Технологиялық тұрғыда дамыған, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім саласы. Білім саласының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты екенін атап көрсетті. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ұйымдарының, қызметкерлерінің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Қазақстанның білім беру парадигмасы ҚР Конституциясы, «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасы, білім беру саясаты, заңдар мен ресми құжаттарды терең талдау нәтижесінде қалыптасып келеді. Теориялық талдаулар көрсетіп отырғандай, тарихи кезеңде бірін-бірі алмастырушы парадигмалар нәтижесінде жаңа идеялар мен принциптер, шығармашылық қатынастар мен мәдениеттің дамуын терең ұғынуды талап етеді.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты – білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу. XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Дүние жүзіндегі инновациялық процестердің барлығы кез- келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені мемлекет дамуының негізі болған инновациялық саясат кез-келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми-техникалық процесс бүкіл әлемде «инновациялық процесс» ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді. Инновациялық процесс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым- қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қарамағына алады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8- бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», – деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осы орайда, білім берудің мақсатына тоқталсақ.
Оны жүзеге асыру білім беру мекемелерінде жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыруға септігінтигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты – инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру барлық білім беретін мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген оқу орындары оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу үдерісін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесінқұруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы.
Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп, оларды оқу үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен В.П. Беспалько, К.Ж. Бұзаубақова, Қ.А. Сарба- сова, М.М. Жанпейісова, Ш.Таубаева, Л.А. Шкутина т.б. ғалымдар айналысты.
«Технология» ұғымы «тehne» – өнер, шеберлік , «logos» – ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, «технология» терминін өнер туралы ғылым немесешеберлік туралы ғылымдеп аударуға болады.
«Технология» ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы сан алуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда «технология» және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама әлі де болса бір жүйеге келген жоқ.
Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі, деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту үдерісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.
АҚШ пен Батыс Европада XX ғасырдың екінші жартысынан бастап оқыту үдерісінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. Осы уақытта оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» термині кеңінен қолданылды. Кейінірек түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен бұл терминдер «педагогикалық технология» деген атауға ие болды. 60-жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде кеңінен қызу талқылана бастады. Мұнда негізгі екі бағыт көзге түсті.
60-жылдардың аяғы, 70-жылдардың бас кезінде АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапония т.б. көптеген елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады.Дегенмен, оқыту үдерісі білім беру үдерісінің бір ғана бөлігі болғандықтан,
«оқытудың технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық «тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін «білім беру технологиясы» ұғымы пайдаланылыпжүр. Осы ұғымныңғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту үдерісінде т.б.) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты қолданған дұрыс деген тұжырым жасалды. Бірақ әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқыту үдерісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.
«Білім беру технологиясы» ұғымы мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас үдерісі технологиясы ретінде қолданылады. Білім берудін технологиясына – оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.
Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудыңәдістемесі» ұғымы «білім беру технологиясы» ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме «не үшін, неге және қалай оқыту керек?» негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, технология болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс- әрекетін, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана іске кіріседі. Олай болса,технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады.
Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырады. Сонымен, педагогикалық технологияны оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау,сол сияқты, білімді адамдармен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудын технологиясын – қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы – оқыту іс-әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады.
Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгіөркендеп келе жатқанжаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар:
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
«Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды. Сондықтан оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеру қажет. Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-өзімен, сондай-ақ, қоғамдық міндеттер мен қиндылықтармен де еш байланыссыз тәртіпсіз шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды», – дейді А.Найн.
Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеяларының жаңаруы білім мен тірбиенің қоғамдағы орны мен рөлінің дамуына да ықпал етеді. ХХІ ғасырда оқу-тәрбие үдерісінде білім құндылығының негізін құрайтын төрт факторға ерекше көңілбөлінеді. Олар: бірліктеөмір сүруге үйрену,білімді меңгеру, еңбек етуге үйрену, өмір сүруге үйрену. Әлемде болып жатқан жаңару үдерісі негізінде өркениетке ұмтылған әр мемлекет заманауи құндылықтарды ескере отырып, оқу-тәрбие үдерісін түбегейлі өзгертуге ұмтылады.
Білімді бақылаусұрақтары мен тапсырмалар
1. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттары қандай?
2. Инновациялық педагогиканың алғышарттарын атаңыз.
3. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану қандай кезеңдерарқылы іске асады? Талдаңыз.
4. Жаңа педагогикалық технологияны қолданудың, басты ұстанымдары қандай?
