинг басқарудың барлық функцияларымен және сатыларымен тығыз байланыста болады. Мониторинг қарастыратын негізгі мәселелер: мектеп білім беру жүйесінің мақсаты; хал-ахуалы және оның функциялық негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттар; болжамдар; шешімдер; педагогикалық қызметті ұйымдастыру және атқару;оқу мекемесі қызметінтүзету. Мониторинг басқару ісін ақпараттық қамтамасыз етуге, оның тиімділігін арттыруға бағдарланған. Ол кез келген уақытта объекті туралы, оның хал- ахуалы жайлы біліп отыруға мүмкіндік береді. Мониторинг қолданыстағы құқықтық және нормативтік құжаттарға, білім беру ісін ұйымдастырудың әдістемелік материалдарына және мектепті дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
Мониторингтің мақсаты мен міндеттері. Мониторингтің мақсаты – мектеп білім беру жүйесінің хал-ахуалы туралы және оның фунциялық негзігі көрсеткіштері жайлы алынған ақпараттарды қорыту және талдау. Ол атқарылған жұмыстарды бағалау және даму беталысын болжамдау үшін, сондай-ақ білім сапасын жетілдіруге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет. Алға қойылған мақсатқақол жеткізу біздің мектепте мынадай міндеттерді жүзеге асыру жолдарымен шешіледі:
- мектептегі педагогикалық жүйенің хал-ахуалын және сол жүйе бойынша жүзеге асырылатын білім беру сапасын тұрақты түрде және жан-жақты зерделеп отыру.
- шынайы ақпараттар негізінде бағалау және көмекші оқу персоналын қамтамасыз етудің шарттарын жетілдіру
- көмекші оқу персоналының мынадай салалар бойынша жқмыс тиімділігін басқару;
- психикалық-педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруда;
- функционалдық міндеттерді жүзегеасыруда;
- мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда: білім беру процесіндегі өзгерістерді және оларды туындататын факторларды анықтау, оқу сапасын басқару.
- мектептегі мониторингтік зерттеулер механизмін жетілдіру;
- мектеп білім беру жүйелерін мониторингілеу, субъектілерін қызметтерін үйлестіру.
Мониторинг объектілері. Мектепте мониторинг объектілері оқушы мен оқытушы, оқу нәтижелері (ағымды, қорытынды), көмекші оқу персоналдарының ресурстық базасы.
Мониторингтің негізгі бағыттары мен түрлері. Мониторинг мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мектеп білім беру жүйесінің сапасы мына бағыттар бойынша айқындалады.
Білім сапасы3 буын бойынша зерттеуге алынады:
- бастауыш буында 1-сыныптар;
- орта буында 5-9 сыныптар;
- жоғары буында 10-11 сыныптар.
Бұл бағытта оқушылардың білім сапасы қаралатындықтан, тоқсан сайынғы қорытындылар, әкімшілік бақылау жұмыстары, жыл сайынғы білім сапасы толық бақыланып, оның өсу немесе кему динамикасын анықтап, кемшіліктерді жою технологиясы құрастырылып, оң тұстарын одан әрі жалғастыру көзделеді.
Өркениетті елдерде (АҚШ, Европа елдері, Ресей) оқушылардың білімініңжетістіктері көрсеткіштерін анықтауға басым бағыт берілуде. Мысалы, Шотландия, Австралия, Голландияда білім сапасын тексеругенегізгі компоненттері оқушының жетістіктері болатын кешенді жүйелерқолданылады. Соңғы 10 жылда оқыту жетістікеріне қатынасты халықаралық деңгейдебірнеше зерттеулер жүргізілуде. Білім сапасын бағалаудың Латын Америкасының лабораториясы ЮНЕСКО-ның қаржыландыруымен loboratorlo жобасы бойынша Латын Америкасы елдерінде бағалау жүйесінің жиынын көрсетуде. Онда әрбір елде үшінші және төртінші сынып оқушылары арасында сараптау жүргізіліп, оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. Білім сапасындамыту мен бекіту мақсатында оқыту жетістіктері мониторингісі Оңтүстік Африка консорциумы (SACMEQ) ЮНЕСКО мен ЮНИСЕФ бірлескен жобасы 70 елде жүргізілуде. Мониторинг пен білімді бағалаудың тұрақты жобасы «барлығын қамту ұстанымы қағидасын» басшылыққа ала отырып, белгіленген сабақтар бойынша оқушылардың білім алу сапасынжәне потенциялын көтеру өзделеді. Соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстарында оқушыларды оқуға қамтуға басым бағыт берілуімен қатар білім сапасын көтеру және баланы мектепке тарту, орнықтыру, оқуда белгілі нәтижеге жету мәселелері қарастырылады. Зерттеу барысында соңғы жылдардаоқушылар жетістігін бағалауда оқушылардың оқу бағдарламасында көрсетілген білім, білік және дағдының ауқымдыпайызын меңгеретіні анықталған. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен ЮНЕСКО және Сорос-Қазақстан қоры бірлестікте пилоттық жоба аясында бастауыш білім сапасының мониторингі жүргізіледі. Онда Мемлекеттік стандарт пен бастауыш сатыдаоқушылардың білім, білікжәне дағдыларының сәйкестігі зерттелді. Ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша эксперимент жүргізілген мектептерде білім жетістіктерінен 1- сынып оқушылары бірінші орында, ал 2-сынып оқушыларының білім деңгейінің төмендігі байқалған. Сонымен бірге ғылыми- зерттеу жұмысының қорытысында оқушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеретіндіктері және білім жетістіктерінің міндетті мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес келетіні анықталған.
