СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫ БАҒАЛАУ
Сыни ойлау – өзіндікойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімінөзі айқындайды. Сыни ойлау – әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарыныңталаптарын жүзеге асыруда,оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден-бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр педагог өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген де көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды.
Білу. Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақтал- ғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
– сенімділікпен жұмыс жасау;
– бар ынтасымен оқуға берілу;
– пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
– өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
– мен осы мәселе туралыне ойлаймын?
– осы мазмұннан алған ақпаратменің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
– осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
– маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында «Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады» деп көрсетілген. Оны жүзеге асыру үшін біріншіден мұғалім өзі сыни ойлана алатын болуы керек және оқушыны да сыни ойлауға үйретуі қажет.
Сыни ойлау туралы бүгінгі күні өте көп анықтамалар бар. Әркім әр түрлі жауап береді.Ең жақсы түсінік«Сыни ойлау деген не?» деген сұраққа Дэвид Клустердің берген жауабы. Сыни ойлаудың ауқымы өте кең – икемділік пен шеберлік, іс-әрекет түрлері, құндылықтар. Қарапайым есте сақтау сыни ойлау емес. Ал сыни ойлау жаңа, біз түсінгенидеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылып, қолданғанда іске асырылады. Фактілерді есте сақтау мен идеяларды түсіну сыни ойлаудың қажетті шарттары, бірақ олардың өздері тіпті біріксе де сыни ойлауды құрастырмайды.
Сыни ойлауды қалайша айқындай аламыз? Біріншіден, сыни ойлау – дербес ойлау. Сабақ сыни ойлау қағидаларына сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын, сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады, ойлау тек жеке (индивидуалды) сипат алғанда ғана сыни болып табылады. Екіншіден,ақпарат сыни ойлаудыңақтық емес, бастапқынүктесі болып табылады. Білім уәждеме (мотивировка) тудырады, ал онсыз адам сыни ойлай алмайды. Үшіншіден, сыни ойлау сұрақ қоюдан басталып, шешімді қажет ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Төртіншіден, сыни ойлау дәйекті, көңілге қонымды дәлелдемелерге ұмтылады. Сыни ойлайтын адам проблеманы шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді нанымды және дәйекті дәлелдермен негіздейді. Ол бұған қоса бұл проблеманың басқа да шешімдері болуын ескеріп, өзі таңдаған шешімнің басқалардан гөрі санаға қонымды және тиімді екендігін дәлелдеуге тырысады. Қандай да болмасын дәлелдеме (аргументация) үш негізгі элементтен тұрады. Дәлелдеменің негізінде жатқан оның басты мазмұны болып тұжырымды атауға болады (оны және де тезис, негізгі идея немесе дәйек деп те атайды). Тұжырым бірнеше дәлелдермен қуатталады. Өз кезегінде әрбір дәлел айғақтармен сүйемелденеді. Айғақ ретінде статистикалық деректер, мәтінге жүгіну, жеке тәжірибені қолдануға болады, яғни осы дәлелдемені растайтын және талқылаудың басқа мүшелері мойындайтын барлық деректерді келтіруге жол беріледі. Дәлелдеменің жоғарыда аталған барлық элементтерінің (тұжырым, дәлел, айғақ) іргесінде төртінші элемент – негіздеме (уәж) жатыр. Бесіншіден, сыни ойлау – әлеуметтік ойлау. Қандай да болмасын ой басқалармен бөліскенде тексеріліп, ұштала түседі, немесе, философ Ханна Арендт жазғандай, «кемелденуге тек қана біреудің қатысуында ғана жетуге болады». Біз басқалармен пікірталасып, мәтін оқып, талқылағанда, қарсы уәж айтып, пікірлерімізбен алмасқанда өз позициямызды айқындаймыз және тереңдетеміз. Сондықтан да сыни ойлау аясында еңбектенетін педагогтар әрқашанда өз сабақтарында жұптық және топтық жұмыстың сан алуан түрлерін, олардың ішінде пікірталас пен дау-дамайды және де шәкірт жазба жұмыстарының әр түрлі жариялануын қолданады. Жазу – сыни ойлауға үйретудің ең тиімді тәсілі.
«Сын тұрғысынан ойлау» дегендегі «сыни» термині «теріске шығару» дегенді емес, ойдың мәселені шешуге шоғырлануын білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда орын алады. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Заманауи әлемде сыни тұрғыдан ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшінің ойлауын алға тартатын атрибут ретінде қаралады. ХХ ғасырда осы проблеманы Франкфурт сыни әлеуметтік теориямектебі қарастырды. Джон Дьюи білім беру саласындағы осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, демократиялық қоғамдық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты.
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:
- айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;
- күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;
- басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу;
- идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.
Балаларға негізделген, әділ сыни тұрғыдан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу дағдыларын жаттықтыру қажет.
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту төмендегілерді бағалауға үйрету дегенді білдіреді:
  • Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет.
  • Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керек.
Бенджамин Блумның және басқалардың жұмысының шеңберінде сыни тұрғыдан ойлау оның жіктеуіндегі ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болады.Американдық ғалымдар Дж.Кэролл мен Б.Блумның білімді толық меңгерту технологиясының да маңызы зор. Педагогикада бұл технологияны «Блум таксономиясы» деп те атап жүр.
Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
Тапсырмалар түрі: Не? Қашан? Қандай? Қайда? Ережені, формуланы жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгілерді қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды, терминдерді қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту
Түсіну. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, тарихи терминді сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.).
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау.
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Тапсырмалар түрі: Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз, сөйлемді өзгертіңіз, өз сөзіңізбен айтыңыз, суретті, картадағы бағыттарды түсіндіріп беріңіз
Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі– орта деңгей.
Тапсырмалар түрі: Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; мәселенің шешімін көрсет; берілген гипотезаны тексер.
Талдау. Таным мен ойлау деңгейі– жоғарғы деңгей.
Тапсырмалар түрі: Құрылымы қандай? Салдары неде?
Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
Синтез (жинақтау, жүйелеу). Таныммен ойлау деңгейі–жоғарғы деңгей.
- Шығармашылық тұрғыданкішігірім шығарма (эссе) жазады;
- Халықтың үміті орындалды ма? Өз ойларындәлелдеу.
- Қазақстан майдан арсеналыболғандығын дәлелдеу.
- Алған білімдерін кестегетүсіру.
Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі– жоғарғы деңгей.
Мысалдар: «Сіздің ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе, жақтайсыз ба/қарсыз ба?» деген сұрақтарды қолдануға болады.
Сыни тұрғысынан ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен(ERR) тұрады:
1. Қызығушылығын ояту ( «көпір жасау», ой қозғау) – Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта-жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өздігінен білім алуға көмектеседі. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану»,
«Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
2. Мағынаны таныту (мағынаны ажырату) – Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V – «білемін», – – «мен үшін түсініксіз», + – «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететінұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
3. Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады) – Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болыптабылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Рефлексия жасағанда адам көптеген шешімдерді сараптап, оларды ой елегіненөткізіп, өз құндылықтары мен түсініктерінің, түйсігі мен қажеттіліктерінің таразысына салып, салғастырады, проблеманың байыбына жетуге тырысады. Осыдан соң адам өзі таңдап алып, көңілі қалаған шешімді тура сол қалпында қабылдамай, оны жан-жақтықарастырады, оның оң мен солын ажыратады, кемшіліктерін келтірумен қатар оны қуаттау үшін дәлелдер іздейді. Бұл тұжырымдауға қанағаттанбай, өз шешіміне балама іздестіреді, жаңа ұсыныстар мен болжамдар жасайды. Ылғи да өзіне еш бүкпесіз шындық тұрғысынан сұрақ қойып, оған жауап іздейді
Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен (дербестік) ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе/ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау.
Сыни ойлау мынандай жағдайларда болады:
- кез келген проблема не ақпаратпен өздігімен жұмыс жасағанда;
- кез келген проблемане ақпаратты өзіндіктәжірибе (өмірлік, кәсіби) тұрғысынан қарастырғанда;
- кез келген проблемане ақпарат туралыөзіндік (дербес) пікір қалыптастыру барысында;
- өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап, оларды дәлелдеуде;
- кез келген проблема не ақпаратты жан-жақтытұрғыдан қарастырғанда;
- бірлесе жұмыс жасағанда (топта, жұпта, командада);
- өзгелердің пікірлерін бағалап,қабылдағанда.
Сыни ойлау әр адамды табиғатындағы менмендіктен және ортаға тәуелділіктен арылтады: адам басқалармен тиімді қарым- қатынасқа түседі, қоғамдағы беделдердің пікірлерін ақиқат ретінде қабылдамай, оларға күмәнмен қарай бастайды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптай біледі. Осылайша сыни ойлаушы өзін-өзі шектей біледі, басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салғастырады, қоғамда кеңінен таралып, көпшіліктің қабылдаған көзқарастарды мойындамай, олардың дәлелдері мен тұжырымдауларын іздестіреді. Алайда бұл күмәндану жоққа шығаруды білдірмейді: осындай әрекеттер арқылы сыни ойлау аталмыш көзқарасты қабылдауға әкелуі әбден ықтимал. «Сыни ойлау» ұғымында «сынау», яғни «кемшіліктерді айқындау» мағынасы жоқ. Сыни ойлаудың мәнін «байыбына үңілу», «терең бойлау», «зерделеу», «екшеп-текшеп, жан-жақты қарастыру», «өзіңе сұрақ қойып, соның жауабын іздестіру» деп те келтіруге болады.

Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар

1. Сын тұрғысынан ойлау және сын тұрғысынан ойлауға үйрету шарттары қандай?
2. Сыни ойлаудықалайша айқындаудың жолдары қандай?
3. Сыни тұрғыданойлау қандай қабілеттерді дамытуға болады?
4. Сыни тұрғыдан ойлау сабағының құрылымдық формуласына сипаттама жасаңыз.
5. Сыни ойлаудыңалғышарттары қандай?
6. Cыни тұрғыданойлайтын тұлғаның қандайерекшеліктері болады?
7. Оқушыда сыни ойлаудың қалыптасудеңгейлеріне сипаттама беріңіз.
8. Сын тұрғысынан ойлау туралы ғалымдардың пікірлері бойынша өз тұжырымыңызды жасаңыз.
9. Дәстүрлі сабақ пен сын тұрғысынан ойлауға негізделген сабақты кесте арқылы салыстырыңыз.
Made on
Tilda