5. Дәстүрлі білім беру мен инновациялық білім беру жүйесін кесте арқылы салыстырып, талдау жасаңыз.
6. Инновациялық оқыту кезіндегі мбілім беруші мен білім алушының арасындағы қарым-қатынасты сипаттап жазыңыз.
7. «Инновация – жаңашылдық, жаңа идея» ұғымы туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік- экономикалық міндеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал ұрпақ тәрбиесі – Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Бүкілдүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс- әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңыздымәселелердің бірі. Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымныңтүп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалаудеп айтқанды жөн көрдік. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп ұғатын боламыз. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргібілім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: 1-кезең – оқып үйрену; 2-кезең – меңгеру; 3-кезең – өмірге ендіру; 4-кезең – дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
– оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
– оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту- әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы студенттерге білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Өйткені оқыту – тәрбиенің негізі.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметінғана емес, мектепұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр. Инновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай себептермен түсіндіріледі. Бірінші кезекте инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты. Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы. Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның (бір нәрсеге әсерін тигізетін жағдайлардың) кездесу мұқтаждығынан пайда болады. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге дайындық деңгейімен, педагог қызметкерлерінің кадрлық әлеуетімен және басқа да факторлармен анықталады. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Сондықтан да мектеп басшылары үнемі өзгерістің болып тұруы бірден-бір дұрысфакт екенін мойындаулары қажет. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болады. Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдарыдеп айтуға болады. Дегенмен,кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да.
Әрине, педагогикалық инновацияның бір бөлігі ғана тек белгілі қоғамдық қатынастарда нақты ақиқат дүниеге айналады. Мысалы, ізгілендіру үрдісінің дамуының негізгі шарты – қоғамдағы саяси қайта құрулар және оның жұмыс істеу экономикалық механизмінің өзгерісі. Дегенмен, білім беру үрдісінің педагогикалық сұрыпталуының негізгі көпшілігі осы саланың қызметкерлері арқылы қалыптасады. Бұл өзгерістің ішкі, таза педагогикалық бөлігі іспетті сол әлеуметтік жағдайдың базасында, қоғам өзі құрып алған экономикалық, саяси құрылымда арттырылады. Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдіріп, жастар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек.
Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді. Бұл жерде жоспарлы және сыртқы әсермен емес, ішкі себептермен болған жаңалықтар арасындағы сырттан және білім берудің өзінің ішінен болған өзгерістердің нақты шекараларын анықтау өте қиын екенінатап өткен жөн. Өйткені, инновациялар бір мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді тәсілі де. Мұндай жағдай білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, сондай-ақ, «мұғалім-оқушы» қарым- қатынасындағы әдістеме мен үлгісін және мазмұнын да жаңалыққа жетелейді.
Білім беру мекемелерін жабдықтау да таза педагогикалық инновация ғана емес, бұл – инновацияның компьютерлік техника саласына енуі, оқу құралдарының ендірілуі. Білім беру жүйесінің құрылымындағы өзгерістерді де педагогикалық инновация деп атауға болмайды. Бұл дұрысында білім беруді басқару саласындағы инновация. Басқару инновациясына мектеп ұйымының ішкі қызметіндегі кейбір жаңадан енгізілген нәрселерді жатқызуға болады.
Кең ауқымда инновациялық қозғалыс – қайта құру үшін қажетті құбылыс. Оның өмірдеболуы қайта құрудыжасаудың негізгі әлеуметтік шарты ретінде көрінеді. Бұндай қозғалыс қайта құруды жүзеге асырудың маңыздышарты ғана емес, оған дайындық құралы болып та табылады. Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда түйінді тұлға. Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндет әр түрлі әдіс- тәсілдерді, жаңа технологияларды қолданаотырып оқушының пәнге дегенқызығуларын арттыру және білім сапасынжақсарту. Мемлекеттік құжаттарда «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аударуқажет» дегеніндей, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетінбілімді ұрпақты тәрбиелейміз. «Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттыдықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Инновация көпсалалы, кең қолданыста. Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениет танушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады. Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық шарттарға байланысты. Педагогикалық шарттарға, ең алдымен, педагогтің дербес ерекшеліктері: тұлғалық даралығын, мәдениеттілігін, қызығуын, т.с.с.жатқызуға болады. Сонымен бірге, оқушылармен қарым- қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ерекше мәнге ие болады. Сабақты оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар- дың көптеген түрлерін пайдаланаотырып сабақ өткізуге болады.