Бағалау технологиясы – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Критерий – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі.
Формативті бағалау – оқыту үрдісіне алғашқы кезендердегі өзгеріс еңгізетін мақсаттағы бағалау, оқушыны жетістікке жетелеу.
Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру сапасы– қоғамдағыбілім беру үдерісінің күйі мен нәтижелігін, оның жеке адамның адамзаттық, тұрмыстық және кәсіби біліктілігін дамытудағы және қалыптастырудағы қоғам қажеттілігі мен үмітіне сәйкестігін анықтайтын әлеуметтік категория.
Білім беру сапасынжетілдіру –білім сапасынжүйелер ретінде қарастыру және маңыздысы білімді дербестендіру, оны дамытуға жағдайлар жасау.
Білім беру сапасын басқару – қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатынбілім берудің маңыздыбелгілерінің жиынтығы.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру
Оқыту сапасын бақылау – алған білімдердің тереңдігі, оларды стандартты және жаңа жағдайларда қолдану машықтары.
Педагогикалық мониторинг – бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Білім сапасын анықтауда мониторинг жүргізу – білім сапасы жөнінде әртүрлі ақпарларды жинақтау, өндеу, жүйелеу, терең сараптама жасау,бағалау, тұжырымдау, оны алдағыуақытта оқу үдерісінжақсартуға, дамытуға және оқу- тәрбие үдерісін де кеткен кемшіліктерді түзетуге, сондай-ақ жобалау,құру, сол мақсаттарда жағдайлар жасау.
Білім беру үдерісіндегі кері байланыс – оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру.
Инновациялықәдіс – нақты қойылған мақсатқажетуде ойға алынғанжаңа нәтиже.
Инновациялықіскерлік – жаңашыл идеяларды, жаңашыләдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие үрдісінде өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім дәрежесінде байланысты енгізу.
Білім менеджері – жеке тұлға ретінде өзін-өзі үздіксіз дамытушы, кәсіби басқарушылық-педагогикалық қызметті шығармашылық жағынаніске асыруға қабілетті маман.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе əрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.
Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушыныңоқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнынжәне меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама.
Ортақ тақырып – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Оқыту үдерісінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын,білімдерінің сапасын, білік пен дағдыкөлемін анықтайтын құрал.
Тоқсандық жиынтықбағалау – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізугеқойылатын талаптар. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі(тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.
Оқыту сапасы – білім беру үдерісіне қатысушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын оқытушының үнемі жақсартып отыратын білім беру қызметінің деңгейі.
Оқыту сапасын бағалау – мазмұны мен формалары бойынша икемді қызмет аспектілері кіретін процедура.
Функционалдық сауаттылық – адамның мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі.
Интерпретация – қызығушылық тудыратын ерекше дағдылар, көзқарастар немесе кейде логикалық қорытынды.
Сыни ойлау – әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы.
Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.
Реализация– оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, тарихи терминді сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.).
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау.
Мониторинг– күрделіпедагогикалық құбылыс, бағалаумен білім сапасын бақылау механизмі, белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы талдамалар.