Он бес жастағы оқушылардың білім және білік дағдыларын халықаралық деңгейде бағалау бағытында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатынасатын елдердің күшімен PISA (2002-2004) жобасы бойынша оқушылардың компетенттілігі, яғни білімі және біліктілігінің күнделікті өмірдегі дағдысына сәйкестігі бағаланады.
А.И. Субеттоның пікірі бойынша, ғасыр табалдырығынан аттаған уақытта білім адамзат баласының басты құныдылықтарына айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Ғалымдардың (С.Е. Шишов, В.А. Кальней) пікірінше, стандарт және сапа жетістіктер деңгейі бағалау көрсеткіштері стандарт талаптарының деңгейіне (минимум) оқушылардың білім, білік, дағдыларының сәйкес келуі тиіс. Г.А. Строкованың зерттеуі негізінде педагогикалық мониторингтің негізгі қызметіне төмендегілер жатады: ақпараттық, аналитикалық-бағалау, ынталандыру-мотивациялық, реттейтін жан-жақты қызмет.
Қазіргі заман талабына сай мектептегі оқу барысында оқушылардың даму динамикасын және мектептің өзін-өзі бағалау жолымен дамуын қадағалайтын білім сапасын мониторингілеу жүйесін жасау қажеттігі туындап отыр.
Мониторинг – күрделі педагогикалық құбылыс. Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі. Мониторинг дегеніміз – белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі. Бұл сөз ағылшынның «монитор» деген сөзінен алынған. Белгілі параметрлерді анықтауды бақылау құралы. Мониторингті техникалық құралдарың көмегімен жүргізілетін бақылаудың ерекше түрі деп қарастыруға болады. Ғылыми принциптері: мақсаттылық, үздіксіздік, толықтық, сапаны жан- жақты білу, алынатын ақпараттың жариялылығы мен нақтылығы т.б.
Мониторингілеу – (латынша: monitov – ескертуші, бақылаушы) – біріншіден, қоғамда немесе оның қайсыбір топтарында болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде өлшеу жүйесі, екіншіден, адамның шараушылық қарекетіне байланысты қоршаған ортаның жай-күйін қадағалау, бағамдау және болжамдау.
Мониторингілеу – білім сапасыжөнінде әр түрлі ақпарларды жинақтау, өндеу, жүйелеу, терең сараптама жасау, бағалау, тұжырымдау, оны алдағы уақытта оқу үдерісін жақсартуға, дамытуға және оқу-тәрбие үдерісін де кеткен кемшіліктерді түзетуге, сондай-ақ жобалау, құру, сол мақсаттарда жағдайлар жасау. Білім берудегі мониторинг – бастапқы мақсаттарға негізделген білім беру үрдісіндегі белгілі бір жүйені үнемі бақылап отырады. Алынатын нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесі – мониторингілеумен тікелей байланысты болғандықтан оқушылардың білімділігін бағалау өлшеуіштерін іріктеу критерийлерін анықтауқажет. Мониторингті жүргізгенде, шұғыл түрде белгілі бір ақпараттың көлемін таңдай аламыз және өңдей аламыз. Бақылаудың тиімді жаңа технологиясы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Компьютерді пайдалану арқылы үнемі бақылауға болады. Бұл – мониторингтің тағы бір маңызды ерекшелігі. Мониторинг – бұл педагогикалық үрдіс негізінде білім беру мақсатын таңдаудағы өзекті мәселе мен құралдарын шешу барысында диагностикалық, прогностикалық зерттеудің жағдайың ғылыми негізге сүйене отырып үздіксіз бақылау.
Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері байланыс қамтамасыз етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы мақсатына нақты нәтижелер мәлімделеді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік- психологиялық, медициналық мониторинг, оқушының жеке басының көзқарасын жалпылай алу мақсатында бұл оқу орындарына ең қажетті болады.
Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгірмеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді. Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңындашыққан графиктен осы тұстағы алғанбілімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап, білімдеңгеін оқушы өзі бақылап отырады. Яғни оқушылар өздігімен орындайтын жұмыстарын өзі бағалайды. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.
Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Оқушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне көп байланысты.
Мұғалімдердің оқушы білімін бағалаудабес баллдық жүйенің кемшілігі көп. Оқушы білімін бағалаудың жыл аяғындағы қорытынды бақылау нәтижесі мен мұғалім бағалауында елеулі айырмашылық кездесіп отырады. Негізгі себеп – мұғалім бағалауындағы субъективтілік пен жыл аяғындағы оқушы біліміндегі объективтіліктер. Жоғары сынып оқушылары бес баллдық бағалау жүйесіне қанағаттанбайды, себебі қазіргі жүйемен нақты білімдеңгейін анықтау мүмкіндігі төмен, бағалау нәтижесі объективті емес. Сондықтан да қазіргі өркениетті елдердегі сияқты қоғамдық қатынастар сұранысын қанағаттандыратын оқу еңбегін бағалаудың жаңа шкаласын еңгізілгендігінің маңызы тағыда айқындалады.
Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Білім сапасынмониторингілеу және диагностикалаудың маңызы қандай?
2. Педагогикалық мониторинг жасауғақандай бағыттар арқылыжүзеге асырылады?
3. Педагогикалық мониторингтiң әсер етушi факторлар қандай?
4. Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсiне не жатады?
5. Педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң өзара байланысы қандай?
6. Оқытудың нәтижелілігіне диагностикалық тексеру жүргізудеңгейлері қандай?
7. Педагогикалық диагностиканың қазіргізаманғы даму үрдістеріқалай айқындалады?
8. Білім сапасына диагностика жасау мен бағалаужүйесінің қандай қағидалары бар?
9. Мониторингтің мақсаты мен міндеттері қандай?
10. Мониторингтің негізгібағыттары мен түрлеріқандай?
11. Мониторингтің объектілері мен өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз.